Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет297/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   395
1 сурет – Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері


201
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
проблемалық  несие  негізінен  кез  келген  елдің 
банк жүйесінде бар. Бірақ оларда проблемалық 
несиенің мөлшері бізге қарағанда едәуір аз. Егер 
де  проблемалық  несиенің  мөлшері  1-2  пайыз 
болса, онда бұл жүйе жақсы деңгейде жұмыс іс-
теп жатыр, яғни жағдай қалыпты деп есептеуге 
болатын жағдай. 
Біздегі  қарыз  мөлшерінің  8  пайызға  дейін 
өсіп кетуі, еліміздің осы жағдайға көбірек көңіл 
бөліп,  реттеуді  қажет  етеді.  2008  жылдан  бергі 
жалғасқан қаржылық дағдарыс әлі де өз әсерін 
тигізіп келеді. Оның үстіне 2017 жылғы деваль-
вациялық үдерістердің нәтижесі де көп адамның 
несиені өз уақытында қайтара алмауына әкеліп 
соқты. Ол кезде не мәселе болды? Біздің нарық-
та  банк  жүйесіде  шетелдік  валютамен,  әсіресе, 
АҚШ  долларымен  көбірек  несие  беріп  келген. 
Доллар құнының 180-188 теңгеден 330-340 тең-
геге  өсіп  кетуі  несие  қайтарушы  тұлғаларға  екі 
еселеп күш салып жіберді. Жалақы көлемі, яғни 
халықтың  алатын  табысы  өскен  жоқ,  бірақ  не-
сиенің мөлшері екі есеге өсіп кетті. Сол себептен 
доллармен есептелетін несиелерді мемлекеттің 
тарапынан реттеп, көмектестік делінгенген жағ-
дай  болғанымен  де,  бәрібір  банктен  түгелімен 
алып тасталған жоқ. Яғни, табыс тауып отырған 
тұлға  бұрынғы  уақытқа  қарағанда  екі  еселеп 
қайтару  жағдайына  душар  болып  қалды.  Бұл 
экономикадағы өте қиын жағдай. Кейде осындай 
девальвациялық үдерістер мемлекеттің тарапы-
нан жасырын түрде жүргізіледі. Ондай жағдайды 
жариялап айтпайды. Бұл да өз кезегінд әлемде 
бар тәжірибе болғанымен, халыққа зиянын тигі-
зіп отырғаны рас.
Жалпы,  банктік  жүйеде  осындай  пробле-
малық  несие  мәселесін  реттеу  үшін  мемлекет 
тарапынан  2016  жылы  250  миллиард  теңгедей 
қаражат бөлінді. Ол уақытта жалпы берілген не-
сиенің 33 пайыздан астамы қайтпай тұрған жағ-
дайда болған. Ол біртіндеп 22 пайызға дейін тө-
мендеп, қазіргі таңда 2019 жылғы ресми статис-
тика бойынша 8 пайыз деп белгіленген. Қазіргі 
таңда  жалпы  берілген  несиенің  осы  мөлшері 
қайтарылмай тұр. Қазақстан егеменді ел болып, 
нарықтық қатынастарға көшкелі көп уақыт бол-
ған  жоқ.  Сондықтан  да  біздің  кеңес  өкіметінен 
келген  халқымыз  үшін  несиені  тегін  беріп  жат-
қан қаржы сияқты болып қабылдады. Осындай 
жаңсақ  түсініктер  нәтижесінде  несиені  қайтару 
қабілетін бірден жойып жібереді. Яғни, көптеген 
азаматтар несиені қалай алу керек, оны өз кезе-
гінде қалай пайдаланып, қайда жұмсау керекті-
гін алдын ала білуі керек. Егер қарыз алушының 
несиелік тарихы өте жақсы болса, болашақта кез 
келген уақытта төмен пайызбен несие алу мүм-
кіндігі бар екендігін көбісі түсіне бермейді. Әдет-
те жастарымыз, кей жағдайда үлкендер жағы да 
өздерінің мүмкіндігіне, несиені қайтару қабілеті-
не толықтай қарамай үлкен сомада несие алып 
қояды. Бұл әлі де біздің қаржылық сауаттылығы-
мыздың төмен екендігін көрсетіп тұр. 
Банктердің пайыздық үстемақысы деген тір-
кесті  көбіміз  түсінбейміз.  Осыны  түсініп  алмай 
көпшіліктің  несиеге  ұрынуы  тоқтайды  деп  ой-
ламаймыз.  Барлығы  «Маған  несие  берді»  деп, 
несие алғанына риза болып кете береді.Несие-
ні  негізіне  жұмыс  істеп  жүрген,  төлем  қабілеті 
бар  кез  келген  тұлға  ала  алады.  Бірақ  та  банк 
немесе  басқа  да  кез  келген  қаржы  институтта-
ры несиені сізге қандай жағдайлармен берейін 
деп отыр? Қандай көлемдегі үстемақымен бер-
мек?  Табысыңыздың  деңгейі  қанша?  Оны  кейін 
қалай қайтарасыз? Несиені алғаннан кейін тура 
бір тегін, қайтарылмайтын ақша сияқты мақсат-
сыз  жұмсап,  артынан  сосын  өкініп  жүреді.  Кез 
келген,  яғни,  алғашқы  рет  несие  алмақ  болған 
тұлға  ұялы  телефон  немесе  теледидар  сияқты 
шағын,  аз  қаражаттық  тұрмыстық  техникадан 
бастағаны  дұрыс.  Кішкентай  көлемді  затты  не-
сиеге сатып алып, оны қайтарып үйрену керек. 
Сонда ғана адам осындай жағдайды өз бойынан, 
жүрегінен  өткізеді.  Несие  деген  не  екенін,  оны 
қалай қайтарылатынын түсінеді. Табысыңыздың 
едәуір белгілі бір бөлігі кетіп қалып жатады. Сон-
дай жағдайда адам несиенің не екенін сезінеді. 
Оны  түсінбей,  сезінбей,  «Мен  –  қызметкермін, 
250 мың теңге айлығым бар» деп бірден 60 мың 
доллардың  үйіне  ұрынса,  алдында  басынан  өт-
кермеген,  тәжірибесі  болмаған  адамға  қиынға 
түсіп кетуі әбден мүмкін. 
Несиені алушы тұлға өзі қаражатты басқару-
шы  болуы  керек.  Ешкімнің  сөзіне,  әртүрлі  үгіт-
насихатына  еріп  ілесіп  кетпеуі  керек.  Банктер 
тарапынан несие беріле береді. Оны қайтаратын 
тұлға өзінің қаржылық жағдайына қарай әрекет 
етуі қажет. Проблемалық несие көлемі бойынша 
бүкіл Еуропа елдерімен салыстырғанда алдыңғы 
қатардамыз. Біздің пайыздық үстемақылар – 25-
35,  тіпті  50  пайызды  құрайды.  Бұл  өте  жоғары. 
Біздегі  пайыздық  үстемақы  көлемінің  жоғары 
болуы негізінен инфляция деңгейінің өте жоға-
ры болуымен байланысты. 
Инфляция  деңгейі  6-8  пайыз  құрайды,  оны 
2020 жылға дейін 3-4 пайызға дейін төмендете-
міз деген жоспар бар. Инфляция деңгейі төмен-
деген сайын банктердің беретін несиесінің үсте-
мақысы азая береді. Елде бір жылдың ішінде 7-8 
пайыз инфляция болып тұрса, сіз банктен несие 
алатын болсаңыз, сол инфляцияның есебінен 7-8 
пайызды  бір  есептейді.  Банктің  қайтпай  қалған 
несиелерінің  есебінен  шамамен  және  де  3  па-
йыз қосылады. Осылайша, 10-11 пайыздан асып 
шыға келеді. Оған және де банктің көретін пай-
дасын қосады. Міне, осылайша, 17-18 пайыз ша-
масына келіп қалады. 
Банкпен  қарыз  шартын  жасасқан  уақыт-
та, қарыз алушы тұлға да, банк те екі жақты да 
ұзақ  мерзімді  және  де  әрдайым  ыңғайлы  бола 
бермейтін  қарым-қатынастарға  дайын  болуы 
керек. Келісім-шарт жасалғанға дейін, яғни, қа-


202
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
жетті тараптарға қол қойылғанға дейін әлеуетті 
қарыз алушы тұла қарыз алудың барлық шарт-
тарын мұқият оқуы керек. Бұл дегеніміз соманы, 
мерзімді,  пайыздық  мөлшерлемелерді  және  де 
комиссияларды  нақтылап  белгілеу  тұрғысынан 
ғана емес, сонымен бірге тараптардың құқықта-
ры мен міндеттеріне де, келісім-шарт жасасу ке-
зінде де, белгілі бір қарастырылмаған оқиғалар 
болған жағдайда да маңызды болады.
Банктер  туралы  Заңның  36-бабында  қарас-
тырылған,  міндеттемелерді  орындау  мерзімінің 
өтуі  басталған  күннен  бастап  күнтізбелік  отыз 
күн ішінде, яғни қарыз алушы – жеке тұлға банк-
ке (банк операцияларының жекелеген түрлерін 
жүзеге  асыратын  ұйымға)  баруға  және  өзінің 
банктік  қарыз  шартының  талаптарына,  оның 
ішінде: 
1)  банктік  қарыз  шарты  бойынша  сыйақы 
мөлшерлемесін азайту жағына қарай өзгертуге;
2) шет ел валютасымен берілген банктік қа-
рыз бойынша негізгі борыштың қалдық сомасы-
ның валютасын ұлттық валютаға өзгертуге;
3)  негізгі  борыш  және  (немесе)  сыйақы  бо-
йынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға;
4)  берешекті  өтеу  әдісін  немесе  берешекті 
өтеу  кезектілігін,  оның  ішінде  негізгі  борышты 
басым тәртіппен өтей отырып өзгертуге;
5) банктік қарыз шартының қолданылу мер-
зімін өзгертуге;
6)  мерзімі  өткен  негізгі  борышты  және  (не-
месе) сыйақыны кешіруге, тұрақсыздық айыбы-
ның  (айыппұлдың,  өсімпұлдың)  күшін  жоюға 
байланысты  өзгерістер  енгізу  туралы  өтінішін 
негіздейтін банктік қарыз шарты бойынша мін-
деттемелерді орындаудың мерзімі өтуінің туын-
дау себептері, кірістер және басқа да расталған 
мән-жайлар  (фактілер)  туралы  жазбаша  өтініш 
ұсынуға құқылы. [Қазақстан Республикасындағы 
банктер  және  банк  қызметі  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 
2444 Заңы (04.07.2018 ж. Өзгеріс пен толықтыру-
лармен)]
Жоғарыда аталып көрсетілген заңнамаға сәй-
кес  жауап  берудің  ең  соңғы  мерзімі  бекітілген 
–  Қарыз  алушы  субъектінің  жазбаша  өтінішін 
алған күннен соң күнтізбелік он бес күн ішінде 
банктік  қарыз  шартының  талаптарына  ұсыныл-
ған өзгерістерді қарайды және қарыз алушыға:
1) банктік қарыз шартының талаптарына ұсы-
нылған өзгерістермен келісетіні;
2)  банктік  қарыз  шартының  талаптарын  өз-
герту бойынша өзінің ұсыныстары;
3)  банктік  қарыз  шартының  талаптарын  өз-
гертуден  бас  тарту  себептерінің  уәжді  негізде-
месін көрсете отырып, осындай бас тарту тура-
лы жазбаша нысанда хабарлайды. 
Банк  тарапынан  қарыз  алушы  тұлғаға  сай 
келетін шешім қабылдауға міндетті емес екенін 
атап өту қажет. Қарыз алушы субъектінің қайта-
лынатын ауызша өтініштері, банктің филиалына 
немесе филиалына бару несие шарттарына өз-
геріс енгізу туралы ресми өтініш болып табыл-
майды,  себебі  ҚР  Банктер  туралы  заңда  қарыз 
алушы субъектінің тарапынан банкке несие беру 
шарттарына өзгеріс енгізу бойынша шешім  қа-
былдау туралы жазбаша өтініші көзделген.
Қарыз алушы  субъектінің мүдделері банктің 
төлем талаптары болған жағдайда қалай қорға-
лады? Банктер туралы Заңның 36-бабы 2-тарма-
ғының 1) тармақшасына сәйкес, Төлем талабын 
ұсыну  арқылы  банктік  қарыз  шарты  бойынша 
қарыз  алушы  жеке  тұлғаның  берешегін  өнді-
ріп алу оның банк шотындағы ақша сомасының 
және (немесе) кейіннен Қарыз алушы субъекті-
нің банк шотына түсетін әрбір ақша сомасының 
елу пайызы шегінде шектеледі және төлем тала-
бын толық орындау үшін қажетті барлық сома-
ның банк шотына түсімдері күтілместен жүзеге 
асырылады.  Көрсетілген  шектеу  қарыз  алушы 
жеке  тұлғаның  жинақ  шотындағы  ақшаға  қол-
данылмайды;  [Қазақстан  Республикасындағы 
банктер  және  банк  қызметі  туралы»  Қазақстан 
Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 
2444 Заңы (04.07.2018 ж. Өзгеріс пен толықтыру-
лармен)]
Бұл  құқықтың  төмендегідей  шектелгенін  ес-
керу  қажет:  Қарыз  алушы  субъектінің  кез-кел-
ген  банктік  шоттарында  (егер  осындай  жинақ 
банктік заем шартында көзделсе), қарыз алушы 
тұлғадан төленген жәрдемақылар мен әлеумет-
тік төлемдер түрінде алынған қаражатты қоспа-
ғанда, қарыз алушы субъектінің өтініші негізінде 
ашылған банктік шоттардағы мемлекеттік бюд-
жеттен,  нормативтік  құқықтық  актісінде  белгі-
ленген  тәртіппен  белгіленген  уәкілетті  орган, 
сондай-ақ тұрғын үй жәрдемақы.
Қарызды коллекторлық агенттікке аудару ба-
рысында  қарыз  алушы  субъектінің  мүдделері 
келесідей  көрсетілген:  берешек  коллекторлық 
агенттікте  сотқа  дейін  өндіріп  алуда  және  рет-
теуде  болған  кезеңде  банк  операцияларының 
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым сот-
қа  берешекті  өндіріп  алу  туралы  талап  қойып 
жүгінуге және берешек коллекторлық агенттікте 
жұмыста болған кезеңде есепке жазылған сыйа-
қыны төлеуді талап етуге, сондай-ақ негізгі бо-
рышты және сыйақыны уақтылы өтемегені үшін 
көрсетілген кезеңге тұрақсыздық айыбын (айып-
пұлды, өсімпұлды) есепке жазуға құқылы емес; 
[Қазақстан  Республикасындағы  банктер  және 
банк  қызметі  туралы»  Қазақстан  Республика-
сының 1995 жылғы 31 тамыздағы № 2444 Заңы 
(04.07.2018 ж. Өзгеріс пен толықтырулармен)]
Карыз  алушының  коллекторлық  агенттікке 
өтініш  беру  құқығы  «Коллекторлық  қызмет  ту-
ралы»  Заңының  6-бабында  көзделген:  борыш-
кер  –  жеке  тұлға  және  (немесе)  оның  өкілі  өз-
деріне (өзіне) коллекторлық агенттік хабарлаған 
күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде банктік 
қарыз шартының немесе микрокредит беру ту-


203
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ралы шарттың талаптарын өзгерту туралы жаз-
баша  өтінішпен  коллекторлық  агенттікке  жүгі-
неді.  Жазбаша  өтініште  борышкердің  жазбаша 
өтінішін қарау және оның банктік қарыз шарты 
немесе  микронесие  беру  туралы  шарт  бойын-
ша міндеттемелерін жүзеге асыру үшін өз қара-
жатының  жеткілікті  деңгейде  екендігін  анықтау 
үшін кредиторға қажетті банктік қарыз шарты-
ның немесе микронесие беру туралы шарттың 
талаптарына  өзгеріс  енгізу  туралы  өтінішхатқа 
негіз болған берешектің туындау себептері, бас-
қа да орын алған расталған мән-жайлар (факті-
лер) туралы мәліметтер ашылады, сонымен қа-
тар білімі, кірістер және шығыстар көлемі, отба-
сы құрамы (мүшелері), тұрғылықты жері, мүлкі-
нің бар немесе жоғы туралы анық ақпарат, басқа 
да  мәліметтер  беріледі  [«Коллекторлық  қызмет 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2017 
жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ]. 
Егер Қазақстан Республикасының қабылдан-
ған заңдарында немесе банктік заем шартымен 
басқаша  көзделмесе,  банк  карыз  алушы  тұл-
ғаның  келісімі  болмай  банктік  заем  шарты  бо-
йынша құқықты (талапты) беруге құқылы емес. 
Бұл үшін келісім-шартты жасасуға дейін, алдын 
ала ұсынылған келісім-шартты толықтайн оқып 
шығып, егер де сұрақ туындаған жағдайда, банк 
қызметкерінен қажетті жауап алуды талап ету.
Ақпараттың  анықтығына  қарамастан,  қарыз 
алушы субъектінің төлемі немесе ұсынылған тө-
лем өтінімінен алынған төлем бола ма, егер жеке 
тұлғамен жасалатын банктік заем шарты бойын-
ша  қарыз  алушы  төлеген  сома,  егер  ол  Қарыз 
алушы  субъектінің  онымен  байланысты  емес 
тұлғаның  ипотекалық  несие  келісімі  бойынша 
міндеттемелерін  орындауға  жеткіліксіз  болса, 
алынған  сома  болып  табылады,  Қарыз  алушы 
субъектінің қарызын келесі тәртіпте өтейді:
1) сыйақы бойынша берешек;
2)  ипотекалық  қарызды  беруге  және  оған 
қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен 
өзге де төлемдер бойынша берешек;
3) тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл);
4) төлемдердің ағымдағы кезеңі үшін есепке 
жазылған сыйақы;
5)  ипотекалық  қарызды  беруге  және  оған 
қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен 
өзге де төлемдер;
6)  банктің,  банк  операцияларының  жекеле-
ген  түрлерін  жүзеге  асыратын  ұйымның  орын-
дауды алу бойынша шығасылары;
7) негізгі борыш бойынша берешек;
8)  төлемдердің  ағымдағы  кезеңі  үшін  негізгі 
борыш сомасы;
Жоғарыда  аталған  өтемділік  рәсімі  осы  рә-
сімдерді  жүзеге  асырғанға  дейін  бұрын  жасал-
ған шарттарға да қолданылады – яғни, 02.07.2018 
дейін, бірақ мерзімі өткен берешектің 02.07.2018 
ж.  (Қазақстан  Республикасының  2018  жылғы  2 
шілдедегі  №  168-VІ  «Қазақстан  Республикасы-
ның  кейбір  заңнамалық  актілеріне  валюталық 
реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйым-
дарының қызметін тәуекелге бағдарланған қада-
ғалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың 
құқықтарын қорғау және Қазақстан Республика-
сы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселеле-
рі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу 
туралы»)осыған  сәйкес  «Қазақстан  Республика-
сындағы  банктер  және  банк  қызметі  туралы» 
Заңға  өзгерістер  енгізілді.  [«Коллекторлық  қыз-
мет  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы 
2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ]
Айта  кететін  жайт,  бір  жүз  сексен  (180)  күн-
тізбелік күннен кейін есептелген қарызды беру 
және  қызмет  көрсету  бойынша  комиссиялар 
және де басқа да төлемдер негізгі қарыз бойын-
ша төлемдердің кез келген төлемін өтеу және /
немесе  жеке  тұлғаның  ипотекалық  тұрғын  үй 
заемы бойынша сыйақы төлеу бойынша міндет-
теменің орындалуының кешіктіргенін, кәсіпкер-
лік қызметпен байланысты емес және де жоға-
рыда  аталған  заң  күшіне  енген  уақытқа  дейін 
ақы төленбесе, қайта есептеуге жатпайды.
Қазіргі  таңда  медиация  туралы,  келісім  жа-
сасу  сияқты  дауды  шешу  құралы  белсенді  түр-
де  пайдаланыла  бастады.  Медиацияның  әрбір 
сатысында сот әлі шешім қабылдаған жоқ бол-
ған жағдайда банк тарапынан сотқа талап-арыз 
берген кезде қолдануға болады. Егер де келісім 
рәсімі  қатысушы  барлық  тараптардың  (банк  – 
кредитор, қарыз алушы, тең қарыз алушы, кепіл 
беруші) келісімімен сот арқылы жүзеге асырыл-
ған болса, сот сондай-ақ медиатор бола алады.
«Медиация  туралы»  Қазақстан  Республика-
сының  Заңында  жеке  тұлғаның  медиатор  қыз-
метін жүзеге асыру көзделген. Банктік қарызды 
қайтару туралы дауларда шешуде медиация ту-
ралы келісімді жасаудың негізгі мақсаты – жағ-
дайды  шешу  және  де  талап  арызды  қарастыру 
үшін  банк  төлеген  мемлекеттік  бажды  қайтару 
болып табылады «Медиация туралы» Қазақстан 
Республикасының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 
401-IV Заңы]. 
Жоғарыда  қарастырлғанды  ескере  отырып, 
банктік заем шартын жасасқан кезде оны мұқият 
және тиянақты қарау керек, себебі қарызды өз 
уақытында өтеу туралы міндеттемелерді орын-
дамау  аса  қиын  жағдайларды  тудыруы  мүмкін, 
мысалы,  банкке  өтініш  беру  негізінде  банктің 
несиені  өтеу  кестесін  өзгерту  туралы  ұсынысы 
қарыз  алушы  субъектінің  үміттерін  қанағаттан-
дыра алмайды және де керісінше. Сол себептен 
қаржылық жағдайдың нашарлау белгілері неме-
се болашақ уақытта болмаған немесе табыстың 
төмендеуіне  байланысты,  әрине,  қарыз  алушы 
банктің  қарыз  алушысына  қызмет  көрсетудегі 
күрделі  жағдайды  және  қаржы  қиындықтарын 
растайтын құжаттарды қоса беруі тиіс.
Бұндай  жағдай  шетелдік  тәжірибеде  де  бар. 
Мәселен,  Чехияда  2018  жылдың  1  қаңтарынан 


204
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
бастап несие бойынша жоғары көсеткішті 45 па-
йызға теңестірді. Бұл ипотека беретін кезде не-
сиені алу үшін жеке капитал көлемін арттыруға 
және де бөлшек несие бойынша ортақ қордың 
көлемін көбейтуге мүмкіндік береді екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет