Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет45/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кәсіпкердің  әлеуметтік  рөлін  өзіне  қабылда-
ған азаматта адамның және азаматтың құқықтық 
мәртебесінің  түрі  өзгереді,  себебі  конституция-
лық-құқықтық  нормалар,  бұл  жағдайда  азамат-
тық,  әкімшілік,  салық,  қылмыстық  заңнамалар-
дың оған экономикалық қызмет субъектісі және 
сонымен  қатар,  арнайы  міндеттер  орындауға 
мүмкіндік  беретін  құқықтық  ережелерімен  то-
лықтырылады. Нәтижесінде кәсіпкер арнайы құ-
қықтық мәртебені иемденеді, оған кәсіпкерлік са-
лада заңға бағынушылық көрсету жауапкершілігі, 
экономикалық қызметтің бұл түрін регламенттей-
тін заңдарды сақтау міндеті жүктеледі, ал ол та-
лаптарды құқық бұзушылық формасында орын-
дамау – теріс зардаптарға алып келеді [Егоршин 
М.В., 2000 -78].
Заң  шығарушы  кәсіпкердің  нормативтік-құ-
қықтық  мәртебесін  конституциялық,  азаматтық-
құқықтық,  әкімшілік,  салық  және  қылмыстық 
нормалардың өзара байланыс жүйесі деп қарас-
тырып,  оның  өзіне  берілген  өкілеттілікті  жүзеге 
асыру  және  жүктелген  міндеттерді  орындау  ке-
зінде көрсететін заңды іс-қимылдарының үлгісін 
жасауға тиісті деген идея көңілге қонарлық.
Кәсіпкерлердің заңдық жауапкершілігінің мұн-
дай ерекше қасиеттері жасалу фактісі қорғаушы 
құқықтық қатынастарды тудыратын құқық бұзу-
шылықтармен байланысты, оның шегінде мемле-
кет құқық қорғаушы кәсіпкерге тиісті құқық қор-
ғау  нормасының  санкциясы  шегінде  мәжбүрлеу 
қолдануға  құқылы,  ал  аталған  адам  заңда  бел-
гіленген  құқықтық  процедура  сақтала  отырып, 
мемлекеттік мәжбүрлеу шарасына ұшырауға тиіс.
Кәсіпкерлер жауапкершілігінің басты ерекше-
лігі сонда, олар жасайтын құқыққа қарсы іс-әре-
кет құқықтың әр түрлі саласындағы тыйымдарды 
бұзады.  Бұл  аралас  құқық  қарсылық  сияқты  құ-
қықтық  құбылысты  тудырады.  Кәсіпкер  шаруа-
шылық-құқықтық  (кәсіпкерлік-құқықтық)  әре-
кеттің субъектісі деген де пікір бар. Кәсіпкерлер 
жауапкершілігі  инстиутының  кешенді,  салалара-
лық екендігін ескерсек, олар азаматтық-құқықтық 
та, әкімшілік-құқықтық та әрекеттердің, қылмыс-
тардың  субъектісі  бола  алады  [Пилипенко  В.Ф., 
1999 -202].
Кәсіпкерлік-құқықтық  әрекеттің  объектісіне 
азаматтың заңдармен реттелетін және қорғала-
тын мүліктік қатынастарды, сондай-ақ, әкімшілік 
және  қылмыстық  заңдармен  реттелетін  және 
қорғалатын,  сол  әрекет  зиян  келтірген  немесе 
келтіруі мүмкін өзге құқықтық қатынастарды жат-
қызуға болады.
Азаматтық кодекстің 20-тарауында («Міндетте-
мені бұзғандық үшін жауапкершілік») заң шығару-
шы азаматтардың мүліктік жауапкершілігін, заңды 
тұлғалар жауапкершілігін регламенттейді, сондай-
-ақ  міндеттемені  бұзғандық  үшін  жауапкершілік 
институтын құрайтын құқықтық нормалар жүйе-
сін қарастырады [Алауханов Е.О., 2006 -109].
П.А. Скамницкий көрсетіп отырғандай, шаруа-
шылық-құқықтық  (кәсіпкерлік-құқықтық)  теріс 
қылықтың  тектік  құрамы  туралы  мәселе  көте-
руге  болады,  себебі  оның  субъектісі  –  кәсіпкер. 
Бұл  ретте  кәсіпкерлік-құқықтық  теріс  қылықтың 
субъектісіне  қатысты  ерекшелік  байқалады,  ол 
кәсіпкерлердің,  заңды  тұлғалардың  күшінде-
гі заңға сәйкес азаматтық, әкімшілік және салық 
жауапкершілігінің  субъектісі  екендігімен  байла-
нысты.  Ал  қылмыстық  жауаптылыққа  қатысты 
алатын болсақ, мұнда қылмыстық жауапкершілік 
қатаң жеке-дара қолданылады және жеке тұлғаға 
қатысты болады деген ереже бар, ал заңды тұл-
ғаларды  қылмыстық  жауапкершілікке  тартудан 
бас тарту әр адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті 
әрекеті үшін жеке жауап беруі принципімен үй-
леседі [Скамницкий П.А., 2000].
Жоғарыда  айтылғандар  авторға,  біріншіден, 
осы  көзқарасты  және  кәсіпкерлік  құқықтың  кә-
сіпкерлік қызмет саласындағы құқық бұзушылық 
үшін  заңдық  жауапкершілік  институты  сияқты 
институттың болуын көрсететін заңгерлерді қол-
дауға мүмкіндік береді. Себебі кәсіпкерлік заңна-
мада туыс құқықтық қатынастарды қоғамдық қа-
тынастардың кәсіпкерлік құқық түріндегі кешенді 
саласының затын құрайтын тобының шектерінде 
реттейтін біртекті нормалары жиынтығының бар 
екендігі көрсетіп тұр, бұл дегеніміз – кәсіпкерлік 
қызметті  жүзеге  асыру  саласындағы  қатынастар 
[Алауханов Е.О., 2008].
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс-
тық  құқық  бұзушылықтарды  саралағанда  тер-
геуші кәсіпкер мәртебесі бар арнайы субъектінің 
белгілерін анықтап, сол адамның ғана емес, оның 
қай  Кодекстің  (Әкімшілік  құқық  бұзушылық  не-
месе  Қылмыстық)  қай  нормаларымен  жауапта-
латындығы  туралы  мәселені  шешу  үшін  өзге  де 
мән-жайларды айқындайды.
Сонымен кәсіпкерлік субъектілерінің құқыққа 
қарсы  іс-әрекет  үшін  заңдық  жауапкершілігінің 
ерекше сипатына бұл адамдарды қылмыстар мен 
құқық  бұзушылықтардың  арнайы  субъектілері 
деп танығандық жатады.
Қылмыс  құрамының  негізгі  элементі  субъект 
екендігін білеміз, ал ҚК-нің 15-бабына сәйкес есі 
дұрыс,  заңда  көрсетілген  жасқа  жеткен,  заңмен 
тыйым салынған іс-әрекет жасап, ол үшін жауап 
бере алатын адам ғана субъект бола алады [Алау-
ханов Е.О., 2012].
Экономикалық  қызмет  саласында  жасалған 
қылмыстар үшін айыпты кәсіпкерлер үлесінің 45% 
екендігін практика көрсетіп отыр. Бұл көрсеткішті 
Қылмыстық кодекстің 190, 214, 244-245-баптары 
бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 


22
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
айыптылар есебіне жатқызуға болады. Олардың 
басым көпшілігі (82,9%-ы) 244-245-баптар бойын-
ша  қылмыстық  жазаға  тартылған.  Ең  азы  –  195-
бап бойынша жазаланғандар. 
Егер кінәлілердің кәсіпкерлік мәртебенің ерек-
шелігіне қарай арақатынасын алатын болсақ, онда 
олардың  арасында  әр  түрлі  шаруашылық  серік-
тестіктерін  басқаратын  лауазымды  адамдардың 
үлесі басым екендігін көреміз (34,1%), ал жеке-дара 
кәсіпкерлер  үлесі  10,9%-ды  құрайды  екен.  Автор 
зерделеген  қылмыстық  істер  бойынша  қылмыс-
тық жауапқа тартылған адамдардың арасында өз 
қызметін тіркеусіз және лицензиясыз жүзеге асыр-
ған  жеке  кәсіпкерлер  ерекше  бөлек  тұр  (19,1%). 
Мұндай айыптылардың басым көпшілігі ҚР ҚК-нің 
190-бабы (59,7%) және 214-бабы (41,3%) бойынша 
қылмыстық жауапқа тартылған [Қазақстан Респуб-
ликасының қылмыстық кодексі].
Бұл  мәліметтер  саралануы  үшін  кәсіпкердің 
құқықтық  мәртебесінің  болуы  сияқты  конструк-
тивтік белгіні анықтауды керек ететін қылмыстар-
ды да кәсіпкердің жасайтындығы көрсетіп отыр. 
Осы көрсетілген мәртебемен ерекшеленетін ар-
найы субъект туралы мәселенің де бұл мәселеге 
қатысы бар.
Кәсіпкерлерді қылмыстық жауапқа тарту прак-
тикасын зерделей келе автор ҚК-нің 8-тарауының 
кейбір  баптары  бойынша  бұл  мәселенің  проб-
лема  жасайтындығын  айтады,  себебі  бұл  жерде 
анықтаушылар,  тергеушілер  және  судьялар  Жо-
ғарғы Сот қаулыларын басшылыққа алады дейді.
Қылмыстық  кодекстің  245-бабы  бойынша 
қылмыстық жауапкершілікке не әр түрлі шаруа-
шылық  жүргізуші  серіктестіктерінің  басшылары, 
не бухгалтер (бас бухгалтер) тартылады екен, се-
бебі, ұйымның нормативтік-құқықтық актілеріне 
немесе құрылтай құжаттарына сәйкес олар салық 
есебін  анықтайтын  мәліметтердің  дұрыстығын 
қамтамасыз етуге, сондай-ақ салық органдарына 
берілетін құжаттарды бекітуге міндетті.
Сонымен  экономикалық  қызмет  саласында-
ғы  қылмыс  құрамын  суреттейтін  диспозицияда 
арнайы субъектіге тікелей сілтеме жасалмаса да 
Жоғарғы  Сот  қаулыларында  қорытылып  жинақ-
талған  құқық  қолдану  практикасы  кәсіпкерлік 
қызмет саласында жасалған іс-әрекеттерді сара-
лауға мүмкіндік береді.
Мұндай  түсініктеме  салық  заңнамасы  заң-
ды  тұлғаны,  қылмыстық  заңдар  жеке  тұлғаны 
жауапкершілік  субъектісі  деп  танитын  жағдай 
үшін аса қажет.
Сонымен  қатар  экономикалық  қызмет  сала-
сында  жасалған  іс-әрекетті  саралау  практикасы 
экономикалық  қызмет  саласындағы  қылмыс  құ-
рамы күрделі болып, ол азаматтық заң нормала-
рына қарсы келген кездерде де маңызды болып 
табылады [Кучеров И.И., 1997].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет