ҚОРЫТЫНДЫ Жүргізілген зерттеу нәтижесінде біздің Қазақ-
стан Республикасы мемлекетінде кәсіпкерлердің
құқыққа қарсы іс-әрекеті үшін қылмыстық жауап-
тылық мәселелері өте даулы және күрделі мәселе
екенін аңғаруға болады.
Қазіргі кезде кəсіпкерлік саласының негізгі ұс-
танымы адамның өмірі мен бостандығы, ең жо-
ғары құндылығы болып саналатыны жауапкер-
шіліктің болуы. Кəсіпкерлік саласында құқықтық
нормаларды бұзғаны үшін жауапкершілікке тар-
тудың басты шарты болып, кəсіпкердің қызме-
тінің оңтайлы жүргізілуі мен заңи талаптар негі-
зінде жүзеге асырылуы. Осыған орай іс əрекеттің
заңға қайшы болу мəселесін шешкен кезде оны
жасаған тұлға жауапкершілікке тартылуы тиіс
екенін де шешіп алу керекті. Бұл құқық бұзушы-
лықтың міндетті элементі болып табылады. Ол
үшін құқық бұзушылық пен заңды іс əрекеттің
ара-жігін ажырату өлшемдерін білу қажет. Кəсіп-
керлік бизнес жекеше жағдай негізінде құрылуы
мүмкін. Дегенменде, қызметтің бұл түрі, көбінесе
адамның жеке басымен – кəсіпкермен байланыс-
ты болып келеді. Соның негізінде жаңа іс қолға
алынып, жаңаенгізілімдіқызметтүрлерініңіскеа-
сырылуы нəтижесінде жүзеге асырылады.
Кəсіпкерлікпен айналысу қызметтерін заңи
тұрғыда жүзеге асыруда жауапкершіліктің ма-
ңызы зор. Сондықтан да, кəсіпкердің мəртебесі
мемлекеттік тіркеуге алу арқылы қуатталып жү-
зеге асырылады. Кəсіпкерлік қызмет түрлері мем-
лекеттік тіркеуден өту қажет, онсыз кəсіпкерлік
қызметке тыйым салынады. Кəсіпкердің еңбегіне
ақы төлеу нысаны, тəртібі мен талаптары шарт-
пен айқындалалып, жеке табысқа салық салыну
негізінде қызмет жүзеге асырылады. Шаруашы-
лық қызметтің барлық түрлері, оларға заңнама-
лық актілерде тыйым салынбаған болса, мысалы,
коммерциялық делдалдық, сату-сатып алу, ин-
новациялық, кеңес беру, тағы басқа қызметтер,
сондай-ақ, бағалы қағаздармен жасалатын опе-
рациялар кəсіпкерлікке жатады.