НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қызығушылықты дамыту және нығайту тәр-
биенің негізгі заңын құрайды және педагогтан
осы қызығуды іс – әрекет үдерісінде біртіндеп
енгізуді талап етеді.Басқа нысандағы қызығу-
шылықтар жеке немесе уақытша сипатта болып
тәрбие үдерісінде кейбір қажетті реакцияларды
тәрбиелеуге қызмет етеді. Мысалы, басқа тіл
үйренуге сол тілдің грамматикасына, жуынуға
басқа да гигиеналық талаптарға деген т.т. Бала-
ны сол грамматикаға немесе жуынуға қызық-
тыру сол іске реакция пайда болғанша ерекше
маңызға ие болады. Ал қалай бұл әрекеттер
дағдыға айналады, сол-ақ екен бұл қызығушы-
лықтарға деген қажеттілік болмай қалады да
біз оның өшуіне жол береміз. Жалпы психоло-
гиялық тұрғыда қызығушылық туындату ереже-
сі мынадай: бізді бір нәрсе қызықтыру үшін, ол
бізді қызықтыратын бір нәрсемен байланысты
болуы тиіс,бізге таныс нәрсемен, сонымен бір-
ге іс- әрекеттің кейбір жаңа нысанын қамтуы
керек, бақаша болса ол нәтижеіз болып қалды.
Мүлде жаңа нәрсе ,мүлде ескі нәрсе сынды бізде
қызығушылық туындатпауы мүмкін. Демек, бұл
нәрсені баланың жеке қатынасын орнату үшін,
балаға оны үйренуді өзінің ісі етіп қалдыру ке-
рек, сонда біз табысқа жетеміз. Балалық қызығу-
шылық арқылы жаңа балалық қызығушылыққа
үндеу [Выготский Л.С., 1991].
Бұл қызығушылық факторы жоғары оқу ор-
нында да студенттердің сабаққа ынтасын артты-
руда да өз маңыздылығын еш кемітпейді.Соны-
мен бірге интеллектуалдық әлеуеттің мағынасы-
на негізделіп, студенттік кезеңде оның жетілуіне
әсер етуші психологиялық тетіктер ретінде біздің
пайымдауымызша, кешенді негізін құраушы ол
рефлексиялық тетік деп білеміз. Өйткені, реф-
лексия кезінде, студент- өзінің зияткерлік шама-
сын, мүмкіндігін ұғынады және мұны саналуан
іс-әрекетте барысында іске асыруға ұмтылады.
Рефлексиялық тетік негізінде студенттің дайын
нәрсені пайдалану іс-әрекеті креативті іс-әре-
кетке ауысады, мұның нәтижесі «Мен» бейнесін
жасауға әсер жасайтын студент санасында түбе-
гейлі өзгерістер туындатады.Бұл тетіктің толық-
қанды мәнін ашпас бұрын рефлексия ұғымын
жан-жақты зерттеу сараптау қажет сынды. Зият-
керлікке бейімделу ең алдымен көңл-күйді осы
бағытта қолайлы күйге ендіріп іштей осы әрекет-
ке өзін-өзі бағыттап іске кіріспес бұрын-ақ осы
істен рухани қанағат алатынын ойлап өзін пси-
хологиялық дайындау. Осындай психологиялық
дайындықты рефлексия ұғымымен астастырады.
Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда көрініс
деген сөз, мұның негізі ойлау, шүбәлану және
қарсылық; жеке басының ерекшеліктеріне тал-
дау жүргізу; субъект тарапынан ой-қ орытынды-
сын жасау [Сластенин В.А., 2002].
Рефлексия студенттің жеке басындағы алаң-
даушылығын, ойын, эмоциясын бір қалыпты
күйге ендіру, көңіл-күйін оң бағытта бейімдеу
қабілетін көрсетеді. Сол арқылы өзін-өзі баға-
лап, өзінің іс-қимылына талдау жасау мүмкіндігін
алады [Сластенин В.А., 2002].
Ильин В.С. рефлексияны студентердің жан
жүйесін ұйымдастырудың және жетілдірудің қа-
ғидалары деп көрсетеді [Ильин В.С., 2004]. Реф-
лексия құбылысының анықтамалары:
– рефлексия өмірдегі ақиқат пен тіршіліктің
басты нүктесі ретінде;
– рефлексия – бұл студенттің санасы мен
өзіндік санасын толықтырушы, оны түзуші тетік;
– рефлексияның пайда болуы студенттің ішкі
әлемінің өзгерісті жаңаруымен байланысты.
«Рефлексия студент-психологтың субъектив-
тілігінің функционалды жағы,мұның негізінде
студент өзі мен оның ішкі дүниесі өзгеріске түсе-
ді.Рефлексия өзін-өзі танумен шектелмейді, сон-
дай-ақ адам бойындағы тану, соған орай әрекет
ету қабілеттерін жетілдіруге ықпал етеді. Реф-
лексияны жаңалық көзі деп атап, өзін-өзі тану,
өзін-өзі жетілдіруге ықпал ететін қызметтерді
атқарады деп таниды. Рефлексияға бейімдел-
ген адам мәдениетке жақын келеді, ондай адам
әрекетті асыра орындауға, сол арқылы өзін-өзі
тануға талпынып тұрады. Сондықтан рефлексия
– бұл өзініңбойынан «рухани болмысты» іздеуге
бағыттайтын жол, яғни өзінің ішкі мүмкіндікте-
рін тануға апаратын жол. Қазіргі білім беру жағ-
даяттарында оқытушыдан рефлексиялық қабі-
летті талап етеді, себебі, бұл қабілет кәсіби са-
паны жетілдіру үшін маңызды болып табылады»
– деген пікірлерде бар [Ильин Е.П., 2002].
Рефлексия кәсіби оқу іс-әрекетінде педагог-
тың зияткерлік әлеуетін жетілдіруде маңызды не-
гізгі құрал болып саналады. Зерттеуші ғалым Б.Г.
Ананьевтің атап көрсеткеніндей, рефлексия мен
өзін-өзі рефлексиялау ғұмырлық және кәсіби
мақсаттармен, түрлі құндылықтармен, кәсіби
оқытудағы қалыптастырушы факторлармен те-
рең үйлесімді [Ананьев Б.Г., 2016]. Бұл рефлек-
сиялар студенттің кәсіби оқу үдерісіндегі дамуын
бақылайды және өзін-өзі қалыптастырушы,әрі
тәрбиелеуші функцияларын атқарады. Бұл та-
раптан алғанда студент өзін жетілдіруде интел-
лектілік қабілетті дамытуда өзіне жүргізілетін
рефлексияға ұмтылысы, ықыласы болуы қажет.
Сонымен өз бетінше зияткерлік, креативтілік қа-
білеттерін үнемі дамыту студент үшін табиғи құ-
былыс ролін атқарады. Әйткенмен бұл жетістік-
65
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
ке кәсіби білімсіз, рефлексиялық іс-әрекеттерді
меңгермейінше жету мүмкіндігі жоққа тән.
Зерттеуші Н.М. Борытконың атап көрсет-
кеніндей, студент өз бойындағы рефлексивті
әрекеттерін дұрыс жүргізу арқылы тәжірибеде
түсінген, меңгерген кәсіби білім мазмұнын прак-
тикада дұрыс пайдалана білу әдістерін, толық
танып-біле алады. Мұның салдарына өзіне сыни
тұрғыдан қарап, олқылықтарын дұрыстауға, жі-
берген қателерді қайталамауға үйренеді. Өзіндік
сынның нәтижесі осы сәтте де, өткен сәтте де,
келешекте да студенттті дербес белсенді субъ-
ект етіп тәрбиелейді. Болашақ маманды дамыту-
дың басты тетігі рефлексивті іскерлік болып та-
былады Іскерліктің осынау түрі студенттің кәсіби
тұрғыдан ойлау қабілетін, кәсіби-психологялық
функциясын дамытуға көмегін тигізеді» [Ильина
Т.А., 2005]. Сонымен, рефлексия студенттің зият-
керлік шама-шарқын жетілдірудің бірден-бір
тетігі, әрі кәсибі оқытуды қалыптастыруда сын
тұрғысына талдап, нақты бағалау, өзін-өзі іске
асыруға, кәсіби маман ретінде өз ісінің шыңына
жетуге жол салады.
С.С. Степанов рефлексия механизмін субъ-
екттің санасын қайта құруы деп қарастырады.
Сонымен қатар, аталмыш үрдістің жүзге асуы-
ның бес кезеңдерін көрсетеді:
1) проблемалық-кикілжің жағдаятта субъек-
тінің мәндік «мен» құрылымының актуализация.
2) іс-әрекет шаблондарын және тәжірибенің
әртүрлі стереотиптерін сынақтан өткізуде ак-
туалды мәндердің жойылуы;
3) тұтас «менімен» өзін және проблемалық-
кикілжіңді жағдаятты түсіну арқылы пайда бол-
ған қарама-қайшылықтарды конструктивті жеңу
қағидаларының жаңашылдығы;
4) жаңа туындаған тұтас мәнді өз тәжірибесі-
нің мазмұны арқылы жүзеге асыру және проб-
лемалық-кикілжіңді жағдаяттың қарама-қайшы-
лықтарын адекватты түрде жеңу» [Степанов С.С.,
2009].
Осы пікір біздің зерттеу контекстінде түзіледі,
аталмыш кезеңдер тәжірибелік дәрістерде сту-
денттердің саналуан проблемалық жағдаяттар
мен өзіндік жұмыстарды жасағанда іске асады.
Демек, студенттің санасын, кәсіби білім алуда-
ғы іс-әрекетін, коммуникациясын, шынайы мі-
нез-құлқын студенттің дүниеге деген біртұтас
қатынасының мәнін қайта пайымдау және қайта
жасау. Бір сөзбен айтар болсақ бұл тетіктің ең
жоғары деңгейінің көрінісі студент – өзінің кәсі-
би оқу әрекетінің нәтижесін айқындауға дәл сол
сәттегі және келешете болуға тиіс әрекеттерді
себептерін болжамдауға бейімделеді. Кәсіби оқу
үйрену іс –әрекетін барлық ұсақ деталдарына де-
йін жоспарлау және оның мүмкін салдарын жо-
балау тән.бұл рефлексия тетігінің орташа деңгей-
де бұл құбылыстың анық көрінісі студенттің өз
іс-әрекеті мен қатар басқа студенттердің ісін
талдауға, салдарын анықтауға, оқу әрекетін жос-
парлап, болжау бейімділігінде көрінеді. Төмен
деңгей – студенттің өзің кәсіби оқуәрекеті мен
басқа студенттердің әрекетін талдауға, себеп-
салдарын анықтауға аса қызығушылығы бол-
майды. Бұл деңгейде студенттің шешім қабыл-
дауы шектеулі эмоционалды біржақты болады.
Біздің пікірімізше, рефлексиялық тетік көрінісінің
жоғары деңгейі студенттің зияткерлік қуатының
жоғары деңгейін көрсетеді, себебі, әдеттен тыс
жағдаяттарда, ақыл-ой ағыны, ізденушілік, инт-
теллектуалды кедергілер кезінде рефлексиялық
тетік жағдаяттың негізгі түп тамырын түсініп, оны
оңтайлы шешімін табуға жол сілтейді. Рефлексия
құндылығының маңыздылығы сонда ол студент-
тің оқу іс әрекетінің барысында болып жатқан
қаұбылыстардың ескісін өзгертіп жаңасын құ-
руға деген жасампаз күшке ие. Студенттік шақта
болашақ маман өзінің рефлексиялық әрекет-
терін бағалайды, өйткені оның мазмұнында өзі
және өзінің қабілеттері бар,. Осынау жастық жі-
герлі кезеңде өзін келешекте жүзеге асыру үшін
болашақ маман өз әлеуеті мен бойында бар қа-
білеттерін қай салаға арнайтынын шешеді.Реф-
лексия барысында студент өзін және өзінің іс-ә-
рекетін толық бағалайды.
Осындай құнды пікірді Л.И. Божовичте айтқан:
өзін-өзі бағалау психологиялық дамуда маңызды
қызмет атқарады және тұлғаның қалыптасуында
басты фактор ретінде саналады [Божович Л.И.,
2008]. Өзіндік баға студенттің кейбір сапалық
ерекшеліктерін, қабілеттерінің даму деңгейлерін
айқындауға мүмкіндік береді. Бағалауға қабілет-
тілік өзінің іс-әрекетін деген қанағаттану, өзін ба-
қылау, зиятты студенттің өзінің кәсіби оқуға деген
қабілеттеріне, соның негізінде өзіне деген өз ісіне
деген сенім қалыптасуын орнықтырады Шынын-
да, қазіргі білім берудің міндеті ұрпақтан-ұрпаққа
түрлі ғылым иелеріне де назар аударылады. Осы-
ның ықпалымен болашақ маманның моделін жа-
сау барысында мынадай көрсеткіштер сапалық
ерекшелік ретінде талап етіледі:
1. Функционалды сауаттылық- студенттің оқу
барысындағы деңгейі деп түсініледі, жаңа заман-
ға сай белгілі бір іс-әрекеттерді атқара алу үшін
өмір сүріп отырған кезеңде жахандану дәуірінде
талап етілетін және сонымен қатар қажетті білім-
дерді, ақпарттық технология мен ғылым, техника
саласында, өнер әлемінде және т.б. мәліметтер
қорын білуі мен меңгеру білігін қамтиды.
2. Кәсіби білімдарлық – кәсіби саладағы қа-
жетті кең ойлау жүйесінің және саналуан мә-
селелерді ұғына алу тереңдігі бойынша дербес
таңдау мүмкіндігінің болуын қамтамасыз ететін
ұғым.Кәсіби құзырлылық дегеніміз психология
саласындағы кәсіби деңгейімен, практикадағы
үйренген жетістіктерімен, тұлғалық дара өзге-
шеліктерімен, сонымен бірге жаңа білім игеруге
құлшыныстарымен, креативтік қабілеттілігімен,
міндетіне алған іске тындырымдылығымен ай-
қындалатын критерия.
66
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
3. Мәдениет дегеніміз адамзат қоғамының
жетістіктерінен мол хабары бар әдеп, өнер, эти-
калық, эстетикалық талғамдар мен түрлі адамзат
тың жақсы жетістіктеріне хабардар жақсы тәр-
бие т.б әрекеттер мен білімдер саласында жетілу
дәрежесі.
Менталитет-өзіндік өзгешелігі мен ерекше-
лігі бар дүниені қоршаған ортаны қабылдаудың
терең, дүниетанымдық мінез-құлық негіздерін,
адамзат іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған жаңа
қоғамның алуан саласын біріктіретін жүйе.азір-
гі таңдағы болашақ мамандардың дайындаушы
ЖОО алдында олардың практикалық еңбекке
деген шығармашылық көзқарас,коммуникатив-
тік еңбек рыногында бәсекелестікке төтеп бере
алатын қабілет қалыптастыру міндеті тұр [Капте-
рев П.Ф., 2012].
Білім алушы студент ЖОО оқытушысының
обьектісі әрі субьектісі болып табылады оқыту-
шы жұмысының қиындығы мен ерекшелігінің өзі
сонда Көрнекті зерттеушілердің бірі П.И. Пидка-
систыйдің атап көрсеткеніндей, білім беру сала-
сында болашақ маманды дамыту өзара интегра-
цияланған биологиялық, психологиялық және
әлеуметтік үш бағыт бойынша іске асырылады
және болашақ маманды жан-жақты жетілдіретін
ортаны түзетін әрбір компоненттерді шарт деп
атайды [Пидкасистый П.И., 2005]. Шарттар ком-
понентін сұрыптай отырып, өте қажетті және
жеткілікті шарттар деп бөледі. Өте қажетті шарт-
тар тобына тұлға дамуына маңызды рол атқара-
тын ішкі объективті заңдылықтар кіріктіріледі..
Бұл заңдылықтар көмегімен дамудың тиімділігі
артады. Ал дамуға кері әсер ететін себептер жет-
кілікті шарттар тобына жатады. Осы аталған екі
шарт та өз деңгейінде болмаған жағдайда жас
маманның даму процесінде ауытқулар болып
даму процесі тежеліп тіпті тоқтауы да ықтимал .
Кейбір зерттеуші ғалымдардың пікіріне ден қой-
сақ нақты шарттар педагогикалық әрекеттердің
субьектісі ретінде студенттің жан-жақты жетіліп
пісуінің кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: |