УДК 14.35.07 КЕРІМБЕКОВА АҚБӨПЕ АЙТҚҰЛҚЫЗЫ Шымкент университетінің аға оқытушысы, п.ғ.к.
ОРЫС БӨЛІМІНДЕ ОҚИТЫН СТУДЕНТТЕРІНІҢ СӨЗДІК ҚОРЫ МЕН СӨЙЛЕСІМ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕР Түйін. Мақалада орыс бөлімінде оқитын студенттердің фразеологиялық сөздікпен жұмыс жасау-
дың тәсілдерін меңгеруі фразеологияның түрлері мен оның құрамын саналы түсінуіне, сөздік қор-
дағы фразеологизмдерді күнделікті қарым-қатынаста жұмсауға дағдылануға әсер етіп, пәнге деген
оқу мотивацияларын арттыруы жөнінде жазылған. Студенттің фразеологизмдердің ойды бейнелі
берудің аса ұтымды құралы екендігін сезінуі оны көркем сөйлеумен, тіл мәдениетімен, сөз әдебімен
сабақтастықта түсінуіне, түпкі нәтижесінде өзінің және өзгелердің сөйлеу тіліне талғаммен қарауына
және қатысымдық дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Аталған тақырып төңірегінде жүргізілген
зерттеулерге толықтай шолу жасалған. Сондай-ақ, зерттеу барысында өзіндік тұжырымдар жасал-
ған. Жалпы, сөз байлығының аздығы студенттердің өз ойын ауызша әрі жазбаша, дәл, жүйелі, ық-
шамды етіп жеткізуіне қиындық келтіретіндігін, сондықтан қазақ тілі сабақтарында орыс бөлімінде
оқитын студенттер сөздік жұмысын дұрыс ұйымдастырудың қажеттілігі сараланған.