Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет131/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   395
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Психологиялық  білімнің  ерекше  табиғаты  да 
оны  игеру  технологиясының  жобалау  детерми-
нантасын  құрайды.  Оны  жеке  адамның  ғылыми 
білімімен, ниет-тілектерімен және таңбалық сим-
волдық  мазмұндаулары  арқылы  көрінеді.  Ғылы-
ми-психологиялық  білім  белгілі  мәдениет  пен 
нақты жағдайларда өмір сүретін адамдар туралы 
білім.  Ал  психологиялық  жобалаушы  білім-негі-
зінен нақты адамды сипаттау емес, мүмкін және 
қажеттіліктегі адам бейнесін құрастыру. Адам ту-


84
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ралы психологиялық ниеттерде оның гуманистік 
бағыттағы  психологиялық  ерекшеліктері  іздес-
тіріледі. Психология адамды ғылыми әдістермен 
зерттей  отырып,  оның  ой-пікірі  мен  ниеттерін, 
даралық  ерекшеліктерін  анықтай  алады.  Психо-
логия  ғылымының  өзгешелігі  теория  мен  прак-
тиканың бірлігінде. Теориялық психологиялық бі-
лім, өздігінше әрекет тәсілдерінен бөлек жағдай-
да мағынасыз; ол мінез-құлық барысында өзімен 
жұмыс істеу техникасында іске асырылуы керек.
Басқа пәндерден сабақ беру тәрізді психоло-
гия пәнінен де сабақ беру әдістері белгілі бір ма-
ғынада  білім  алушылардың  болашақтағы  кәсіби 
іс-әрекетін  анықтайды.  Психология  сабақ  беру 
үрдісінде белсенді оқыту әдісін пайдалану белгі-
лі бір әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуын, 
әсіресе  осы  курс  бойынша  оқу  тапсырмалары 
жүйесінің  құрылғанын  топшалайды  (жорамал-
дайды).  Орта  және  жоғарғы  мектептерде  туын-
дап  отыратын  мәселелерді  психологияны  оқу 
үрдісінде шешуге арналған педагогикалық және 
психологиялық  тапсырмалардың  шешілуі  соңғы 
кездері кеңінен қолданылуда. Тапсырмалар білім 
алушылар не нәрсені үйренуге тиістілігі негізінде 
құрылады. 
Педагогикалық  іс-әрекет  негізінен  оқу  және 
тәрбие үрдісіндегі қарама-қайшылықтарды шешу 
мен осы аймақтағы ілгері жылжытуларды қамта-
масыз етуге бағытталған дидактикалық және тәр-
бие  міндеттерін  шешуден  тұрады.  Студенттерді 
кәсіби тұрғыда дайындауда тапсырмаларды ше-
шудің қолданысқа енгеніне біршама қысқа мер-
зім болды, алайда соңғы жылдары бұл әдістеме 
белсенді түрде даму үстінде.Психологияны оқы-
ту үрдісінде психологиялық және педагогикалық 
тапсырмалар  қатар  қолданылады.  Педагогика-
лық тапсырмалардың өз ерекшелігі бар, өйткені 
онда біршама белгісіз нәрселер мен шарттар бар, 
олардың  шешімі  барынша  көп  ақпаратты  талап 
етеді. 
Психологияны оқытуға қолданылатын жалпы-
лаумен  шығарманы  шамалайтын  тапсырмалар-
дың кең диапазонын анықтауда қызығушылық ту-
дырады. Олар өздерінде ойлау іс-әрекетінің реп-
родуктивті және өнімді түрлерін біріктіруімен қы-
зықты. Соған орай, бұл жерде осы формалардың 
генетикалық өзара байланыстағы психологиялық 
шынайылығын мағыналаудың әр алуан түрлерін 
қамтамасыз  ететін  психологиялық  суреттеулер 
мен  түсініктемелердің  түрлі  типтерін  бөліп  көр-
сетуге болады. Мәселен, суреттеу баяндама, қи-
сынды өзара байланыстардың проекциясы түрін-
де болуы ықтимал және көркем ойлаудың түрлі 
тәсілдерін қолдануы мүмкін. 
Түсінік түсіндірмелі қисынды ойлау аппаратын 
аңыз, өсиет әңгіме, көркем бейне сияқты белгілер 
интерпретациясы, белгілік аналогтарды пайдала-
ну ретінде де құрыла алады.
Тапсырмалардың  қосымша  класстарының 
ерекшелігі  олардың  өз  шешімі  үшін  оқу  өзара 
әрекетінде  ерекше  жағдайларды  талап  етуінде. 
Осындай  жағдайлар  тапсырманы  шешуші  адам 
тұлғасының  нәтиже  мен  шешу  процесіне  бас-
қа  қатыста  қояды.  Егер  де  қарапайым  оқу  тап-
сырмалары  жағдайында  тапсырмалардың  түрлі 
класстары  көмегімен  оқушылар  пәндік-мазмұн 
тапсырмаларды меңгеруге кірістірілсе, енді реф-
лексивті тапсырмаларды шешу жағдайында оқу-
шылар  алдына  өздерінің  танымдық  әрекеттері 
тәсілдерін ұғыну мен бөліп көрсету және мәселе-
лердің барлық түрлеріне байланысты танымдық 
стратегияларды  саналы  түрде  жасау  қажеттілігі 
туындайды. 
Пәндік білімді орнатудан өзіндік ойлау іс-әре-
кеттерін анықтау тәсілдерін орнатуға ауысу жүре-
ді. Бұл тапсырмалар студенттерді осындай топ іші 
және  топ  аралық  өзара  әрекетке  ендіру  сияқты 
белгілі бір оқу типтері жағдайын құру шартында 
ғана шешімін таба алады. Мұндай өзара әрекет-
тестіктің алға қойған мақсаты – табылған шешім-
нің негізі түрлі танымдық стратегияларды кеңінен 
ашып  талдау  мен  салыстыру  негізінде  табылған 
шешімді  негіздей  отырып,  артынан  көрсетумен 
жүретін түрлі тапсырманың шешу үшін қолайлы 
стратегияларды бірлесе жасау болды. 
Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының 
Білім  беру  заңында  бұл  мәселе  «баршаның  са-
палы  бiлiмі  мен  бiлiм  беру  жүйесiн  дамытудың 
басымдығы»  деп  қарала  отырып.  Білім  беру  са-
ласындағы мемлекеттік саясаттың алғы қағидала-
рының бірі ретінде танылған. 
Осындай алғы шарттарды негізге алған еліміз-
дегі орта білім беру жүйесі, білім беру ісінің тиім-
ділігін  еселеуді  негізгі  бағдары  ретінде  ұстанып 
отыр. Осы мақсатта елімізде көптеген жұмыстар 
атқарылуда. Бұған мысал ретінде елімізде арна-
йы бағытта жұмыс атқарып жатқан мектептерді, 
гимназия, лицей, гимназиялық және лицейлік сы-
ныптары бар мектептер, жеке пәндерді тереңде-
тіп оқытатын білім беру мектептері мен сынып-
тарын, авторлық және жеке меншік мектептерді 
келтіруге болады. Тіптен бүгінгі күні Республика-
да оқытушылардың заманауй уақыттың талабына 
сай біліктілігін көтеру мақсатында, шетелдік озық 
тәжірибелерді жинақтаған «Өрлеу» бағдарлама-
сы жұмыс істеуде. 
Қазіргі уақытта нарықтық қоғамдағы көптеген 
қиындықтарға қарамастан, мектеп бала тәрбие-
сі мен білім беру жұмыстарын ұйымдастырушы, 
негізгі  институттардың  бірі  болып  қала  бере-
ді.  Осындағы  педагогикалық  үрдістің  нәтижелі 
болуының  бала  тәрбиесіндегі  орыны  ерекше 
екендігі  айтпасада  белгілі.  Дегенменде  ондағы 
жұмыстардың  нәтижесін  талдап,  педагогикалық 
үрдістің  барысына  түзетулер  енгізіп  отыру  үшін 
арнайы бақылау және бағалау жұмыстары қажет. 
Себебі,  жалпы  педагогикалық  жұмыстың  нәти-
жесі,  мұғалімнің  педагогикалық  үрдіс  жөніндегі 
ақпаратты  тікелей  игерумен  байланысты  болып 
отырады. Бүгінгі таңдағы оқу үдерісінде қолданы-


85
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
латын ақпараттық технологиялар ЭЕМ қолдануға 
негізделген. Замани ЭЕМ-дер формальданған бі-
лімдерді өңдеу мен бейнелеу үшін үлкен есептеу 
мүмкіндіктеріне ие және білімді ұйымдастырудың 
мейлінше жетілдірілген формаларын жасау және 
оларды оқытуда қолдану үшін жағдай туғызады. 
Дегенмен біздің анықтауымыз бойынша ЖОО оқу 
үдерісі білімді формальдау әдістеріне оқытуға то-
лық дайын еместігі анықталды. Бұл студенттерге 
болашақ кәсіби іс-ерекетінде қазіргі заманғы ақ-
параттық  технологияларды  тиімді  қолдану  мүм-
кіндігін бермей отыр.
Сондықтан  қазіргі  кездегі  оқыту  әдістемеле-
рінде, маман даярлауда ЭЕМ мүмкіндіктері толық 
жеткілікті түрде қолданылмауда, бұл аз кезегінде 
ақпараттық  технологиялардың  дамуының  қол 
жеткен деңгейімен, осы кезде қалыптасқан оқыту 
әдістемелері  мен  технологияларының  арасында 
қарама-қайшылықтың  пайда  болуына  алып  ке-
леді.
Бұл  қайшылықты  шешу  үшін  педагогика  ғы-
лымы  мен  оқыту  теориясынан  терең  ойласты-
рылған,  дербес  білім  беру  міндеттерін  шешуге 
бағытталған жаңа инновациялық білім беру тех-
нологияларын құру қажет болады. 
Оқыту  технологияларын  жетілдірумен  бірқа-
тар ғалымдар шұғылданып келеді. Дегенмен бұл 
еңбектерде  болашақ  мұғалімдер  үшін  оқытыла-
тын әртүрлі пән саласы бойынша білімдерді фор-
мальдауға  оқыту  әдістемесі  мен  технологиясы 
мәселелері жеткілікті түрде көрініс таппай отыр. 
Бұл  осы  бағыт  бойынша  ғылыми  зерттеулердің 
қажеттілігі туралы қорытынды жасау мүмкіндігін 
береді.  Себебі  болашақ  мұғалімдердің  бұл  әдіс-
терді  меңгеруі  оларды  болашақ  кәсіби  іс-әре-
кеттерінде  қазіргі  заманғы  ақпараттық  техноло-
гияларды  неғұрлым  тиімді  қолдану  мүмкіндігін 
береді. 
Ақпараттық  технологиялардың  даму  деңгейі 
мен  оларды  арнайы  пәндерді,  информатиканы 
оқытуда  қолдану  деңгейінің  арасында  қарама-
қайшылықтың  болуына  байланысты  туындаған 
жағдайдың шешімі өз кезегінде неғұрлым тиімді 
болатын  білім  беру  технологиясын  іздеу  мәсе-
лесін алдыңғы қатарға шығарады [Бапаева М.Қ., 
2006; Бусурманова С.Т., 1994]. Осы мәселені ше-
шудің  бір  жолы  ақпараттық-логикалық  модель-
деу  негізінде  білімдерді  формальдау  әдістеріне 
оқыту  технологиясын  құрумен  байланысты  бо-
лып табылады.
Болашақ  мұғалімдерді  даярлауда  оқыту  мен 
тәрбиенің  дидактикалық,  педагогикалық-пси-
хологиялық  мақсаттарын  жүзеге  асыруға  ба-
ғытталған  ақпараттық-логикалық  құзыреттілікті 
қалыптастыруда  оқытудың  ақпараттық  техноло-
гияларын қолдану мынадай қажеттіліктерге алып 
келеді, яғни:
1) білім беруді ақпараттандырудың қазіргі жағ-
дайында білімгердің кәсіби тұлғалық міндеттері-
не  сай  келетін  оқыту  мен  тәрбиенің  мазмұнын, 
әдістерін және ұйымдастыру формаларын таңдау 
әдіснамасын тұрақты түрде жетілдіру;
2)  замани  ақпараттық  технологиялардың  күн 
санап  артып  отырған  мүмкіндіктерін  ескеретін 
ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде оқы-
ту және кәсіби даярлау әдіснамасын жасау;
3)  болашақ  мұғалімнің  интелектуалды,  тұл-
ғалық  потенциялын  дамытуға  өздігінен  кәсіби 
білімнің  жетілдіру  іскерліктерін  қалыптастыруға 
бағдарланған  және  ақпаратты  өңдеу  бойынша 
өзіндік әрекеттің бірнеше түрін жүзеге асыра ала-
тын кәсіби маман моделін жасау;
4) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар 
мен компьютерлік оқу-әдістемелік кешендер мен 
құралдарды қолдануға сүйенетін оқытудың әдіс-
темелік жүйесін жасау.
Ақпараттық модель – бұл сезімдік және тео-
риялық ойлауға сүйенетін табиғи немесе арнайы 
тілдердің  көмегімен  оқып-үйренетін  пәнді  дәл, 
нақты сипаттау [Қазақ тілі терминдерінің салалық 
ғылыми  түсіндірме  сөздіктері,  2002].  Логикалық 
модель – ақпараттық модель арқылы ұсынылған 
пәндер мен құбылыстар туралы нақты білімдерді 
жалпылау нәтижесі ретінде қарастырылады. Сон-
дықтан оқыту үдерісінде бізді ең алдымен қызық-
тыратыны компьютердің көмегімен құруға және 
зерттеуге  болатын  модельдер.  Бұл  ақпараттық 
модельдердің ерекше класы – компьютерлік мо-
дельдеуге негіз болады. Ақпараттық-компьютер-
лік технологиялардың модельдеу үдерісіндегі ма-
ңызы жоғары болып отырғандықтан, компьютер-
лік модельдеуді ақпараттық моделдеудің ерекше 
түрі ретінде қарастыруға болады. 
Ақпараттық жүйелерді жасау кезіндегі компь-
ютерлік модельдеу – бұл ең алдымен имитация-
лық модельдеу, мұнда зерттейтін объектінің ма-
тематикалық моделі компьютер үшін бағдарлама 
түрінде  іске  асырылатын  объектінің  бар  болуы-
нан туындайды. 
Кез-келген  объектінің  күйін  имитациялауға 
болады,  бірақ  имитациялық  модельдеу  басқару 
стратегиясын  таңдаудан  тәуелді  болатын  олар-
дың болашақ күйін болжау арқылы алдымен күр-
делі жүйелерді зерттеуді қарастырады [Талызина 
Н.Ф., 1992]. 
Педагогикалық  үрдістің  барысында  педа-
гог  қажетті  сапаларды  сіңіруі  арқылы,  бала  бо-
йындағы  қабілеттерді  дамытып  отырады.  Адам 
қабілеттерінің  қалыптасу  және  дамуы  жөнінде 
заңдылықтарды,  олардың  оқушының  бойында 
қалыптасу деңгейінен хабардар болуы, педагогқа 
оқу-тәрбие үрдісінде қажетті деген әдіс-тәсілдер-
ді дәл, тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 
Осы мәселе төңірегінде Р.С.Немов өзінің «Пси-
хология»  деген  еңбегінде  педагогикалық  үрдіс 
барысындағы  психологиялық  жұмыстар,  оның 
ішінде зерттеу жұмыстардың қажеттігіне қатысты 
біраз мәселені қозғап өткен. 
Психологиялық  зерттеу  жұмыстары  мектеп 
оқушыларының  білім,  тәрбие  деңгейін  анықтай 


86
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
отырып,  олардың  таным,  ерік  сапаларын,  мінез 
қасиеттерін, ақыл – ой әрекеттерін белсенді жұ-
мыс жасауға бағыттау үшін зерттеу жұмыстары-
ның нәтижелеріне сүйенуі тиімді болмақ. Зерттеу 
жұмыстары  сонымен  қатар  оқушы  топтар  ара-
сындағы  қарым  –  қатынасты,  топтағы  психоло-
гиялық ахуалды жүйелі анықтауға мол мүмкіндік 
береді.
Психологиялық  зерттеу  жұмыстарының  мақ-
саты оқушылардың психикалық даму ерекшелік-
терін, олардың кәсіби маман ретіндегі білімі мен 
іскерлік  дағдылар  жүйесін,  алған  білімдері  мен 
іскерліктер жүйесінің қоғам талабына сай келуін 
анықтау болып табылады.
Біз  жоғарыда  зерттеу  жұмыстарының  мына-
дай бір қатарын көрсетекен болатынбыз: Негізгі 
зерттеу жұмыстары – бұл зерттеу әдістері құра-
мына байқау және бақылау, эксперименттік зерт-
теу  жұмыстарын  біріктіре  отырып  болашақ  ма-
мандарды даярлау ісіне қатысты ақпараттардың 
мол қорымен қамсыздандырады. 
Психологияда  бұл  айтылғандардан  басқа  да 
әдістер  бар.  Оларды  қосалқы  әдістер  деп  атай-
ды [Бапаева М.Қ., 2006]. Нақтырақ айтар болсақ, 
әңгімелесу  әдісі  арқылы  психолог  белгілі  жос-
пар бойынша зерттелінуші студенттің жеке дара 
ерекшелігін, қызығушылықтары мен қарым – қа-
білеттерінің бағыт – бағдарын, деңгейін анықтай 
алады. Әңгіме әдістерін қолдану үшін зерттелуші-
нің білім көлеміне қарай, жеке дара ерекшелік-
терін  ескере  отырып,  күні  бұрын  әзірленген  сұ-
рақтар қояды. Әрине мұнда зерттелінушіге күдік 
тудырмай әңгімені көбінесе жанама түрде ұйым-
дастырған дұрыс, мұнда сөйлесу әдісіне ерекше 
мән беріледі.
Психологиялық  білімнің  ерекше  табиғаты  да 
оны  игеру  технологиясының  жобалау  детерми-
нантасын  құрайды.  Оны  жеке  адамның  ғылыми 
білімімен, ниет-тілектерімен және таңбалық сим-
волдық  мазмұндаулары  арқылы  көрінеді.  Ғылы-
ми-психологиялық  білім  белгілі  мәдениет  пен 
нақты жағдайларда өмір сүретін адамдар туралы 
білім.  Ал  психологиялық  жобалаушы  білім-негі-
зінен нақты адамды сипаттау емес, мүмкін және 
қажеттіліктегі адам бейнесін құрастыру. Адам ту-
ралы психологиялық ниеттерде оның гуманистік 
бағыттағы  психологиялық  ерекшеліктері  іздес-
тіріледі. Психология адамды ғылыми әдістермен 
зерттей  отырып,  оның  ой-пікірі  мен  ниеттерін, 
даралық  ерекшеліктерін  анықтай  алады.  Психо-
логия  ғылымының  өзгешелігі  теория  мен  прак-
тиканың бірлігінде. Теориялық психологиялық бі-
лім, өздігінше әрекет тәсілдерінен бөлек жағдай-
да мағынасыз; ол мінез-құлық барысында өзімен 
жұмыс істеу техникасында іске асырылуы керек.
 Психологияны оқытудың мақсаты-адамды тү-
сіне білу және кез-келген адаммен дұрыс қарым-
қатынас жасауға төселуді талап етеді.Пәнді мең-
герудегі  мақсат-теориялық  жағдайларды  меңге-
румен  шектелмей,түпкі  мақсатқа  қол  жеткізетін 
құрал-ол адамдардың жан дүниесінің сырын тү-
сіне білу іскерлігі. Сондықтан да пәннің оқу мате-
риалдарын тек механикалық түрде жаттауға жол 
бермеу, олардың мән-мағынасына бойлау керек.
  Жоспарланған  талап-тілектер  мен  мақсатқа 
жету  үшін  студенттер  мынадай  міндеттерді  ше-
шулері қажет:
 1. Ғылымды терең білуге қажетті сәйкес ықы-
лас-ынта мен ниетті қалыптастыру, яғни өзі үшін: 
«Маған  осы  психология  ғылымы  неге  қажет,  не 
үшін мен оны оқуым керек?»деген сұраққа тия-
нақты жауап беру. Егерде студент өзіне-өзі «ғы-
лыми жұмыс үшін», «мәртебе үшін» (себебі, пси-
хологияға  сұраныс  өсе  түсуде)  және  тағы  сол 
сияқты  жауап  берсе,  онда  ғылымды  терең  қы-
зығушылықпен  игеруге  деген  ниеттің  болмауы. 
Мақсат-ниетті қалыптастыру керек. Бұл ең қажет-
ті әрі маңызды міндет;
 2.Лекциялар мен кітаптардан алынған білім-
дерді  өмірде  кезігетін  психологиялық  құбылыс-
тарға,  психикалық  процестер  мен  жағдайларға, 
адамдардың іс-әрекетері мен қылықтарын әр қа-
шан да проекциялап, оларды өзі меңгерген білім 
тұрғысынан түсіндіруге ұмтылуы қажет. Студентке 
бұл міндетті шешуде лекцияда, әдебиетте келті-
рілетін  мысалдар,  практикум  сабақтарында  мұ-
ғалім ұсынатын практикалық тапсырмалар, (пси-
хологиялық  есептер)  оқу  тапсырмалары  немесе 
психологиялық пәндерден жазатын бақылау жаз-
ба  жұмыстарының  мазмұны  көмек  бола  алады. 
Нақты міндеттерді шешіп студент ғылымды игере 
бастайды, ал ғылымды игерсе, онда көптеген оқу 
«теориялық және практикалық» тапсырмаларын 
білікті  түрде  шешуге  қабілетті  болады.  Мұндай 
жағдай, ғылымды игеруге кешенді, жүйелі тұрғы, 
соның ішінде студенттердің өзіндік жұмыстарын 
осылайша ұйымдастырғанда ғана мүмкін болады. 
Дегенмен,  психологиялық  білімдер  жүйесін 
меңгерту  үшін,  студенттердің  қызығушылығын 
арттыру  мақсатында  дәрісті  түрлендіріп  өткізіп, 
семинар,  практикалық  сабата  жүргізгенде  пси-
хологиялық  танымдық  процестерді  түсіндіріп 
талдау  барысында  білімнің  негізін  қалыптасты-
ру үшін оқу тапсырмаларын мақсатты қолданып 
отырудың маңызы зор.
Оқу тапсырмалар жинағын психологиялық бі-
лім беру үрдісінде студенттер қауымы қолдануда 
[Жақыпов С., 2008]. Біздің мақаламыздың негізгі 
міндеттерінің  бірі-дәстүрлі  оқу  тапсырмалары-
мен  қатар  психологиялық  білімдер  жүйесі  мен 
заңдылықтары мен түрлерін оқып-үйренуде ауыз 
әдебиетінің  үлгілері  саналатын  жұмбақ,  мақал-
мәтел, нақыл сөздердің де психологиялық астар-
ларына  салыстырмалы  түрде  талдау  жасап,  ой 
қорытындысын  тұжырымдай  білуге  машықтан-
дыру болып табылады.Оқу тапсырмаларын сабақ 
кезінде және өзіндік жұмыстары ретінде де қол-
дануға болады. 
Басқа пәндерден сабақ беру тәрізді психоло-
гия пәнінен де сабақ беру әдістері белгілі бір ма-


87
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
ғынада  білім  алушылардың  болашақтағы  кәсіби 
іс-әрекетін  анықтайды.  Психология  сабақ  беру 
үрдісінде белсенді оқыту әдісін пайдалану белгі-
лі бір әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуын, 
әсіресе  осы  курс  бойынша  оқу  тапсырмалары 
жүйесінің  құрылғанын  топшалайды  (жорамал-
дайды).  Орта  және  жоғарғы  мектептерде  туын-
дап  отыратын  мәселелерді  психологияны  оқу 
үрдісінде шешуге арналған педагогикалық және 
психологиялық  тапсырмалардың  шешілуі  соңғы 
кездері кеңінен қолданылуда. Тапсырмалар білім 
алушылар не нәрсені үйренуге тиістілігі негізінде 
құрылады. 
Педагогикалық  іс-әрекет  негізінен  оқу  және 
тәрбие үрдісіндегі қарама-қайшылықтарды шешу 
мен осы аймақтағы ілгері жылжытуларды қамта-
масыз етуге бағытталған дидактикалық және тәр-
бие  міндеттерін  шешуден  тұрады.  Студенттерді 
кәсіби тұрғыда дайындауда тапсырмаларды ше-
шудің қолданысқа енгеніне біршама қысқа мер-
зім болды, алайда соңғы жылдары бұл әдістеме 
белсенді түрде даму үстінде.Психологияны оқы-
ту үрдісінде психологиялық және педагогикалық 
тапсырмалар  қатар  қолданылады.  Педагогика-
лық тапсырмалардың өз ерекшелігі бар, өйткені 
онда біршама белгісіз нәрселер мен шарттар бар, 
олардың  шешімі  барынша  көп  ақпаратты  талап 
етеді. 
Оқыту  мен  тәрбиелеу  ісінде  психологиялық 
зерттеу жұмыстарының орыны ерекше. Педаго-
гикалық үрдіс барысында психологиялық зерттеу 
жұмыстарын пайдалану көзделген мақсаттың са-
палы жүзеге асуына оң ықпалын тигізеді.
Қазіргі кезде компьютерлік оқытудың нәтиже-
лілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу 
аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу үде-
рісін  компьютерлендіру  психологиялық-педаго-
гикалық іс-әрекеттердің негізгі бағыттарын жан-
жақты қамтуы болып табылады. 
 Зерттеу нәтижелелері көрсетіп отырғанындай, 
орта мектептің компьютерді қолдану мұғалім мен 
оқушының қарым-қатынасының жүйесі, олардың 
іс-әрекеттерінің  мазмұнын,  құрылымын  өзгерте 
отырып  түрлендіреді  және  олардың  ынталылық 
сезімінің өсуіне әсер етеді. Тапсырма ұғымы пси-
хология ғылымында кеңінен қолданылады.
 Міндет бұл – өткен шақтағы проблемалы жағ-
дайдың белгілерден құралған моделі.Ол жағдай-
дың шарттары мен ізделінгендерін бөліп алса, ол 
міндетке айналады.
Оқыту  мақсатына  арнайы  таңдалған  немесе 
құрастырылған тапсырмаларын оқу тапсырмала-
ры деп аталады. 
Тапсырма қайсыбір әрекеттің орындалу тала-
бы.Міндетпен салыстырғанда тапсырма қисынды 
болса да, талаптары ұқсастау: сұрақтарға жауап 
беру, қайсыбір әрекеттерді орындау т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет