Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет183/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   395
үздіксіз процесс» деген ұстанымды өз бойына 
қалыптастыруды міндетіне алса.....
Қазіргі  дәуірдің  әлеуметтік  және  экономи-
калық даму ерекшеліктерінің бірі ретінде авто-
маттандырылған  және  ақпараттық  технология-
лардың тегеурінін атауға болады. Бұл тенденция 
тұрақты  кәсіптердің  өз  қасиеттерін  жоғалтып, 
өзгеріс пен уақытша сипаттарды иеленуіне әке-
луде. Мұндай жағдайда үйрене білу және үйре-
нуге  ұмтылу  маманның  ең  басты  қабілеттеріне 
айналуда.  «Өмір  бойы  үйрену»  идеясының  қа-
зіргі  білім  жүйесінің  негізгі  тұжырымдамала-
рының біріне айналып кетуінің себебі осындай 
жәйттермен  байланысты  [В.И.Байденко,  2006; 
В.И.Байденко, 2007].
«Өмір  бойы  үйрену»  тұжырымдамасының 
негізгі  қағидалары  нәтижеге  бағытталып,  оқу/
оқыту  жүйесінің  студентцентристік  парадиг-
масына  сәйкес  келеді.  Өмір  бойы  оқып-үйрену 
дегеніміз  оқытушының  (тұлғаның)  әлеуметтік, 
азаматтық  тұрғыдан  жарқын  болашаққа  жету 
мақсатында  өзінің  білім,  дағды,  құзырлылықта-
рын үнемі жетілдіруі.


124
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
Өмір бойы оқып-үйрену үшін оқытушы (тұл-
ға) үнемі жаңа білім игеру мен иемденуге ұмты-
лу,оқу процессінде оқу/оқытуда жаңашыл және 
интербелсенді  әдістерді  қолдану,  оқу/оқытуды 
бағалауды тереңінен үйрену керек .
Бүгінгі қоғам білімге негізделген – қоғам бол-
ғандықтан,  әрбір  оқытушыдан  (тұлғадан)  өмір 
бойы  оқып-үйренуді  талап  етеді.  Мұндай  қо-
ғамның  өміріне  студенттердің  (түлектердің)  то-
лыққанды қатысуы үшін оқу процесіне, оқу жос-
парлары  мен  бағдарламаларына  төмендегідей 
өзгерістерді  енгізу  керек:ақпараттық  техноло-
гиялар, шетел тілдері, технологиялық мәдениет, 
кәсіпкерлікпен  байланысты  біліктер;әлеуметтік 
біліктер, өздігімен оқып-үйрене білу, өзгерістер-
ге  бейімделе  білу,жаңа  дағдыларды  тез  арада 
меңгере  білу  және  жаңа  проблемалар  мен  си-
туацияларға бейімделе білу, команда құрамын-
да бірлесе жұмыс жасай білу,таңдау жасап, ше-
шім қабылдай білу, тәуекелге бара білу, т.б.
Оқытушы  оқу/оқыту  процесін  белсенділен-
діру,  үшін:студенттің  өз  білімінің  мазмұны  мен 
ауқымын анықтауда және білім игеру ісіне бел-
сенді  түрде  қатысуына  жол  беретін  оқу/оқыту-
дың жаңа ұстанымдарын таңдап, студенттің оқу-
ға деген қызығушылығын арттырып, оның ойлау 
қабілеті  мен  үйрене  білу  дағдыларын  дамыту 
үшін  оқу  процесінде  ақпараттық  және  комму-
никативтік  технологияларды  жоғары  деңгейде 
қолдана білу керектігін түсіну керек.Сапа – оқу 
процесіне іс-әрекетті өлшеу және бағалау жүйе-
сін енгізу.
Сапа – білім жүйесінің негізгі мақсаты болып 
есептелінетіндіктен,  ол  студенттердің  үйрену 
процесінде  қомақты  нәтижелерге  қол  жеткізуі-
не пән, оқытушы (іс-әрекеттер, әдістеме арқылы) 
және жоғарғы оқу орны қалайша көмектесетін-
дігін көрсетеді.Әрбір студент, жоғары оқу орны 
мен оның құрамдас бөліктері (факультет, кафед-
ра) өз іс-әрекеттерінің сапасы жоғары болуына 
және оның үнемі жақсарып отыруына мүдделі. 
Ал сапа -ибағалау арқылы анықталады.
Бағалау  –  іс-әрекеттердің  (оқыту/үйрету, 
оқу/үйрену)  алдын-ала  жоспарланған  нәтиже-
лерімен салыстырғанда өсу мен дамудың (жетіс-
тіктердің) деңгейлері туралы қорытынды жасау 
үшін  қолданатын  жазбаша,  ауызша  және  прак-
тикалық  тестердің,  жобалар  мен  портфолио-
лардың  жиынтығы  болып  есептелінеді.Болонья 
процесінің басты идеясы мен ұстанымы ретінде 
танылатын нәтижеге бағытталудың негізгі ұғым-
дарын №1 кестеден көруге болады [Левитес Д.Г., 
1998].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет