Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет182/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   395
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Еліміздің  жоғары  мектеп  жүйесі  Болонья 
процесінің  идеяларын  толық  қабылдап,  өзінің 
мазмұнын осы үрдіспен байланыстыруы жоғары 
оқу орындарының жұмысына елеулі өзгерістер 
енгізуді  талап  етеді.  Болонья  процесінің  бас-
ты  идеясы  –  оқу  нәтижелерін  жоспарлау,  яғни 
мұнда оқу нәтижелері жоғары мектептің негізгі 
қызметі  (функциясы)  болып  танылады  (Болонс-
кий процесс, 2007, 10. – Бұдан әрі қарай сілте-
ме  көзі  келесідей  беріледі:  алдымен  автордың 
фамилиясы, одан кейін қажет болған жағдайда 
жарық көрген жылы, содан соң беті көрсетіледі. 
А.Ә.Назарбаев [Назарбаев Н., 2006].
Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылдың 1-қыркүйегінде 
Білім  күнін  интербелсенді  сабақ  түрінде  өткізуі 
Елбасының  интербелсенді  әдістеменің  тұлғаны 
дамыту  мен  маман  қалыптастырудағы  ерекше 
маңызын баса көрсеткендігі деп түсіну керек.
«Білім  жобалары  мен  технологиялардың 
басты  идеясы-«Білім  игеру  процесінің  басты 
тұлғасы – үйренуші» деген ұстанымы. Бұл идея 
Болонья процесінің негізгі қағидаларына сәйкес 
келеді. Қазіргі күні еліміздің жоғары оқу орын-
дары  өзінің  дамуы  мен  ертеңгі  болашағын  Бо-
лонья процесімен байланыстырады. Қазақстан-
да білімді 2006-2016 жылдарда дамытудың мем-
лекеттік бағдарламасының көптеген мақсаттары 
Болонья келісімінің ортақ жоғары білім саласын 
құру,  ұлттық  жүйелерді  жақындастыру  және 
өзара  мойындау  идеяларымен  сәйкес  болып 
отыр  [2005-2010  жылдарға  арналған  Қазақстан 
Республикасында білім беруді дамытудың мем-
лекеттік бағдарламасы, 2004].
Болонья процесінде біліктілік (квалификация) 
термині  құзырлылықпен  (компетенция)  алмас-
тырылған,  құзырлылық  білім  игеру  процесінің 
басты  нәтижесі  ретінде  танылып  отыр,сол  се-
бепті  де  білім  игерудің  нәтижесін  бұрынғыдай 
тек білім, білік, дағды аумағында ғана құрастыру 


123
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
қазіргі күні аздық етеді, өйткені олар үйренуші-
нің тек біліктілігін ғана айқындайды.
Біліктілік  дегеніміз  тұрақты  контекстер  мен 
алгоритмдер  аумағындағы  алдын-ала  айқын-
далған әрекеттер арқылы маман дайындау. 
Ал құзырлылықбілім игеру процесін жоспар-
лаудан нәтижені айқындауға қарай ойыстырады, 
негізгі әрекет тұлғасы оқытушы деп есептелетін 
«оқытудан»  («үйретуден»)  басты  қозғаушы  күш 
студент  болатын  «оқуға»  («үйренуге»)  ауысты-
рады,  салмақты  «білім  беруден»  «білім  алуға» 
түсіреді. Құзырлылық бүкіл білім жүйесін өз бі-
лімінің ауқымын, оны игерудің әдістері мен тә-
сілдерін  өзіндік  тұрғыдан  айқындайтын,  қоғам 
алдындағы өз біліміне деген жауапкершілікті те-
рең түсінетін студентке бағытталуды талап етеді. 
Құзырлылық  идеясы  бойынша  студент  білімді 
өздігімен  игеруі  керек.Құзырлылық  дегеніміз 
маманның  белгілі  бір  кәсіби  сала  аумағындағы 
білімі, білігі, дағдыларының жиынтығы. 
Жоғарғы  оқудың  басты  мақсаты  –  нәтиже, 
сондықтан да,Болонья процесі идеялары мен та-
лаптары аумағында әрбір жоғары оқу орнының 
алға  қойған  мақсаты  оқу  нәтижесімен  байла-
нысты болуы керек. Ал оқу нәтижелері дегеніміз 
студенттердің оқу аяғында әртүрлі деңгейлерде 
(модульдік,  институционалдық)  қандай  құзыр-
лылықтарды  меңгеретіндігін  анықтап,(не  жасай 
білетіндігін,қандай да бір бірліктермен өлшеуге 
келетін  жетістіктерін)  көрсету.  Ал  әр  мамандық 
пен  пәннің  оқу/оқыту  әдістемесі  студенттерді 
белсенділендіретін,  олардың  өлшелмелі  білім, 
білік, дағды, машықтары мен құзырлылықтарын 
көрсете  алатын  интербелсенді  технологиялар 
мен  әдістерді  оқу  процесінде  қолдануы  керек 
[2005-2010  жылдарға  арналған  Қазақстан  Рес-
публикасында  білім  беруді  дамытудың  мемле-
кеттік бағдарламасы, 2004].
Бүгінгі  таңда,  білімнің  даму  қағидалары  бі-
ліктіліктен  құзырлылыққа  көшуді  талап  етуде. 
Құзырлылық  ұстанымы  білім  жүйесінің  мазмұ-
нынын  маман  дайындаудың  тар  шеңберінде 
қалдырмай,  оны  кең  көлемді  дүниетанымдық, 
азаматтық,  әлеуметтік,  экономикалық,  мораль-
дік-этикалық, кәсіби ауқымда қарастырады.
Болонья  процесінің  аумағында  2004  жылы 
құрылған TUNING («Еуропада білім құрылымда-
рын сәйкестендіруге бағыттау») жобасы «құзыр-
лылық» ұғымына келесі өлшемдерді жатқызады, 
«білім және түсінік» (қандай да болмасын ғылым 
саласындағы  теориялық  білім,  білу  және  түсі-
ну);«қалайша әрекет жасау керектігін білу» білімі 
(нақты ситуацияларда білімді практикалық және 
оперативтік  тұрғыдан  қолдана  білу);«қалайша 
өмір  сүру  керек»  білімі  (әлеуметтік  контексте 
басқа  адамдармен  өмір  сүрудің  ажырамас  бө-
лігі болып табылатын құндылықтар) (Болонский 
процесс, 2007, 18).
Білім игеру процесінің соңғы нәтижесі ретін-
де  құзырлылық  парасаттық  (интеллектуалдық) 
қабілеттерді дамытуға бағытталады. Ал бұл қа-
білеттер  өз  кезегінде  білім  алушыларға  техни-
калық, экономикалық және мәдени өзгерістер-
ді саналы түрде түйсініп, әлеумет ішінде жұмыс 
жасай білу, шығармашылық пен конструктивтік 
көзқарас,  бастамашылдық  пен  жауапкершілік, 
бейімшілдік,  икемділік  сияқты  қасиеттерді  да-
мыту.
Құзырлылық студентті өзін-өзі ұйымдастыру, 
басқару,  бағалау,  қадағалау,  түзету  әрекеттері-
не ниеттейді, оны масылдық пен бәлсенділіктен 
арылтып,  белсенді  және  өмірінің  қалайша  өте-
тіндігіне деген жауапкершілікті толық өз мойны-
на артуға бағыттайды [В.И.Байденко, 2006].
«Құзырлылық» ұғымы келесідей ұстанымдар-
ды жүзеге асыруды меңзейді:
– оқудың мазмұнын, оны жоспарлау қағида-
ларын қайта қарау;
– оқудың «мазмұн – білім – пән» аумағындағы 
парадигмасынан бас тартып, гуманистік қағида-
лар тұрғысынан өмір сүруді үйрену.
Құзырлылықтар  оқу  процесінде  келесі  әре-
кеттер арқылы жүзеге асырылады:
– интербелсенді әдістерді қолдану;
– жоғары оқу орнының «өмір стилін» өзгер-
тіп, оны динамика мен қызыққа толы процеске 
айналдыру;
– оқытушылар мен студенттердің арасында-
ғы қарым-қатынасты ынтымақтастық пен өзара 
әрекеттесуге негіздеу.
Оқытушы  өз  бойына  құзырлылықтарды  қа-
лыптастыруда  келесідей  әдістерді  бірлескен 
интербелсенді  әрекеттер,рөлдік  және  іскерлік 
ойындар,кейс-стади презентациялар, кері айла-
ныс,пікірталастар,тренингтерді  оқу  процесінде 
қолдануа білу керек.
«Әр бір оқытушы «Білім игеру – өмір бойғы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет