Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет199/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   395
КІРІСПЕ
Әдебиет    халық  тарихының  көркем  суреті. 
Шежіресі. Тарих ғылымы атқаруға тиісті міндет, 
миссияны көп реттерде әдебиеттің атқаратыны 
жасырын емес. 
Қазақтың бай тарихында ең бір ауыр да күр-
делі, қиын кезең  ХІХ ғасырдың екінші жартысы 
мен  ХХ  ғасырдың  басы.  ХVІІІ  ғасырдың  кезінен 
бастап,  Ресей  империясына  бодан  болу  үдерісі 
түрлі  тарихи,  саяси,  қоғамдық-әлеуметтік  жағ-
дайлардың арқасында алып империя тарапынан 
барынша кеңінен көсіліп, отарлау саясатын же-
дел жүргізуге мүмкіндік бере қоймады да, ХІХ ға-
сырда Орта Азия жерінде бірнеше мемлекеттер-
дің  (Ресей  және  Еуропа  мемлекеттері)  мүддесі 
тоғысқандықтан, отарлау ісі қарқынды жүргізіл-
ді. Ресейден халық арасында «Қарашекпен» де-
ген атауға ие болған келімсектер Қазақстанның 
барлық  өңірлеріне,  әсіресе,  егін  шаруашылығы 
мен мал өсіруге қолайлы Орталық Қазақстан өл-
кесіне  жаппай  келе  бастады.  Жаппай  орыстан-
дыру саясаты белең алды. Ата-баба дәстүрі, ұлт-
тық  болмыс  табанда  тапталды.  Шіркеулер  бой 
көтерді. Шығыс елдері, мұсылман әлемі шетқақ-
пай болды. Жер-су атаулары жаппай орыс атау-
ларымен атала бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет