Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет236/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

В.Штейнталь тағы басқа) ғылыми ой-тұжырым-
дарын одан әрі ұластырушы Ресейдегі фразеоло-
гиялық мектептің өкілдері В.Воробьев, В.И.Телия, 
Е.М.Верещагин,  В.Т.Костомаров,  В.Маслованың 
зерттеулерінің  лингвомәдениеттануды  дербес 
ғылыми пән дәрежесіне көтерілуіне, қалыптасуы-
на зор ықпал еткенін білеміз.
Мәдениет – қоғамдық фактор екені белгілі, бі-
рақ оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік 
ортаның ықпалы әсер етті. Өйткені бір этностың 
мәдениеті  екінші  халыққа  оның  тілдік  деректері 
арқылы баяндалып отырады. Ал тілдік деректер 
деп  отырғанымыз  олар–  мәденитті  сипаттаушы 
сөз символдары мен тілдік таңбалар т.б. Осы жайт 
туралы  мәдениеттің  тілге  қатысты  ерекшелігін 
зерттеген  ресейлік  мәдениеттанушы  Ю.М.Лот-
ман  төмендегідей  пікірмен  байланыстырды: 
«Культура есть нечто общее для какого-либо кол-
лектива –группы людей, живущих одновременно 
и связанных определенной социальной органи-
зацией...  Культура  есть  форма  общения  между 
людьми» [Манкеева Ж., 1997, 125].
Мәдениет ұлттық менталитет құндылықтары-
ның түп негізі тіл қасиетінде көрініс табады. Тілдің 
құдыретімен бейнеленіп, шынайылықты көрсете-
ді. Осы тұрғыда әр халық тілінде өзі жасаған және 
табиғат дарытқан ұлттық мәдениеттің ізі бар деп 
те айтсақ қате болмас. Бұл – тіл мен мәдениеттің 
тоғысу жолын көздеген лингвомәдениеттану пә-
нінің негізі. Осы орайда Б.Тілеубердиев: «Лингво-
мәдениеттану-ұлттық сипаты бар деп танылатын 
әлеуметтік, танымдық, этика-эстетикалық, рухани 
және  тұрмыстыұ  қатынастар  мен  олардың  заң-
дылқтарынтілдік  құралдар  арқылы  зерттейтін 
тіл  білімінің  бір  бағыты.  Осы  тұрғыдан  алғанда 
лингвомәдениеттанудың  негізгі  мақсаты-ұлттық 


160
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
болмыстың тілдегі көрінісін, халықтың танымдық 
рухани болмысын, мәдениетін таныту» [Маслова 
В.,2001,  37],  деп  сипаттаса,  В.А.Маслова  лингво-
мәдениеттанудың  объектісі  жөнінде:  «Объектом 
лингвокультурологии  является  исследование 
взаимодействия языка, которой есть транслятор 
культурной информации, культуры с ее установ-
ками и преференциями и человека, который соз-
дает эту культуру, пользуясь языком».
Тұжырымдардан  көріп  отырғанымыздай, 
В.А.Маслованың  бұл  ғылыми  негіздемесіне  ар-
қау болған мәдениет пен тіл арасындағы байла-
ныстың  сыры  американдық  ғалымдар  Э.Сепир 
мен  Б.Уорфтың  «Лингвистикалық  ықтималдық 
теориясының»  негізін  танытқан  «этнос  дүниета-
нымындағы  ерекшеліктің  ізі  халық  тілінде  сақ-
талады»  деген  қағидамен  астасып  жатқандығын 
көреміз.  Бұл  жайт  лингвомәдениеттану  пәнінің 
этнолингвистика  ғылымы  мен  туыстығын  ашық 
көрсететіндей.  Тіл  білімінде  лингвомәдениетта-
ну-лингвистика  мен  мәдениеттанудың  түйіскен 
тұсынан  туындап  отырған,  әрі  этнолингвистика 
мен елтануды да ортақтастыратын жаңа ғылым. 
Зерттеуші  В.А.Маслова  тіл  мәдениетпен  тығыз 
байланысты деп есептейді: «... мәдениет тіл ішіне 
енеді,  онда  дамиды  және  сол  тілдің  мәдениетін 
білдіреді, халық мәдениетін танытушы ғылым са-
ласы» [Ә.Т.Қайдар,1998, 76].
Тіл біліміндегі тілдік құбылыстың табиғаты өз 
заңдылықтарына ғана сүйеніп қоймай, сонымен 
қатар  халықтың  дүниетанымын,  салт-дәстүрі, 
ұлттық болмысымен де тікелей байланысты. Бұл 
құбылыс қазіргі тіл білімінде сөз табиғатын тану-
дың ортақ заңдылығына айналды. Осыған байла-
нысты академик Ә.Қайдардың: «ана тіліміздің бай 
қоры  –  ұлттық  болмыс-бітімді  танытатын  тілдік 
этнодеректердің қазынасы» деген пікірі қазақ тіл 
білімінде ұлт тілі мен ұлт мәдениетін сабақтасты-
ратын «лингвомәдениеттану» саласының өзіндік 
жаңа қырын танытып отыр. Бұл салада Ә.Қайда-
ри, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Е.Жанпейісов, А.Алда-
шева т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. 
Осы бағыттың орыс тіл біліміндегі негізін қалау-
шы  ғалым  В.Н.Телия:  «Лингвомәдниеттану  –  тіл-
дің  корреспонденциясы  мен  мәдениеттің  өзара 
қатынасының  синхронды  түрін  зерттейтін  және 
сипаттайтын  этнолигвистиканын  бір  бөлшегі». 
- [Ахманова О.С., 1966, 217] деп көрсетеді. 
Лингвомәдениеттану саласының орыс тіл білі-
мінде теориялық және әдістемелік жолын зертте-
ген  ғалым  В.В.Вороьбев  оны  «металингвистика» 
ғылымы  ретінде  танытуға  ғылыми  бағыт  бұрып, 
бұл  саланың  тіл  мен  мәдениеттің  өзара  әсері-
нің  негіздерінен  туындағанын  дәлелдей  келе, 
әрі  былай  деп  анықтама  береді:  «Лингвокуль-
турология  –  комплексная  научная  дисциплина 
синтезирующего  типа,  изучающая  взаимосвязь 
и взаимодействие культуры и языка в его функ-
ционировании  и  отражающая  этот  процесс  как 
целостную структуру единиц в единстве их язы-
кового и внеязыкового (культурного) содержания 
при помощи системных методов с ориентацией 
на  современные  приоритеты  и  культурные  ус-
тановления (система норм и общечеловеческих 
ценностей)» [Копылено М.Н., 1997, 37].
Тіл  ғылымында  лингвомәдениеттану-  линг-
вистика мен мәдениеттанудың түйіскен тұсынан 
туындап  отырған,  әрі  этнолингвистика  мен  ел-
тануды  да  ортақтастыратын  жаңа  ғылым.  Анық-
тама  ретінде  айтар  кетер  болсақ:  Лингвомәде-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет