Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет235/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тіл  білімінің  қазіргі  таңдағы  дамуы  линг-
вистикалық  зерттеулердің  антропоцентристік 
бағытталуымен  сипатталады,  тілдің  антропо-
центристік  талдауға  көшуі  ХХ  ғасырдың  аяғы 
мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің ерек-
шеліктерінің бірі, өйтекені тілдік құбылыстарды 
зерттеуде лингвистика тек тілдік, атап айтқанда 
адамдардың бір бірімен қатынас жасауын, пікір 
алысып түсінісуін, дыбыстық, сөз құрамы және 
грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қана 
алмайды. Қазіргі лингвистикада тілді адаммен, 
объективтік  шындықты  идеалды  түрде  бейне-
леудің  адамға  ғана  тән  ең  жоғарғы  формасы 
оның  ақыл-ой,  санасымен  ойлауы,  рухани  іш-
кірухани  ішкі  дүниесімен  тығыз  байланысты 
зерттеуге негізделген. «Тіл мен адам» мәселесі 
кейінгі  кездері  мол  өзектілікке  ие  болуда.  Тіл 
білімінде  үш  ғылыми  парадигма  –  салыстыр-
малы-тарихи,  жүйелік-құрылымдық  және  ант-
ропоцентристік  парадигмалар  дәстүрлі  түрде 
айқындалды.


158
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
Тіл мен мәдениет- әр қайсысының өзінің бел-
гілері бар екі семиотикалық жүйе. Тілдің белгілері 
сөз және оның тіркестері, фразеологизмдер және 
басқа  да  тұрақты  тіркестер  болып  табылады. 
Мәдениеттің  белгілері-  рәсімдер,  қойылымдар, 
оқиғалар, символдар мен эталондар т.б. Көптеген 
мәдениеттің белгісі тіл белгілерімен өрнектеледі. 
Мәдениеттің  әр  түрлі  көріністері  мен  қызметін 
мәдениеттану зерттейтіндігі белгілі, өйткені линг-
вистика мен мәдениеттану ғылымдарының бай-
ланысынан жаңа бағыт пайда болады, бұл бағыт 
В.Н.Шаклейн, В.А.Маслова және т.б. ғалымдардың 
еңбектерінде  «лингвомәдениеттану»  деп  қолда-
нылды. Лингвомәдениеттану – ұлттық сипаты бар 
деп танылатын әлеуметтік, танымдық, этика-эсте-
тикалық, рухани және тұрмыстық қатнастар мен 
олардың  заңдылықтарын  тілдік  құрал  арқылы 
зерттейтін тіл білімінің бір бағыты. 
Осы  тұрғыдан  алғанда  лингвомәдениеттану-
дың негізгі мақсаты – ұлттық болмыстың тілдегі 
көрінісін, халықтың танымдық рухани болмысын, 
мәдениетін таныту. Казіргі тіл білімінде ұлттын ру-
хани-мәдени казынасы ретіндегі тілді зерттеудің 
ауқымы кеңейе түсуде. Бұның себебі: әр тіл – өз 
ұлт тарихын, тіл мәдениетін, мінезі мен санасын, 
танымы мен талғамын, кәсібі мен салтын, дәстү-
рі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық 
жүйе  екендігі  бізге  белгілі.  Осындай  мазмұнды 
құрылымына сәйкес ол жай таңбалық жүйе емес, 
мәдениет. 
Сондықтан оны зерттеуде дәстүрлі құрылым-
дық лингвистиканың мүмкіншілігі шектеулі. Себе-
бі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік 
емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты жинап, сақ-
таушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, 
былайша  айтқанда  бір  бүтін  етіп  тұтастырушы. 
Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен 
мәдениет  сабақтастығын,  атап  айтқанда,  тілдің 
бойындағы ұлттық сипатты, ұлттық рухты тануға 
негізделген когнитивтік лингвистика, оның линг-
вомәдениеттану,  этнолингвистика  т.б.  салалары 
өріс алып келе жатыр. Орыс ғалымы В.И.Постова-
лова:  «Лингвогносеология  (когнитология),  линг-
воәлеуметтану, лингвопсихология, лингвоэтноло-
гия,  лингвопалеонтология,  лингвомәдениеттану 
антропологиялық бағыт шеңберінде қалыптасқан 
пәндер» [Омарбеков А.К., 2006, 29], – деп ұсынған. 
Лингвомәдениеттану  да  тіл  мен  мәдениетта-
ну  мәселелерінің  ұштасуынан  қалыптасқан,  тіл 
арқылы көрініс беретін мәдени құндылықтарды, 
олардың  қолданылу  жүйесін  зерттейтін,  өзіндік 
мақсат-мүддесімен,  әдіс-тәсілдерімен  ерекшеле-
нетін тіл білімінің үлкен саласы. Ол ұлттық тіл мен 
ұлттық мәдениеттің бір-біріне ықпалы, адам дү-
ниені қалай көреді, мәдениеттегі тілдік бейненің 
рөлі, ғасырдан-ғасырға жетіп, ұлт тілінде сақтал-
ған халық қазынасы фразеологизмдердің, нақыл 
сөздер, мақал-мәтелдердің рөлі қандай, олардың 
адам баласына қажеттілігі неде деген сияқты мә-
селелерді  қарастырады.  Ол  екі  пәннің  тоғысуы-
нан пайда болғандықтан халықтың мәдени қазы-
насын, олардың қолданылу жүйесін зерттейтін тіл 
білімінің  саласы  ретінде  зерделенеді.  Оны  зерт-
теуді көп қажет ететін жас ғылым саласына жат-
қызуға  болады.  ғеОсы  саланы  зерттеуші  В.В.Во-
робьев  лингвомәдениеттану  пәнін:  «Мәдениет 
тек тілдің қызмет етуіндегі өзара байланысы мен 
өзара әрекеттесуін зерттейтін, бұл үдерісті жүйелі 
әдістер көмегімен және қазіргі құндылықтар мен 
мәдени  анықтамаларға  бағытталған  тілдік  және 
тілдік емес мазмұн бірлігін де біртұтас бірліктер 
құрылымы ретінде бейнелейтін жинақтаушы түр-
дегі кешенді пән» [Байтұрсынов А., 1999, 47], – деп 
пайымдайды. 
Лингвомәдениеттану  тек  дәстүрлі  мәдениет-
ті ғана емес, қазіргі мәдениетті де қарастырады. 
Мәдениеттану дүниенің бейнесін, рухани құнды-
лықтарды  қарастырса,  лингвомәдениеттану  ғы-
лымы бірнеше мазмұнға ие. Бұл атауға Г.Г.Почеп-
цов «тілдік ойлау» (языковое мышление), «тілдік 
ментальдық»  және  «сөйлеу  танымы»  (речевое 
мышление)  деген  әр  түрлі  түсініктерді  ұсынады. 
Алайда  біздің  ойымызша,  бұлардың  біреуі  де 
лингвомәдениеттану  деген  ұғымды  дәл,  нақты 
бере алмайды. Себебі тілдік ойлау дегеніміз – тіл-
дік түсінік, тілдік ментальдылық – тілдік түсініктің 
тәсілі, сөйлеу танымы (речевое понятие) – дүние-
ні сөз негізінде ұғу деген сөз. 
Зерттеуші  В.Маслованың:  «Лингвомәдениет-
тану – лингвистика мен мәдениеттану түйісуінен 
пайда болған тілде бейнеленген және бекіген ха-
лық мәдениетінің көріністерін зерттейтін ғылым» 
[Жанпейсов Е., 1989, 9], – деп мәдениетті тілмен 
байланыстыра  зерттеудің  маңыздылығын  аша 
түседі.  Ғалым  лингвомәдениеттану  ғылымының 
зерттеу  нысанын,  қалыптасу  кезеңдерін,  әдісте-
мелік, лингвомәдени бірліктердің түрлерін арна-
йы зерттей отырып, динамикалық даму кезеңде-
рін төмендегідей етіп белгілейді:
1.Тіл  мен  мәдениеттің  арақатынасы,  астар-
ластығын  бағамдайтын  лингвомәдени  көзқарас-
тардың,  лингвомәдениеттанымдық  ізденістердің 
бастау алу кезеңі;
2.Лингвомәдениеттанудың  жеке  сала  ретінде 
қалыптасу кезеңі;
3.Зерттеу нысаны, ғылыми ұстанымдары мен 
межелері,  теориялық  тұжырымдары  нақтылан-
ған лингвомәдениеттану ғылымының пайда болу 
кезеңі [Воробьев В.В.,1996,28]. 
Мәдениеттің  ұрпақтан-ұрпаққа  тілсіз  жетуі 
мүмкін  емес.  Демек,  мәдениеттің  қай  түрін  ал-
сақ  та,  оның  түрі  мен  мазмұны  тек  тіл  арқылы 
ғасырдан-ғасырға  сақталып,  ұрпақтан-ұрпаққа 
беріліп отырған. Ендеше, мәдениеттану – ұлттың, 
халықтың кешегісі мен бүгінгісін тіл арқылы тану. 
Ал «ұлт мәдениетінің бір біріне ұқсамайтын өзге-
шілігі неде?», – дейтін болсақ, оны А.А.Леонтьев 
былай түсіндіреді: «Әрбір халықтың әлемді тануы 
мен әлемді қабылдауы негізінде өз мағыналары, 
әлеуметтік  стереотүрлері,  когнитивтік  сызбалар 
жүйелері жатыр. Сондықтан да адам саналы эт-
никалық  жағынан  шартты,  бір  халықтың  әлемге 
көзқарасын  жәй  ғана  «қайта  белгілер  арқылы 
ауыстырумен»  басқа  халықтың  мәдениет  тіліне 
аударуға болмайды» [Маслова В.А., 2001, 55].
Тіл мен мәдениет әр түрлі семиотикалық жү-


159
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
йеге жатқанымен, олардың өзіндік ұқсастықтарға 
ие. Мәдениет тіл тәрізді халықтың дүниетанымын, 
оның қоршаған ортаға деген қатынасын көрсете-
ді. Тіл мен мәдениет өте күрделі қарым-қатынас-
та. Бұл күрделілік, біріншіден, тілдің мәдениеттің 
құрамдас  бір  бөлігі  болып  табылатындығында 
болса,  екіншіден,  сол  тіл  арқылы  мәдениеттің 
өзіндік көрініс табатындығында және бұған қоса, 
тіл өз алдына дербес жүйе екендігі.
Демек,  сөз  заттың  тікелей  атауы  ғана  емес, 
адам  санасындағы  шығармашылық  үдерістің 
жемісі. Олай болатын болса, сөз затты атап қана 
қоймай,  оны  танытады,  анықтайды.  Ал  таныту 
белгілі  бір  халықтың  өмір  сүріп  отырған  кезең-
деріндегі  нақты  жағдайларына  байланысты  әр 
алуан  болады.  Бұдан  әр  халықтың  өзіндік  қай-
таланбас  ерекшеліктері,  ұлттық  этникалық  өзге-
шеліктерін  сипаттайтын  тілдік  деректері  болады 
деген  қорытынды  жасаймыз.  Лингвомәдениет-
тану – бұл лингвистика мен мәдениеттің аясында 
пайда болған, тілде көрініс тауып бекітілген халық 
мәдениетінің көрінуін зерттейтін ғылым. Ол зерт-
теу мақсаты, міндеттері , әдістері, нысаны бойын-
ша өз алдына дербес сала болып табылады. Тіл 
бір  уақытта  мәдениетті  сақтаудың,  дамытудың, 
қалыптастырудың  құралы,  бөлігі  болып  табыла-
ды.  Тілдің  көмегімен  материалдық  және  рухани 
мәдениеттің шынайы туындылары жарыққа шы-
ғады. Осы идеяның негізінде мыңжылдықтардың 
табалдырығында  жаңа  ғылым  лингвомәдениет-
тану қалыптасты.
Осыдан  мәдениеттің  көне,  жанасын,  мәде-
ниеттің  бар  тарихын  сөйлетуші  де,  жеткізуші  де 
тек ана тілдің құдіреті екені әр халықтың өзіндік 
тұрмыс-тіршілігі  тілі  арқылы  өрнектелуінен,  мә-
дениеті тіл арқылы басқа елге танылуынан тіл мен 
мәдениет арасында ажырамайтын байланыстың 
торабы бар екенінен байқауға болады. 
Адамзаттың дүниені тану мен ойлау арасында-
ғы тәсілінің тіл құрылысының байланыстылығын 
этнолингвистикалық болжам ретінде баяндаудан 
туған «Сепир – Уорф болжамы» халықтық тіл мен 
ұлттық дүниетанымды танудың ғылыми алғышар-
ты іспеттес болғаны – ғылымның жаңа сатыға кө-
терілгенінің дәлелі екенін көруге болады. 
Тіл – тек мәдениетті танушы құрал ғана емес, 
сондай-ақ тілдің бойында оның (мәдениеттің) ар-
қауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін 
айқындап тұратын қасиетінің бар екенін анықтай 
аламыз.  Тіл  рухының  қасиеті  халықтың  ой-та-
нымында,  мінез-құлқында,  әлеуметтік  өмірінде 
сақталған.  Өйткені  адам  баласының  ой-санасы, 
сол арқылы істеген еңбегі, мінез-құлқына сай та-
биғатын  қалыптастыруы,  өз  танымына  сай  өмір 
салтын қалыптастыруы тұтастай бір мәдениеттің 
дүниеге келуінің үлкен себепшісінің бірі. Осымен 
байланысты этностың психологиялық күйін тілге 
қатысты  болжаулармен  дәлелдеген  В.фон  Гум-
больдт  концепциясында:  «Тілдің  табиғаты  мен 
тегі тіл мен ойлаудың халық рухымен байланыс-
тылығында»,  –  деген  айырықша  пікірмен  ерек-
шеленді. В.А.Маслова «Язык теснейшим образом 
связан с культурой: он прорастает в нее, разви-
вается в ней и выражает ее» деп тілдің мәдениет-
пен байланыстылығын көрсеткен [Леонтьев А.А., 
1993, 9].
Ғалымдардың  зерттеулерінде  ұлттық  тіл  мен 
халық  мәдениеті  арасындағы  сабақтастықты  о 
бастан  қарастырып,  тілдің  ішкі  формасына  сая-
тын қасиеттерін танытқан. Оның (ішкі форманың) 
тілдегі көрінісін өзек қылған ғылыми құнды ойлар 
мен тұжырымдар тіл ғылымының жаңа бағыты-
мен ерекшеленетін лингвомәдениеттану пәнінің 
болжамы іспеттес. Негізінде, адамзат қоғамының 
дамуында  –  әлеуметтік  сананың  өрлеуі,  ой-са-
наның  жетілуі,  тіл,  мәдениет,  тарихтың  тоғысуы 
маңызды фактор болып табылады. Әр халықтың 
этномәдени тұрмысын ұлт тілінің негізінде, әлем-
дік  мәдениеттің  ауқымында,  дүниетанымын  қо-
ғамдық ғылымдардың саясында сөз ету мәселесі 
тіл  ғылымының  бүгінде  ғылыми  өрісін  тереңге 
жайған  этнолингвистика  саласында  қарастыры-
лып  жатыр.  Осымен  тығыз  байланысты  ұлттық 
мәдениет пен ұлттық тілдің өзара байланыстары 
бір-біріне әсері айқын деректің белгілі бір этнос-
қа тән екендігін танытуда бізге кеш жеткен жаңа 
бағыттың бірі – сөз етіп отырған лингвомәдениет-
тану ғылымы. Бірақ тіл ғылымында XV ғасырдың 
бас  кезінен  бастап  ерекше  қалыптасқан  ғалым-
дардың  (Ф.Соссюр,  В.Гумбольдт,  А.Потебня, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет