Болат пен шойынды өндіру


болат қорытуға арналған шойын, құйма шойын, арнаулы шойын



бет2/3
Дата10.02.2023
өлшемі22,77 Kb.
#66735
1   2   3
Байланысты:
Болат пен шойынды өндіру метрология — копия

болат қорытуға арналған шойын, құйма шойын, арнаулы шойын болып бөлінеді. Шойын құймалардың сапасын жақсарту үшін аз ғана мөлшерде түрленгіштер қосып түрлендіру және шойынды әртүрлі элементтермен қоспалау қолданылады. Шойынның балқу температурасы 1130-1250С аралығында болады.
Шойынды домна пештерінде алады. Домна пешінің биіктігі 25-30 м, екі диаметрі 6 м, іші отқа берік кірпіштермен қаланған. Темір кендері негізінен оксид болғандықтан оларды көмірмен тотықсыздандырады, бірақ балқыған темір өз ішінде көмірді ерітеді, сондықтан тотықсызданған темір таза түрде емес, ішінде еріген, 1,7-5% көміртек және басқа қоспалары бар қима түрінде шығады, ол қима шойын деп аталады. Шойында көміртектен басқа күкірт, кремний, фосфор, марганец, т.б. элементтер болады. Шойынның түрлері:
Ақ шойын – барлық көміртегі (массалық үлесі 6,67) цементит түрінде болады. Бұл шойынның беріктік, үйкеліске беріктік, қаттылық, морттық қасиеттері жоғары болып келеді. Шойынның морттық қасиеті құрамындағы көміртектің мөлшерінің артуына байланысты болатқа өңдеуге арналған. Ақ шойын соқаның пышағын, диірменнің шарларын соғылатын шойын алу үшін қолданады. Ақ шойындар тез сынғыш, өте қатты және морттылығы жоғары, кескіш аспаппен жақсы өңделмейді, сондықтан ақ шойын деталь жасауға қолданылмай қайта өңделетін шойын ретінде, яғни болат жасауға қолданылады.
Сұр шойын (құймалы шойын). Сұр шойындарда көміртегі бос күйінде пластикалы графит шойынның беріктігін төмендетіп, кесумен өңдеудің сапасын жақсартады. Мұндай шойындардың құрамында графит болғандықтан, сынығы сұр түсті болады. Сұр шойын арзан құрылымдық материал болып есептеледі. Оның жоғары құйылғыштық қасиеттері бар, кесумен жақсы өңделеді, тозуға төзімді.
Соғылатын шойын – өте тұтқырлы, оны ақ шойынның қорытпасын күйдіру арқылы алады, яғни 950С температурада ұзақ тұрғызып, жайлап суытады. Нәтижесінде графит үлпек түрінде болады. Бұндай түріндегі шойып өте сапалы. Соғылатын шойынды автомобиль, ауылшаруашылық және тоқыма машиналары құрылысында кең қолданады. Соғылатын шойындар ылғалды ауа, газ және су ортасында жұмысқа пайдалануға бейім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет