Бөлім: 1а химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар



бет2/2
Дата19.09.2023
өлшемі314,98 Kb.
#108598
1   2
Байланысты:
7 қмж

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысуын тексеру
Психологиялық ахуал тудыру
Оқушыларды элемент, қоспа және қосылыс бойынша үш топқа бөлу (парақшалар арқылы) Психологиялық ахуал қалыптастыру, оқушылардың қызығушылығын ояту үшін «Сұрақтарды ұстап ал» әдісін пайдаланып сергіту сәтін ұйымдастырады.



Өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырады:
1. Химия нені зерттейді? Химияның маңызы мен міндеттері қандай?
2.Дене және зат ұғымдарының айырмашылықтары неде?
3. Адамның табиғатқа тигізетін оң және кері әсерлеріне мысалдар келтіріңдер.
4. Химияның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына қосар үлесі қандай?
5. Химия сөзінің шығу тарихын және химия ғылымының адамзат тарихындағы маңызын әңгімелеңдер.

Бас бармақ әдісі арқылы бірін-бірі бағалайды

Стикер
Интербелсенді тақта

Жаңа сабаққа кіріспе
7 минут

Интерактивті тақтаға суреттер көрсетеді.



Берілген заттардың ішінен таза заттарды атайды: ауа, сутегі ,мыс, сүт, алтын, металл балқымалары, хлор, ерітінділер, азот, тұман, түтін.
Таза заттарды алу жолдарын айтады.



Дескриптор
-таза заттарды ажыратады
-таза заттарды алу жолдарын атайды.
-таза заттармен жұмыс жасау қажеттігі неде?



Суреттер

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 минут.

Сәйкестендіру тесті арқылы оқушыларға химиялық элемент және таңбасы берілген суреттерді таратады.
«Өкіл» әдісі бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқушыларға тапсырма бөліп беріледі. Берілген тапсырмалар арқылы , барлық топқа бірдей суреттер топтамасы ұсынады.

Әрбір химиялық элементтің символы мен атауларын сәйкетендіреді.



Химиялық элементтің аты

Таңбасы

1. Калий

А. Si

2. Кремний

Б. K

3. Мыс

В. Li

4. Күкірт

Г. S

5. Литий

Д. Cu

Оқушылар суреттер көмегімен өздеріне берілген тапсырма бойынша «элемент», «қосылыс» немесе «қоспаның» маңыздылығын сипаттап, ерекшеліктеріне тоқталулары қажет.


1-топ – элемент
2-топ – қосылыс
3-топ - қоспа






Дескриптор:


-символдар бойынша химиялық элементті атайды.
-атауы бойынша элементтердің символдарын көрсетеді



ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Топтық жұмыс «Жалғасын тап»
6 минут



«Ойлан тап» әдісі бойынша оқушылар семантикалық карта арқылы жаңа сабақты пысықтау
- әр оқушыға жеке тапсырма ретінде кесте таратылады

Олар төмендегі заттарды элемент, қоспа, қосылыстарға жіктеп берулері қажет.




элемент

қоспа

қосылыс

кетчуп










күміс










теңіз суы










ауа










оттегі










топырақ










алтын










ас тұзы










көміртек (алмаз)










көмірқышқыл газы










кока-кола










қант













Дескриптор
- Элементтерді кестеге толтырады.
- Қоспаларды кестеге толтырады
- Қосылыстарды кестеге толтырады
- Элемент,қоспа, қосылыстарды ажыратады .



Презентация

Жеке жұмыс
5 минут

Заттар, қоспалар мен қосылыстарды салыстыру
Қауіпсіздік техникасы. Қыздырғыш аспаптармен жұмыс ережесін сақтау.



1. Берілген күкірт, темір, темір (ІІ) сульфидінің үлгілерін мұқият қараңдар. Бұл заттардың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар, бақылағандарыңды кестеге түсіріңдер.
2. Күкірттің және темірдің әрқайсысынан бір-бір бөліктен шпа-тельмен алып, стақанға салыңдар. Қоспаны шыны таяқшамен араластырыңдар. Қоспаны мұқият қараңдар. Бақылауларыңды кестеге түсіріңдер.
3. Таза заттарды зерттеңдер (күкіртті, темірді және темір сульфидін) және дайындалған қоспаға магнитпен әсер етіңдер. Бақылауларыңды кестеге түсіріңдер.
4. Суды әр үлгіге құйыңдар, таяқшамен қоспаны араластырыңдар, оларды біраз уақыт тұндырыңдар. Не байқадыңдар?
5. Қыздырғыш құралдармен қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтай отырып, әр үлгіні қыздырыңдар. Бақылағандарыңды кестеге түсіріңдер.




ДК экраны
7-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері

Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 минут.

Таза заттар және темір-күкіртті қоспаның салыстырмалы сипаттамаларын сұрайды



? 1. Темір мен күкіртті араластырғаннан кейін темір заты мен күкірт заты өз қасиеттерін сақтай ма?
2. Темір сульфидін физикалық тәсілдермен жай заттарға бөлуге бола ма?
3. Темір сульфиді (FeS) күрделі затында темір заты мен күкірт заты өздерінің бастапқы қасиеттерін сақтай ма? Жауаптарыңды түсіндіріңдер
Бағалау топтар бір-бірін бағдаршам әдісі бойынша бағалайды,
Үйге тапсырма: §2 – оқу, жаңа термин сөздерді қолданып, глоссарий жасау

«Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет