Бөлім: 3 а тұрақты электр тогы Педагогтің аты-жөні



бет3/4
Дата20.03.2023
өлшемі46,69 Kb.
#75609
1   2   3   4
Токтың жылулық әрекеті.Өткізгіш бойымен ток өтсе, онда ол қызады. Бұл тұрмыстық техникада (электр шамында, үтікте, электрплиткада, қайнатқыштарда, электр лампасы, шашкептіргіштерде) кеңінен қолданылады. (оқушыларға көрсету)
Токтың химиялық әрекеті. Химиялық ерітіндіге батырылған өткізгіш арқылы ток өткенде ерітінді құрамындағы заттар бөлінеді. Осы тәсілмен таза мыс алуға, металл бетін күміспен қаптауға болады. (сыртына күміс шеңбер, гүл салынған стақанды көрсету, бейнеролик тамашалау)
Токтың магниттік әрекеті. Өткізгіштен ток өткенде оның айналасында магниттік қасиет пайда болады. Темір заттарын магнит сияқты тартады. (бейнеролик тамашалау)
Токтың физиологиялық әрекеті.Жануарлар денесінен ток өтсе, онда бұлшықеттер жиырылады. Итальяндық анатом және физиолог Луиджи Гальвани атмосферадағы электр тогының бақа еттеріне әсерін зерттеген.
1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен, оны металмен жалғап, бұлшық еттерінің жиырылуын байқады. Гальванидің бұл жаңалығы түрлі салада айналысатын физик, химик, философ, дәрігер ғалымдардың қызығушылығын тудырды. (Вольта бағанасын айтып кету)
Үлкен токтардың адам денесіне әсері қатты, сондықтан токпен жұмыс істегенде абай болу керек.
Сонымен ток көзін жасау үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Бұл күштерді бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін ε(эпсилон) әрпімен белгіленетін электр қозғаушы күші (ЭҚК) ұғымын енгіземіз. Ол ток көзінің энергетикалық сипаттамасы болып табылады.
ХБЖ-де ЭҚК-нің бірлігі 1 Вольт (В) болып табылады.
Ток көзінің шартты белгісі
Гальвани элементі мен аккумулятордың оң полюсі –ұзын сызықпен, теріс полюсі – қысқа сызықпен кескінделеді.
Генераторлардың полюстеріне «+», «-» таңбалары қойылады.


«АВС» әдісі
Жеке жұмыс. Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей
1.Егер бөгде күштер 10 Кл электр мөлшерін ток көзінің бір полюсінен екінші полюсіне ауыстырғанда 30 Дж жұмыс жасаса, онда ток көзінің ЭҚК-і қандай болады ?
2.Аккумулятор мен гальвани элементінің негізгі айырмашылығы неде ?


ІІ деңгей
1.Егер мыс сымдарын көкөніске (картоп, пияз, сәбіз) немесе жеміске сұғып қойса, одан гальвани элементін алуға бола ма?
2.Заряд бір нүктеден екінші нүктеге дейін орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1 кВ өрісте 400 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең ?


ІІІ деңгей
1.20 нКл потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істеді ?
2.Мыс өткізгіштің екі ұшын бірдей күкірт қышқылының судағы ерітіндісіне батырса, онда электр тогы жүре ме? Неге себебін түсіңдіріз?

Рефлекция. Маған не қиын болды, не қиын болмады. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз пікірлерін стикерге жазып, кестеге іледі.

Дескрипторларға сүйене отырып оқушылар өз білімдерін жұптасып бағалау критерий арқылы бағалау


Жаттығу жұмысы



Сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушы
лығы
оянады, білімін көрсетеді.

Оқушылар байқалған құбылысқа байланысты ой-пікірлерін білдіреді. Сабақтың тақырыбын ашады.


Оқушылар жұмысты құрылымдауға үйренеді.


Жаңа тақырып бойынша бойындағы білімдерін пысықтайды.

Оқушылар деңгейлік тапсырманы орындайды




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет