Мақсаты:Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Сабақтың ортасы
15 мин.
Оқушыларға көміртегі атомының құрылысын жазуды ұсыну. Уақыт біткен соң дәптерлерін ауыстырып тақтадағы мұғалім жауабымен сәйкестендіріп бір-бірінің жұмысын тексереді.
Қосылыстардың а) құрылымдық; б) үшөлшемді бейнедегі формуласын жазыңыздар.
А) пропан (С3Н8)
В) этанол (С2Н5ОН)
С) хлорметан (СН3СІ)
Тақтадағы дұрыс жауаптар арқылы бірін – бірі тексереді.
Бағалау критерийі: - Берілген молекулалардың кеңістіктегі үшөлшемді бейнесін дұрыс құрастыра алады;
- Берілген молекулалардың кеңістіктегі бейнесін дәптерге дұрыс кескіндей алады
Органикалық қосылыстардың бейорганикалық қосылыстардан өте көп екенін білдік. Ендеше оларды қалай және қандай қасиеттеріне сүйене отырып жіктей аламыз? Оқушылардың ойларын тыңдау.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Топтық жұмыс
6 мин
Сыныппен жұмыс. Тапсырма. С4Н10 – бутанның эмпирикалық, құрылымдық және қаңқалық формулаларын жазыңыздар.
Жауабы: