Бөлім Атауы: тарих тағылымы сабақ тақырыбы: Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы


-тапсырма Тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, баға беріңіздер



бет2/2
Дата20.05.2023
өлшемі116,4 Kb.
#95583
түріСабақ
1   2
Байланысты:
2-сабақ. Бесеудің хаты

2-тапсырма Тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, баға беріңіздер.


Драманың тарихи құндылығы

Драманың көркемдік құндылығы

Сіздің берер бағаңыз



Дескриптор:

  • драманың тарихи құндылығын анықтайды;
  • драманың көркемдік құндылығын анықтайды ;
  • құндылығына баға береді

Ықтимал жауап


Драманың тарихи құндылығы

Драманың көркемдік құндылығы

Сіздің берер бағаңыз

Шығарманың құндылығы-Қазақстандағы ұжымдастыру қасіретін, 1930-1933 жылдардағы ашаршылық жайлы ашық көрсетуі.
Ұжымдастыру науқаны халқымызды негізгі кәсібі мал шаруашылығынан ажыратып, малынан айырған еді. Малынан айрылған ел жаппай аштыққа ұрынды. Қолдан ұйымдастырылып, халқымызды қынадай қырған сол зымиян саясатқа қарсы шыққан наразылық хаты сұрапыл кезеңнің шындығын көрсеткен құжат ретінде тарихта қалды.
Шығарманың мазмұны нақты тарихи фактілерге сай жазылған.

Бұл шығарма -тарихи оқиғаны, ел білген шындықты көркем сөздің қуатымен оқырманның жүрегіне жеткізуімен құнды.
Қылышынан қан тамған Сталин саясатын айыптап, өкімет билігін теріс пайдаланушыларды ерекше шеберлікпен әшкерелейді
Қазақтың басына нелер нәубет келмеді?! Соның ішіндегі сорақысы қолдан жасалған ашаршылық. Аштықтан қаншама халық жапа шекті.Шығармада халықтың тағдыры мен тұрмысын нанымды көрсетеді.
Ел тағдырына қатысты әлеуметтік мәселелерді халықтық мүдде тұрғысынан тамаша толғай біледі.

Тарихи шындықты көркем шығарма етіп беру оңай емес. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы ашына жеткізеді.
Бұл қасірет қоғам белсенділерінің қабырғасын қақыратқаны шындық. Сталинге хат жазған бесеудің есімі тарихта қалары сөзсіз. Ұлт үшін жасаған азаматтық қадамы, адамгершілік қасиеті арқылы ұлт зиялысына айналды. Алаш үшін адамгершіліктен айныған жоқ. Басын бүркеп, бұқпантайлап билеуші партиядан жасқанбады
Мүсірепов: «біз,халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал,сендер халық қайта тірілгендіктен атыласыңдар! Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеде де орын таппай қаласыңдар! »-деп, айтқандай халық тірілді,өз тәуелсіздігіміз бар, егемен елге айналдық.
Ендеше бұл шығарманың қазақ халқы барда, еңсесі қашан да биік болмақ

Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақта қандай өмірлік білім алдым?
  • Cабақта маған тапсырманы орындауға не көмектесті?
  • Cабақта маған тапсырманы орындауға не кедергі болды?
  • Маған қиындықтарды жеңу үшін не істеу қажет?

Оқу тапсырмасы

Драманың идеясын негізге ала отырып, адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, «Арда туған Алаш арыстары...» тақырыбында әдеби эссе жазыңыздар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет