2-тапсырма. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, оқылым мәтінінің тезисін жазыңдар. Сақтар - қазақ тайпаларының ежелгі ата-бабалары. Оны Алматы қаласының төңірегіндегі сақтардың қоныстары, қорғандары мен мола-бейіттері айғақтайды.
1969 жылы Алматы облысының Есік қаласы маңындағы қорғандардың орнына жүргізілген археологиялық қазба жұмысы кезінде екі мола табылды. Оның біріншісі тоналған, ал екінші моладағы мүрде тұтастай бүлінбей сақталған. Антрополог-ғалымдардың анықтауынша, табылған сақ көсемінің жасы 17-18 шамасында, бойы - 1м 65 см. Сақ көсемінің үстіндегі киімі теріден жасалып, 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Бас киімі биік, шошақ төбелі, ұзындығы- 70 см. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, саусағына екі алтын жүзік таққан, қамзолы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге қызыл ұзын семсер, қынға салынған темір қанжар ілінген. Мойнындағы алтын алқасында жолбарыстың басы, қанатты және мүйізді жылқылар, таутеке, барыс, арқарлар мен түрлі құстар бейнеленген.
Бұл тарихи ескерткіш киімінің алтынмен соншалықты бай безендірілуінен «Алтын адам» деген атқа ие болып, әлем ғылымы тарихына енді.
Сақтар өзіндік қайталанбас мәдениетін, жазбасын, аңыз әңгімелері мен қолөнерін қалыптастырды.
Әлем мәдениетіндегі жарқын мысалдардың бірі – сақ мәдениеті.