статистикалық деректерді ӛңдеу және талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды жасау.
Бағалау: есептің мәтініне қатысты есептеулер нәтижесін бағалау.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі кӛмек ретінде қолдануға мҥмкін болатын кез-келген кӛрнекі қҧралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дҧрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бҧрын алғашқы бетінде жазылған нҧсқау оқылып, білім алушыларға жҧмыстың орындалу ҧзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жҧмыс барысында бір-бірімен сӛйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нҧсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін тҥсінбеген сҧрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жҧмысты ӛздігінен орындап жатқандығына, жҧмысты орындау барысында кӛмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сӛздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рҧқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мҥмкіндіктерінің жоқ екендігіне кӛз жеткізіледі. Олардың жҧмыс уақытында бір-біріне кӛмектесулеріне, кӛшіріп алуларына және сӛйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дҧрыс емес жауапты ӛшіргішпен ӛшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ҧсынылады.
Жҧмыс барысында нҧсқаулыққа немесе жҧмыстың ҧзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сҧрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға кӛмек беруге негізделген кез-келген ақпаратты оқуға, айтуға, ӛзгертіп айтуға немесе кӛрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын ҥнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жҧмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның ҥстіне қоюларын ӛтіну керек.