Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


Естiң индивидуалды ерекшелiктерi және дамуы



бет59/99
Дата01.10.2023
өлшемі1,11 Mb.
#112287
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99
Байланысты:
ПСИХОЛОГИЯ

Естiң индивидуалды ерекшелiктерi және дамуы
Естiң генетикалық және иммунитеттiк түрi адамға туылғанында берiледi, ал нервтiк түрi өмiр бақи қалыптасады және дамиды. Бiр-екi айлық балалар ең алдыменен анасын, соңынан басқаларды тани бастайды. Сол кезiнде үй iшiндегiлердiң бiреусi үш немесе көп күнге дейiн көрiнбесе, бала оны ұмытып кетедi екен. Балада естiң тану түрi бiрiншi дамиды екен. Зерттеулерге қарағанда, 3 жасар бала, жарты жыл бұрын көрген заттарын тани алса, 4 жасар бала бiр жыл бұрын, 6 жасар бала бiр жарым жыл бұрын көрген заттарын танитын көрiнедi. Мектеп жасына дейiн балаларда көбiнесе эмоциялық және эйдетикалық есi болады. Есте сақтағандарының көбiсi ұзақ мерзiмдi сақталады. Жастайынан балаларға тақпақтарды, өлеңдердi жаттатып, қайталау, айтылған ертегiлердi, әңгiмелердi айтып берүдi сүрау – естi дамытуының басты шарттары. Бұл балалардың есте сақтау және қайта жаңғыртулары ерiксiз болып келедi. Ал мектепке келгеннен кейiн балаларда ерiктi, сөздiқ -мағыналық, логиқалық естi мұғалiмдер түрлi шаралармен дамытады. Естi тәрбиелеу дегенiмiз, есте қалдыру, қайта жаңғырту жаттығуларының әдiстерiн дұрыс жолға қойып орындауымен байланысты және сонымен естiң көлемiн нығайту. Егер жаттаудың жүесiн жақсы бiлсе және орындаса, жаттағанды еске түсiруi де еске қалдыруда зор нәтижелi болмақ.
Естiң әр адамда даралық ерекшелiктерi болады. Бiреулер түрiн жақсы еске сақтайды да, сөздердi тез ұмыта бередi. Бiреулер әңдердi тез еске сақтайды, бiреулер қимылдарды. Ал қазақ ақындарында мен жырауларында естү есi жақсы дамыған болытын едi. Осындай ерекшелiктерiне орай естiң типтерiн бөлiнедi. Есте қалдыру мен ұмытудың шапшаңдығына, олардың баяулығына орай төрт типке бөлiнедi: есте қалдыру ұмыту
Бiрiншi - шапшаң баяу
Екiншi - баяу баяу
үшiншi - шапшаң шапшаң
төртiншi – баяу шапшаң
Бiрiншi типтегi адамдар оқыған немеес жаттаған нәрсесiн бiр реттен ақ есiнде жақсы қалдырады. Естi дамытуға әр кезде болады.
Адамға бiлiм алу үшiн әр кезде ес керек болып жатады. Оқудың сапасын көтеру үшiн естi дамытуға қажет. Бiздiң көргенiмiздiң, естiгенiмiздiң және сезiнгенiмiздiң көбiсi ұмытылып кетедi, өйткенi оған зейiнсiз қараймыз. Ес зейiн, қабылдау және ойлау құбылыстарымен тығыз байланысты болады. Сондықтан, есте сақтауды жақсартамын десеңiз байқағыштықты, таңдаушылықты, елестету мен түсiнудi және санаға жеткiзудi жетiлдiру қажет.
Психологтарменен өте көп тәсiлдер ашылған. Осыларды колданғанда, мысалы, шетел тiлдердi тез жаттауға болады немесе емтихандарға дайындалуға көмектеседi. Бұл мнемотехникалар:
ВИЗУАЛИЗАЦИЯ. Жаттаған сөздерден бейненi құрастырып жаттау. ''the sun shines’’ дегенде ‘’күн шықты’’ деп жаттамай, орнына күннiң жарқырағанын елестетiңiз.
УАҚЫТҚА БАұЫТ-БАұДАР ҚОЮ. Егер есте сақталатын мәлiметтi тек емтихан тапсырғанға дейiн деп сақтаса, ол тез ұмытылады. Ал сол мәлiмет болашақ мамандық бойынша жұмыс iстегенде керек болады деп сақтаса, ол көп уахытқа қалады.
АССОЦИАТИВТi ЕСТЕ САҚТАУ. Есте сақталатын сандарға, сөздерге, қимылдарға т.б. ассоциативтi байланыстарды табу. Мысалы, телефонның номiрiн сақтағанда, сандарды әйгiлi жылдармен байланыстыру. Бiр сөздерде, сойлемдерде белгiлi көшелердi немесе орындарды елестету. Қимылдарда бiр аңдармен байланыстыру.
’МИНУСТЫ’’ ‘’ПЛЮСҚА’’ АУЫСТЫРУ. Бiр нәрсенi еске сақтағыңыз келсе оны жақсы көңiл күйiңiзбен байланыстырыңыз. Немесе жаттайтын нәрсенiң қабылдауын жағымды қылып өзiңiзге көрсетiңiз. Сол кезде ол көпке дейiн сақталады.
ФАМИЛИЯЛАРДЫ ЕСКЕ САҚТАУ. Басқа адаммен танысқанда фамилиясын немесе атын дұрыс еске сақтамасаңыз, сол адамды ренжiтiп аласыз. Сiзде сөздердердi еске сақтау қабылеттiң дамымағанын ол қайдан бiлсiн. Сол үшiн ең алдыменен айтылғанда дұрыс естiп алыңыз. Түсiнбесеңiз тағы қайталауды сұраңыз. Онда түрған еш нәрсе жоқ. Содан барып сол сөздiң мәнiн түсiнүге тырысыңыз немесе өзiңiз өте жақсы бiлетiн ұқсас атты адамдармен байланыстырыңыз.
ТӘУЛIК БОЙЫ ЕСКЕ САҚТАУЫМЫЗ ӨЗГЕРЕДI. Табиғи адамда әр кезде жұмыс қабылетi өсiп немесе төмен түсуi қалыптасқан. Есте де күшеюi немесе әлсiреуi болады. Сонымен түнде, сағат 2-4 дейiн және күндiз сағат 12-14 арасында есте сақтауымыз нашарлайды. Ал таң ертең сағат 8-12 дейiн және күндiз 14-17 дейiн еске сақтауымыз күшеедi. Бiрақ кейбiр кездерде адамның кеш уақыттарында ойлау және еске сақтау жұмысы жақсарады.
ӨЗ ТIЛI³Е АУДАРУ. Еске сақтау мәлiметтi өзiңе түсiнiктi ұғымдармен, өз сөзiңе ауыстыру. Өзiiнiң тәжиребеңнен алынған нәрселерге байланыстырғанда еске сақтау жақсарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет