Тақырыбы: Елестету және қиялдың көрінуінің жас ерекшеліктері



Дата08.05.2023
өлшемі82,05 Kb.
#91076
Байланысты:
Òà?ûðûáû Åëåñòåòó æ?íå ?èÿëäû? ê?ð³íó³í³? æàñ åðåêøåë³êòåð³


Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті




Институт: «Тарих және құқық институты »

5 СОӨЖ


Пән: Психология
Тақырыбы: Елестету және қиялдың көрінуінің жас ерекшеліктері.

Орындаған: Аймұрат Ақжолтай
Тексерген: Қуанәлі.М

Алматы 2022

Елес — күрделі психикалық процесс, ол бірнеше дара процестерден тұрады. Олардың негізгілері: есте қалдыру, қайта жаңғырту, ұмыту.


Елесті есте қалдыру дегеніміз — жаңадан қабылданған бейнелер мен материалдарды, олардың мәнін есте бұрынғы сақталғандармен байланыстырып отыру. Елестерді есте калдыру процесі талғамалы. Өйткені, біз санамызға бұрын әсер еткен нәрселер мен құбылыстардан, болмыс пен оқиғалардан өмір мен тіршілікке қажетті материалдарды ғана тұрақтандырып, жадымызда қалдыруды мақсат етеміз.
Елесті сақтаудың тиімді әдісі мен жемісті болуы қажетті материалдарды жаттап алуға байланысты. Бұл тәсілдің де өзіндік амал-әрекеті, жүйесі бар. Кез-келген жаттау жемісті бола бермейді. Ғылымда елесті дамытуға арналған жаттау тәсілін — мнемоника деп аталады. Бұл латын сөзіней шыққан. Мәнісі — жаттап алу амалы, елесті дамытудың тиімді жолының бірі.
Қиялды елес адамның әр алуан іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса маңызды қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері де әрқилы. Қиялды елестің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту процестерімен тығыз ұштасады. Мысалы, адамда есту елесі мен көру елесі психикалық қасиеттер ретінде көрінеді. Іс-әрекет сипаттарына орай, елес мынадай үш түрге негізделіп бөлінеді: 1. Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, эмоциялық-сезімдік, бейнелі-көрнекілік және сөздік мағыналық (логикалық); 2. Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай: ерікті, еріксіз елес. 3. Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатындығына карай: қысқа және ұзақ мерзімді (түлкілікті), сондай-ақ оперативтік елес.
Қимыл-қозралыс елесі дегеніміз — ойын, спорт, енбек, оқу әрекет-теріне байланысты әр түрлі қимыл-қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Мысалы, коньки
тебу, машинада жазу, өлең-сөздерді жаттау, қой қырқу т.б. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Адамның бастан кешірген түрлі сезімдері мен змоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік елес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын кайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға же-телейді.
Эмоциялық елес бойынша адам басынан кешіргендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл елестің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.
Бейнелі-көрнекілік елес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Елестің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай бейнелі-көрнекілік елес — көру, есту, сипау, иіс, дәм елестері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту елесі мен көру елесінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм елестері (түйсіктердің осы түрлеріндегі сияқты) өте жақсы дамып, басқа елестердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі елес, әсіресе, көркеменер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.
Кейде эстетикалық елесі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.
Сөздік-мағыналық (логикалық) елес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қоры-тындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Елестің бұл түрінің сөздік-мағыналық (логикалық) деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылдаған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің кызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші рөл атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарды сөзбе-сөз жаттап алу-механикалық түрде есте қалдыру делінеді. Сөздік-мағыналық елес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауында жетекші мәнге ие. Елестің бұл түрлері адамның әрқилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай турлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.

Қиял дегеніміз - бізді қоршаған сыртқы дүниедегі заттар мен кұбылыстардың образдарын жанғыртып, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Қиялдың ойлау процесіндеалатынорныерекше.Өйткеніойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді.Қиял- еңбек процесінде адамның белгілі - бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептелінеді.Өзіндік ерекшеліктермен олардан туындайтын себептерге орай қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялык әдебиеттерде ырықсыз қиялды (пассив қиял), ырықты қиял (актив қиял) деп те атайды.


Әр адамның қиял ерекшеліктерді оның жеке қалаулары мен қасиеттеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас ерекшеліктеріне де, білім тәжірбиесіне де байланысты. Мысалы, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірбиесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялы бірдей болмайды. Қиял адамның өскен ортасына, қоғамға байланысты болады. Қиял – ес бейнелерін қайта құрастырумен өзгерте жаңалау негізінде болмысты бейнелі- ақпараттықжобаға түсіру қызметін атқарады. Қиял арқылы адам келешекті болжайды, өз әрекет- қылығын реттейді, болмысты шығармашылықпен қайта жасайды.
Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды. Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады. Екі жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады. Дамудың бұл кезеңіндегі өзгешілік — балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады. Балабақшадағы бүлдіршіндер сюжеттік ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі рөлді орындайды. Осындай ойын әрекеттерінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа рөлдер тауып алады. Бұл шығармашылық қиялдың белсенді қатынасынан туындайды.
Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды.
Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі әрекеті болып табылатын ойын — бала қиялын дамытуда ерекше орын алады. Ойын үстінде оның шығармашылық талабына кең жол ашылады. Бала ылғи да бір нәрсені жасау, құрастыруға әрекет жасайды. Ойын баланың ойлау белсенділігін, күш-қуатын барынша жұмсауға мүмкіндік туғызады. Ойын үстінде бала айналадағы шындықты сын көзімен қарап аңғара алмайды да, қиял бейнелерінің жетегінде кетеді. Бала психикасының осы жағы да қиял тәрбиесінде есте болатын жайт. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л. С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
Мектеп — бала қиялын дамытуда үлкен рөл атқарады. Мұндағы оқылатын сабақтардың мәніне түсіну қиялсыз мүмкін емес. Мәселен, табиғатты суреттейтін, немесе қандай да болсын оқиғаны баяндайтын бір материалды түсіндіргенде мұғалім арнаулы тәсілдер арқылы окушылардың қиялын оятады. Қиял арқылы бала ондағы жанды бейнелерді көз алдына елестеткендей, қолымен ұстағандай, құлағымен еститіндей күйге түседі. Көркем әдебиет шығармаларын талдағанда, тарих сабақтарындағы әңгімелерде, оқушылардың түрлі ойындарында қиял процесі әр қырынан көрініп отырады. Бастауыш сынып оқушыларында алғашқы кезде қиялдың дамуы айтарлықтай болмайды. Мәселен, бірінші сыныптағылар суретке не оқығанға қарап, өз бетімен жаңадан бейне жасай алмайды. Өйткені осы жастағыларда синтездеу қабілеті жөнді дамымаған. Олар оқығанын кездейсоқ, біріне-бірі байланыспаған ассоциациялар арқылы жаңғыртып отырады. Баланың қайта жасау қиялын дамыту үшін алдымен олардың тәжірибесін қорландыра түскен дұрыс. Осы салада мұғалім істейтін іс — ұшан-теңіз. Мәселен, мұғалім балаларды орманға экскурсияға апарған екен дейік. Онда оқушылар әрбір ағашты, өсімдік түрлерін көздерімен көріп, қолдарымен ұстайды, білмегендерін бірінен-бірі сұрап не мұғалімнен біліп алады. Ертеңіне мұғалім оқу сабағында балалардан көрмеген ормандарды (тайга, тундра, тропика т. б.) туралы айтып беріндер десе, бұл олардың қиялын тәрбиелеуге көп пайдасын тигізеді. Өмір тәжірибесінің артуы, білім қорының молая түсуі балалардың қиялын да дамыта түседі. Мәселен, үшінші сыныптағылар сурет сабағында алдында тұрған заттардың бейнесін айнытпай сала алады, оны осындай басқа затпен салыстырып көреді. Бұл балада қайта жасау қиялының қалыптасып келе жатқандығын байқатады. Бала қиялы әрекет үстінде дамитындықтан не нәрсеге болмасын өзін қатыстырып, оның икемділігі мен дағдысын дамытып отыру қажет. Мәселен, сурет салудың, ән айтудың тәсілдері мен техникасын үйренбейінше, баланың осыған орай көрінетін қиялы да шарықтай алмайды. Бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамыту олардың эстетикалық сезімдерін оятады. Мәселен, көркем әдебиет кітаптарын оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, ұйымдасып музыка тындау, бала қиялын жаңа мазмұнға толтыра түседі. Оқушы қиялын дамытуға үлкендер үнемі жетекшілік етуге тиіс. Мұғалім де, оқушының ата-анасы да бұл жерде тек ақылға ғана әсер етпей, эмоциясына әсер етерліктей әдістерді іздестіріп отырулары керек. Оқушылардың жас, дара ерекшеліктерін ескеріп отыру, қиялы күшті дамыған балалармен дербес жұмыс жүргізу, табиғатқа, өндіріс орындарына экскурсиялар жасау, түрлі тапсырмаларды оқушыларға дербес орындатып отырғызу, оқу барысында кездескен қиыншылықтарды жеңе алуға баулу т. б. осындай әдістер бала қиялын тәрбиелеудің түрлері болып табылады.
Пиаже өзінің тәжірибелерін онан әрі қарай жалғастырып бөбектің қылығын зерттеуді өзге бір автордын зерттеу әдісін қолдану арқылы байқап көреді. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, онын өзімшілдігі (эгоцентрлігі) соғұрлым күшті болтынтындығы анықталады. 7 жасар баланың дербестігі 10 жастағы балаға қарағанда әлдеқайда басым.
Ересек адамдар қиялы олардың өмір сүрген ортасы мен тіршілік тәжірбиелік нәтижерлеріне орай дамып отырады. ӘР алуан ғылыми жетістіктер, техника мен өнердегі орасан зор табыстар, өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы жаңалықтар, мұның бәрі – ырықты қиялдың жетістіктері.
Баланың қиялы ересек адамдарға қарағанда өте жоғары болады. Сол себепті, бала қиялын дамыту үшін ата-ананың қолдауы, яки көмегі қажет. Ересек адамдар қиялды көбінесе алдына қойған армандарын көреді, ал балалар өздерінің шығармашылықтарына байланысты неше түрлі заттарды көреді. Мысалы олар ұшатын үй немесе үлкен бәлішті көру мүмкін. Сондықтан кішкентай балармен еремектердің қиялында үлкен айырмашылық бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет