Бөлім жалпы психологияға кіріспе Тарау Психология ғылымының жалпы мєселелері. Психология пәні, оның міндеттері мен әдістері


Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы



бет18/99
Дата26.11.2023
өлшемі1,18 Mb.
#128331
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99
Байланысты:
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯГА КИРИСПЕ

Іс-әрекеттің жалпы психологиялық сипаттамасы
Iс-әрекет – адамның қоршаған ортаға деген белсендi қатынасының бiр формасы немесе қоршаған орта мен субъектiнiң өзара қатынасының динамикалық жүйесi.
Тiрi материяның өлi материядан, жоғары формалардың төмен формалардан айырмашылығы – белсендiлiкте. Адамның белсендiлiгi өте көп қырлы. Жануарға тән түрлi формаларға қоса, адамда белсендiлiктiң ерекше формасы – iс-әрекеттi айтуымызға болады. Iс-әрекеттi адам белсендiлiгiнiң ерекше түрi ретiнде анықтауға болады: ол мәдениеттiң материалды және рухани дүниесiн құрайды, өзiнiң қабiлеттерiн дамытады және адам қол мен сана арқасында құрал жасап, оны iс-әрекетте қолдануы – жануар белсендiгiнен айырмашылығы болып табылады. Яғни, адам iс-әрекетi продуктивтi, өнiмдi сипатқа ие. Жануар белсендiгiнен тағы бiр ерекшелiгi: егер жануар белсендiгi тек биологиялық қажеттiлiктерден туса, адам iс-әрекетiне өнер,танымдық қажеттiлiктер түрткi болады. Сонымен қатар, адам iс-әрекетiнiң формалары жануарға тән емес, күрделi қимылдық үйренулермен, дағдылармен байланысты. Мәселен, баланы кiшкентайынан бастап тұрмыстық заттарды дұрыс қолдануды (қасық, пышақ, орындық, сабын) үйретедi. Соның нәтижесiнде жануар белсендiгiнен өзгеше заттық iс-әрекет пайда болады.
Сонымен, адам iс-әрекетiнiң жануар белсендiгiнен негiзгi айырмашылықтарын тоқталатын болсақ:

  1. Адам iс-әрекетi продуктивтi, творчестволық сипатқа ие. Ал жануар белсендiгi табиғатта берiлгеннен басқа ешнәрсе жасай алмайды

  2. Адам iс-әрекетi құрал немесе әдiс ретiнде қолданатын мәдениеттiң материалды және рухани дүниемен байланысты.

  3. Iс-әрекет адамды, оның қабiлеттерi мен қажеттiлiктерiн, өмiр шарттарын дамытады. Ал жануар белсендiлiгi негiзiнен олардың өзiнде және өмiр шарттарын өзгертпейдi.

  4. Адам iс-әрекетi, оны орындаудағы түрлi формалар мен әдiстер – тарихи өнiмi болып табылса, жануардың белсендiгi биологиялық эволюция нәтижесi болып табылады.

5. Заттық iс-әрекет адамға туыла берiлмейдi, ол заттарды қолдануда мәдени түрде белгiленiп қойған. Бұндай iс-әрекеттi оқу және тәрбие барысында қалыптастырып, дамыту керек. Ал жануар белсендiгi алдын-ала, яғни генотиптiк тұрғыда берiген.
Адамның басты ерекшеліктерінің бірі – адамның еңбекке қабілеттілігі, ал кез-келген еңбек түрі іс-әрекет болып табылады. Кез-келген қарапайым іс-әрекеттің актісі субъекттің белсенділік формасы болып табылады, сондықтан кез-келген іс-әрекеттің қоздырушы себептері бар іс-әрекеттің қоздырушы себептері және де ол белгілі жетістіктерге бағытталады.
Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады. Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамндықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.
Қазіргі заманғы адам әр түрлі іс-әрекеттермен шұғылданады. Іс-әрекеттің барлық түрін классификациялау мүмкін емес, өйткені адам іс-әрекетінің барлық түрін сипаттау үшін адам қажеттіліктерінің барлығын атап өту керек, ал адам қажеттіліктерінің саны өте үлкен. Мұның себебі адамның индивидуалдық ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Бірақ іс-әрекеттің негізгі түрлерін жалпылап айыруға болады. Олар барлық адамға тән жалпы қажеттіліктерге сәйкес келеді. Ол адамның индивидуалды ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Іс-әрнкетің түрлеріне: ойын, оқу және еңбек жатады.
Ойын – адам іс-әрекетінің ерекше түрі. Ойынның нәтижесінде материалдық немесе идеалдық өнім шығару көзделмейді. Көбінесе ойын сауық, бәсеңдік,демалу мақсатын көздейді. Ойынның бірнеше түрлері бар: индивидуалды, топтық, заттық, сюжеттік, рөлдік және ережесі бар ойындар. Индивидуалды ойын тек бір адамның қатысуымен жүретін адам іс-әрекетінің түрі. Топтық ойын бірнеше индивидтың қатысуымен жүреді. Заттық ойын заттардың қатысуымен байланысты болады. Сюжеттік ойын белгілі сценарий бойынша жүреді. Рөлдік ойындар белгілі рөлмен шектелген әрекеттеоге негізделеді. Ал ережесі бар ойындар ойынға қатысушылардың белгілі ережелер жүйесімен реттеледі. Сонымен қатар ойынның аралқан түрлері де болады: заттық-рөлдік, сюжеттік-рөлдік, ережесі бар сюжеттік ойындар, т.б. Ойын барысында пайда болатын қарым-қатынас әдетте жасанды сипатта болады. Жасанды дегеніміз – айналадағылар оны шынайы қабылдамайды және адам туралы қорытынды жасауға негіз бола алмайды. Ойындық жүріс-тұрыс пен ойындық қарым-қатынас адамдардың шынайы қарым-қатынасына әсерән тигізбейді. Дегенмен, ойынның адам өмірінде маңызы зор. Балалар үшін ойын даму сипатымен ерешеленеді. Үлкен адамдарда ойын жетекші іс-әрекет болып табылмайды, тек қарым-қатынас пен бәсеңдік қызметін атқарады.
Іс-әрекеттің тағы бір түрі – оқу. Оқу адамның білім,икем мен дағды алу мақсатын көздейтін іс-әрекеттің түрі болып саналады. Оқу ұйымдастырылған түрде және арнайы мекемелерде іске асуы мүмкін.Ол ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін. Үлкен адамдарда оқу өзін-өзі жетілдіру сипатында болуы ықтимал. Оқу әрекетінің ерекшелігі – оқу тікелей индивидтің психологиялық дамуының қызметін атқарады.
Адам іс-әрекетінің жүйесінде ерекше орын алатыны – бұл еңбек. Еңбектің арқасында адам қазіргі заманғы қоғамды, материалдық және рухани мәдениетті құрды, өмір жағдайын жақсартты. Осымен өзіне шексіз дамуға мол мүмкіндіктерді ашты. Еңбек құралдарын жасау және оларды жетілдіру ең әуелі еңбекпен байланысты. Олар өз алдына еңбек өнімділігінің, ғылымның дамуының, өндірістік өнімнің, техникалық және көркем шығармашылықтың артуының факторы болды.
Адам іс-әрекеті – ол өте күрделі және көпқырлы құбылыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет