Мейірбике бөлмесінде дәрілік заттарды сақтауға арналған кілтпен жабылатын шкафтар болуы керек. Дәрілік заттар шкаф ішіндегі сөрелерде дәрілер топтарға бөлініп орналасады (антибиотиктер, диуретиктер, ). Шкафтың төменгі сөрелерінде тұңбалар, спиртті сығындылар (натрий хлориді , глюкоза және т.б.) орналасады. Шкафтың артқы бөлігінде үлкенірек дәрілер, алдына кіші ыдыс пен қорапшадағы дәрілер орналасады. Бүлінетін дәрілерді күннің сәулесі түспейтін жерлерде сақтайды (оларды әдейі қоңыр флаконда шығарды).