№42 «Ақжар» шағын жинақты жалпы орта мектебінің жоғары сыныптар арасында өткізілген түсіндірме жұмыстар
Хаттамасы
Ақжар ауылы 06.12.2022ж
Қатысқандар: 9-11 сынып оқушылары
Күн тәртібінде:
Кәмелетке толмағандар арасында интернет- ресурстарын дұрыс қолдану бойынша (ДТІЖО Д.Егембердиев)
Шетелдегі теологиялық оқу орындары туралы (тарих пәні мұғалімі С.Орынбеков)
Білім алушылардың виртуалды байланыстағы этикасы туралы (С.Садықов)
Алғашқы мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Егембердиев сөз алып, оқушылардың жаңа өмірге дайын болулары үшін қазірден бастап әмбебап тұлға болып қалыптасуға талпыну керек екенін айтып өтті. Ол үшін әрине қазіргі заман талабына сай білімді, өз уақытын бақылай алатын, жеке пікірі қалыптасқан, көптеген өнерді игерген болуы керек. Алайда, оқушылардың «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» қағидасын нық ұстануын нақтылап айтты.
Сөз кезегін тарих пәнінің мұғалімі С.Орынбеков алып, шет елдердегі теологиялық оқу орындарында оқитын студенттердің деструктивті идеологияның алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстарры жұргізілді жұргізді
Мектеп ішінде оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында С.Садыков сөз алып, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану, уақыт шектеулері туралы айтты.
Басты назар уақытты дұрыс үнемдей алуға бағытталды. Мектеп аясында алған білімнің студенттік өмірде қажет боларын және оның тереңдей түсетінін ескерсек, оқушылардың осы жастағы бар әрекеті ертеңгі болашағының бағдарына айналытыны анық. Осы мерзімді ғаламторда босқа өткізбей, танымдық әрі пайдалы сайттарды қолдану жолдарын оқушылар ұғындырды.
Хатшы: С.Орынбеков
Достарыңызбен бөлісу: |