Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет-тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы), Екінші жағдайға жататындар - кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка,т.б.
Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына.
Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады . Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс - ол жалпы үғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бүқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.
2. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы қоғамдық тәжірибенің, жалпы мәдениеттің көрінісі.
«Материя» деген терминді қолданбаған бірде-бір философиялық мектеп немесе бірде-бір философ жоқ. Сондықтан, түрлі кездерде және түрлі мағынасы мен маңызы болғандығы таңданарлық нәрсе емес.
Ұзақ тарихи замандарынан бері адамзат ойы материяны зат деп түсінді, яғни материя дегеніміз - зат . Бірақ заттардың сан алуан түрлері бар. Жансыз зат, жанды зат, т.т. Материяны затпен барабар деп қараудың біршама ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық саналуан заттардың түпкі тегі белгілі бір зат деген көзқарас болған. Ол ең қарапайым зат. Ерте заманғы материалистер дүниенің алғашқы негізі, түпкі бастамасы деп суды алған, екіншілері - ауаны, үшіншілері отты алған; сөйтіп, бәрі де судан, ауадан немесе оттан пайда болады да, қайтадан бәрі де солардың өзіне айналады деп есептеген. Мысалы, Фалес үшін ол - су, Анаксимен үшін - ауа, Гераклит үшін - от, Демокрит үшін - атом («бөлінбейтін» деген сөз), Пифагор үшін - сан, т.т… Күрделі заттардың барлығы қарапайым заттардан шыққан, солардың құрамасы, құрамды заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Күрделі заттар бұзылғанда алғашқы қарапайым заттарға бөлінеді. Ал қарапайым біртекті заттар тұрақты.
Мұнан кейін философтар заттай нәрсенің бәрі атомдардан - өзгермейтін және бөлінбейтін, бос кеңістікте мәңгібақи қозғалып жүретін өте ұсақ материялық бөлшектерден құралады деген данышпандық болжам айтты. Сонан соң табиғаттың алуан түрлі заттары мен құбылыстарының мәңгі-бақи өмір сүретін жалпы негізін материя деп түсіне бастады. Материя осы кезеңнен бастап-ақ материалистік бағытта бүкіл космостың түпкі негізі, бүкіл әлемнің біртұтастығының шығатын тегі ретінде қаралады. Олар үшін әлем әртүрлі заттардың кездейсоқ қосындысы ғана емес, Әлем біртұтас нәрсе.
Жаңа дәуір философиясында (XVII-XVIII ғ.ғ.) қоғамдық өндіріс пен ғылымның дамуы, қоғамдық еңбек бөліністің тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттері мен теңгеруте жол ашады, Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрмен емес, олардың барлығына тән ортақ қасиеттері мен байланыстыруға бейім.
Ал XIX ғ. Фейербах болса материя барлық заттардың қосындысы деген көзқарасқа ойысады. Маркске дейінгі материалистік философия мен жаратылыстану ғылымында материя жөніндегі осы сияқты көзқарастар болды. Мұнда талас: материяны барлық заттардың табиғи себебі деп есептеуге бола ма, әлде онан басқа тағы бір «бастапқы себеп» бар ма, материялық объектілердің тоқтаусыз қозғалыста болатын себебі не және қозғалыстың шығатын көзі неде, материя бір түрлі болып табыла ма және сезім арқылы аңғарылатын нақты заттардан өзгеше материяны дәл сол өзіндей деп ойлауға бола ма деген мәселелер жөнінде болды. Бұл ретте материяны барлық заттардың алғашқы негізі деп танып білу үшін атомдар қозғалысының заңдарын ашса болғаны деп есептелді. Сонымен қатар көптеген ғалымдар физикалық және химиялық процестерді атомдардың механикалық жылжып ауысуына апарып саюға тырысты.
Алайда, XX ғасырдың бас кезінде ғылым шешілместей болып көрінген қиыншылықтарға кездесті. Атомдардың бөлінбейтіндігі жөніндегі, материялық бөлшектердің кейбір басқа да қасиеттері жөніндегі, энергия жөніндегі сол кезде үстем болып жүрген түсініктерді жоққа шығарған ірі-ірі жаңалықтар ашылды. Физика микродүниеге, яғни атом құбылыстарының дүниесіне тереңдей еніп, материялық бөлшектерің таңғажайып қасиеттері мен энергияның жаңа түрлеріне тап болды.
Ғылымда жаңадан ашылған табыстар материя мен оның қасиеттері жайындағы ескі метафизикалық түсініктерге мүлде қайшы келді. Физикада дағдарыс туды. B.И.Ленин «Материализм және эмпириокритицизм» деген кітабында ғылымда туып отырған жағдайды талдай келіп, физикадағы дағдарыстың себептерін ашып берді, идеализм қалыптасып қалған ұғымдардың күйреуінен туған ғылымдағы қиыншылықтарды пайдаланып, сол ғылымның жетістіктерін бұрмалап отыр деп көрсетті.
1909 жылы В.И. Лениннің материяға берген анықтамасы:
«Материя дегеніміз - адамға оның өзінің түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік реалдылықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория». Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары өз заманындағы өздерінің дүниеге қатынасының, жалпы мәдениеттің көрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұнда, күштерден қаншалықты дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жасады - міне, материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты. Адамзат бүгінгі күнге дейінгі тарихында іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан көптеген құралдар жасады, т.т., яғни ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі, Адамдар табиғатта бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттар жасайды, Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған.
Жалпы алғанда,