Болмыстың даму заңдылықтары мен өзгерістері туралы ғылым



Дата01.11.2023
өлшемі39,66 Kb.
#121224

Адамзаттың бірінші ұстазы, тұңғыш болып ғылым классификациясын жасаған Аристотель «Бiрiншi философияны» (метафизиканы) қандай ғылым ретiнде анықтаған?


болмыстың даму заңдылықтары мен өзгерістері туралы ғылым
болмыстың саяси және әлеуметтік қырлары туралы ғылым
болмыстың сан түрлерінің өзара байланысы туралы ғылым
болмыстың алғашқы себептерi мен бастамалары туралы ғылым
болмыстың қоғам мен адам өміріндегі орны туралы ғылым

Субстанция мәселесін алғаш болып көтеріп, оны материалдық әлемнен іздеген грек философиясының мектебі қалай аталады?


Элейліктер
Пифагоршылар
Атомистер
Милеттіктер
Софистер

Француз философы әрі оқымыстысы Энтони Кеннидің пікірінше, «Философиялық білімнің күрделілігі соншалық, оны тек кемеңгер ақыл иесі ғана игере алады. Ал қарапайым жан үшін, философияны меңгерудің бір ғана жолы бар» .Ол қандай жол?


философияның категорияларын, заңдарын білу
философияның тарихин зерттеу
философтардың түпнұсқа еңбектерін оқу
философтардың жеке өмірбаянын білу
философтардың ойлау деңгейіне қол жеткізу

Философияның көптеген анықтамалары бар. Берілген нұсқалардың ішіндегі қай пайымдаудың философиялық білім сипатына қатысы жоқ деп ойлайсыз?


«Философия – даналықпен, ақыл-оймен байланысты»
«Философияның басы – таңдану»
«Философия – табиғатты зерттейтін әмбебап ілім»
«Философиялық білімге – еркіндік, тәуелсіздік тән»
«Философия – ақылды ойлау мәдениетін қалыптастырады»

Төмендегі ұғымдардың қайсысы болмыстың ақыл-ой арқылы танылатын, өзгермейтін ішкі мәнін білдіреді?


Акциденция
Бейболмыс
Материя
Субстанция
Құрылым

Гректер қашанда өз ойын ешбір дайын мәтін, қағазға қарап емес, жатқа айтқанды жоғары бағалаған. Сондықтан да сөйлеуді жазудан жоғары қойған. Осыған орай, гректің қай ойшылын өмірінде ешбір шығарма жазбаған деп ойлайсыз?


Сенека
Эпикур
Платон
Сократ
Аристотель

Фалес дүниенің түпнегізі, элементтердің тұңғышы деп қандай матералдық бастауды мойындайды?


От
Ауа
Су
Топырақ
Эфир

Философиялық танымға сәйкес, дүние – от, су, ауа және жер (топырақ) сияқты элементтердің қосылысы мен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады және өмір сүреді. Осы ретте субстанциялардың ішіндегі ең ауыры деп нені айтуға болады?


Су
Ауа
Жер
Металл
От

Философиялық танымға сәйкес, дүние – от, су, ауа және жер (топырақ) сияқты элементтердің қосылысы мен өзара әрекеттесуі нәтижесінде пайда болады және өмір сүреді. Осы ретте субстанциялардың ішіндегі ең жеңілі деп нені айтуға болады?


Су
Ауа
От
Жер
Темір

Қай ойшыл болмысты – бар, біртұтас, мәңгі әрі өзгермейтін, ақыл-ой арқылы ғана танылатын шынайылықтың ерекше түрі деп анықтаған болатын?


Гераклит
Зенон
Парменид
Ксенофан
Платон

Өзге ойшылдар болмыстың қозғалмайтын, өзгермейтін, тұрақты деген қасиеттерін сөз жүзінде айтқан болса, бұл ойшыл өз ойын, яғни қозғалыстың жоқ екенін дәлелдеуге ұмтылған. Әңгіме қай ойшыл туралы болып отыр?


Парменид
Зенон
Ксенофан
Гераклит
Пифагор

Көне Грекиядағы көптеген философиялық мектептердің атауы қала атымен байланысты болғаны белгілі. Осы орайда, қай ойшыл Элей мектебінің өкілдері қатарына кірмейді?


Парменид
Ксенофан
Анаксагор
Зенон
Мелисс

Грек философиясының бастауы саналатын мифологиялық танымға сәйкес, Гесиодтыың ойынша дүние неден жаралған?


Судан
Оттан
Хаостан
Эфирден
Топырақтан

Рационалдық таным мен батыстық ойлаудың, сондай-ақ мәдениеттің архетипі саналатын Гомер жырларының мәдениеттегі орны ерекше. Осы орайда Гомердің ойынша дүние неден жаралған?


Хаостан
Оттан
Эфирден
Судан
Топырақтан

Ежелгі мифтер желісі бойынша адамдар өздерін табиғат анадан бөліп қарамаған. Ондағы заттар мен құбылыстардың барлығын өзімен туыстас деп санаған. Осы орайда, Хтон сөзі қандай мағынаны білдіреді?


Аспан;
Жұлдыз;
Жер;
Табиғат;
Ғарыш;

Ежелгі Грек мифологиясын батыстық дәстүрдегі философияның бастауы әрі адамзат мәдениетінің архетипі деп санаймыз. Төмендегі нұсқалардың қайсысы Ежелгі Грек мифологиясының негізгі кезеңдері болып табылады?


Хтон кезеңі; Олимп кезеңі; Қаһармандық кезең;
Классикалық кезең; Хтон кезеңі; Бастапқы кезең;
Политеистік кезең; Монотеистік кезең; Классикалық кезең;
Монистік; Плюралистік; Дуалистік кезең;
Хтон кезеңі; Олипм кезеңі; Қазіргі кезең;

Мифтерде адамзат тарихы мен мәдениетіне қатысты деректер түрлі мифтік сюжеттер мен персонаждар, астарлы рәміздер арқылы беріледі. Ахейліктер (гректер) мен Троялықтар арасындағы 10 жылға созылған Троя соғысының басталуына қандай жағдай себеп болған?


Жер дауы
Құдайлар арасындағы соғыс
Планеталар қақтығысы
Алтын алмаға талас
Троялықтардың байлығы

Мифтерде адамзат тарихы мен мәдениетіне қатысты маңызды деректер сан алуан оқиғалар мен таңғажайып құбылыстарды баяндау арқылы беріледі. Троя соғысының басталуына себепкер болған сұлудың есімі кім еді?


Европа;
Пенелопа;
Елена;
Хресеида;
Ифигения;

Төменде келтірілген нұсқалардың қайсысы, Көне грек мифологиясындағы көп құдайлық сенімнің мәнін түсіндіретін тұжырым?


ғылыми танымның жұтаңдығы
қиялдан туған ертегілер мен аңыздар
табиғат құбылыстарына табыну
дүниенің объективті заңдылықтары
дін иелерінің ойлап тапқаны

Грек философиясының бастауы деп көне грек мифологиясымен бірге, ел арасындағы білімі мен беделі, әділеттігі мен тапқырлығы үшін Жеті данышпан атанған заманының сұңғыла ойшылдарын да айтады. Көне Грек философтарының қайсысы осы Жеті данышпанның қатарына кірген?


Аристотель;
Платон;
Диоген;
Фалес;
Сенека;

Философиядағы диалектика ұғымы бірнеше мағыналарды білдіреді. Берілген нұсқалардың ішіндегі қай тұжырым диалектика сөзінің бастапқы мағынасын білдіреді?


Архитектуралық стиль түрі;
Көптеген құдайларға табыну;
Дүниені мәңгі, өзгеріссіз деп түсіну;
Пікірталас жүргізу өнері;
Жансыз заттарға табыну;

Философияның таным мәселесін қарастыратын бөлімі гносеология деп аталады. Танымның өзінің бірнеше түрлері мен деңгейлері болады. Осыған орай, логикалық танымның бастапқы формасы деп нені айтамыз?


ой-тұжырымы
елестету
пікір
ұғым
түйсік

Барша ғылым мен философияның тілі болған грек тілі өте бай тіл. Гректер қарапайым сөздерді түрлендіріп, ғылыми ұғымдар мен филофиялық категорияларды жасаудың озық үлгілерін көрсеткен халық. Берілген нұсқалардың ішінен қай жәндік атауы грек тіліндегі жан (псюхе) cөзімен мағыналас?


шыбын
маса
ара
құмырсқа
көбелек

Төмендегі жауап нұсқаларының қайсысы санаға берілген дұрыс анықтама?


сана бұл - субъективті дүниенің объективті бейнесі
сана бұл - объективтi дүниенiң субъективтi бейнесi
сана бұл – сезім мүшелері алынған барлық ақпараттар
сана бұл - таным процесiндегi жоғарғы ұйымдасқан материяның түрi
сана бұл - объективтiк дүниенiң бейнелеу қасиетi

Материалистік философияға сәйкес, қай ұғым табиғаттағы бейнелеудің ең төменгі сатысы болып табылады?


сезіну
ойлау
тітіркену
түйсіну
қабылдау

Философияның пайда болуы мен даму жолы әрдайым біркелкі болып келмейді. Әр кезең философиясының өзіне тән ерекшелігі бар. Осыған орай, өзіндік сана идеясы қай философиялық кезеңде пайда болған?


Ежелгі Қытай философиясында
Орта ғасырлық Шығыс философиясында
Жаңа Заман философиясында
Ежелгі Үнді философиясында
Орта ғасырлық Батыс философиясында

Сананың пайда болуын түсіндіретін түрлі концепциялар бар. Солардың ішіндегі қай тұжырым, материалистік философияға тән сананың пайда болы мен дамуын түсіндіреді?


сана өзінен-өзі қалыптасады
сана әсемдікке деген қызығушылықтан пайда болады
сана қоғамдық өмірден тыс қалыптаспайды
сана сыртқы күштер әсерінен пайда болады
сана объективті дүниенің субъективті бейнесі болып табылады

Қарапайым түсінікте сана мен психиканың арасын біріктіретін нәрселер өте көп. Дегенмен бұл ұғымдар бір нәрсе емес. Осы тұрғыдан алғанда, сананың психикадан басты айырмашылығы неде?


сезімдік танымның маңыздылығы
түйсіктік-қабылдау
есте сақтаудың дамуы
абстрактілі-логикалық ойлау
эмоциялық белсенділігі

Берілген ұғымдардың қайсысы сананың ерекше бейматериалдық мәнін білдіретін философиялық ұғымға жатады?


трансценденталдық
құдайшылдық
түйсіктілік
идеалдылық
изотроптылық

Берілген нұсқалардың қайсысы сана мәнін аша түсетін ұғым болып табылады?


физиологиялық процесс
әлеуметтік құбылыс
психикалық үдеріс
наным-сенімдер
құндылықтық бағдар

Алғашқы грек философтарының ішінде дүние бастауын жеке-жеке, бір ғана стихиямен байланыстырмай, олардың қосындысынан тұртынын аңдаған ойшылдар да болған. Осыған орай, гректің қай ойшылы жанды - от, жер, ауа және судың қосындысы деп есептеген?


Анаксогор
Парменид
Эмпедокл
Фалес
Анаксимандр

Аталған нұсқалардың қайсысы сезiмдiк танымның ең жоғарғы сатысына жатады?


тiтiркену
сезiну
шабыттану
елестету
қабылдау

Қай жауап нұсқасы логикалық таным формаларына жатады?


елестету, фантазия, интуиция
анализ, синтез, абстаркциялау
сезiну, қабылдау, еске түсіру
проблема, гипотеза, теория
ұғым, пiкiр, ой тұжырымдау

Өзіне дейінгі барша философияны ой елегінен өткізіп, метафизиканы (философияны) теориялық ғылымдар қатарына жатқызған Аристотель философия неден басталады деп есептейді?


жаңалық ашудан
қорқыныштан
үйренуден
таң қалудан
пікір таластан

И. Канттың пікірінше, нағыз философиялық пән болып табылатын төрт сұрақ бар. Көрсетілгендердің қайсысы артық?


Мен неге үміттене аламын?
«Адам» дегеніміз не?
Мен нені біле аламын?
Әлемнің түп негізі неде?
Мен не істеуім керек?

Энтони Кенни өзiнiң «Батыс философиясының жаңа тарихы» еңбегiнiң «Антика философиясы» атты бiрiншi томында көне гректер үшiн «теология» ұғымының дiн, құдай туралы түсiнiктерге қарағанда қай ұғымға жақын екенiн айтады?


Математика
Астрономия
Физика
Мифология
Логика

Дж. Локктың: «Сезiмдiк тәжiрибеге дейiн болмаған нәрсенiң ақыл-ойда да болуы мүмкiн емес» деген пайымдауы көрсетілген ұстанымдардың қайсысына жатады?


рационализм
скептицизм
сенсуализм
априоризм
релятивизм

Танымның сезімдік және рационалдық деген екі түрі бар екені белгілі. Аталған нұсқалардың қайсысы сезімдік танымның түрлеріне жатады?


ес, түйсiк, рух
ұғым, пікір, ой қорытындылау
интуиция, ес, болжау
сезiну, қабылдау, еске түсiру
гипотеза, идея, теория

Берілген қай жауап нұсқасы қозғалыс ұғымының жалпы философиялық анықтамасы?


қозғалыс – ол сана ағымы
қозғалыс – ол кеңістіктегі заттардың ауысуы
қозғалыс – ол адам сезімінің жиынтығы
қозғалыс – ол физико-химиялық процестер
қозғалыс - ол кез-келген өзгеріс

Аталған ұғымдардың қайсысы экзистенциализм философиясының орталық мәселесін білдіреді?


Табиғат болмысы
Рухани болмыс
Адам болмысы
Заттар болмысы
Қоғам болмысы

Барлық кезеңдердегі философияның басты мәселесі қашан да болмыс туралы проблеманың шеңберінде дамыды. Осы тұрғыдан алғанда, қай философтар ойлау мен болмыстың тепе-теңдiгi идеясын айтып, яғни болмыс пен ойлауды бір деп есептеген?


Парменид, Маркс
Парменид, Кант
Парменид, Платон
Парменид, Гегель
Парменид, Аристотель

Қай философ «Адам барлық заттардың өлшемi: бар заттардың барлығының өлшемi, жоқ заттардың жоқтығының өлшемі» пайымдауының авторы?


Фалес
Пифагор
Демокрит
Протагор
Сократ

Диалектика ұғымы философияда бірнеше мағынада қолданылады. Ол философияның зерттеу әдісіне де жатады. Осы ретте, антикалық диалектиканың аталары деп кімдерді айтамыз?


Демокрит, Пифагор, Эмпедокл
Сократ, Платон, Аристотель
Гераклит, Зенон, Сократ
Ксенофан, Парменид, Зенон
Протогор, Эпикур, Сенека

Аталған нұсқалардың ішіндегі қай ұғымдар антикалық философияның негізгі ұғымдарына жатады?


білім, сенім, мистика, алхимия
тәжірибе, интуиция, күмән, монада
архэ, эйдос, логос, апейрон
өзіндік зат, абсолюттік идея, транстценденттілік, антиномия
реализм, номинализм, схоластика, идол

Қай мектептерді Қазіргі заман Батыс философиясының негізгі бағыттары деп ойлайсыз?


Аналитикалық философия, феноменология, герменевтика және постмодернизм
Эмпиризм, рационализм, метафизикалық материализм және ағартушылық философия
Өмір философиясы, марксизм, позитивизм және эмпириокритицизм
Гуманизм, натурфилософия, антропоцентризм және пантеизм
Реализм, номинализм, патристика және схоластика

Гегель философиялық ойдың даму тарихын абсолюттік идеяның адамзаттың ақыл-ойы арқылы өзін-өзі тану жолы деп есептейді. Осы тұрғыда Г. Гегель философиясындағы рух деңгейінің ең жоғарғы сатысы қалай аталады?


Объективтік рух
Субъективтік рух
Абсолюттік рух
Дүниежүзілік рух
Әлемдік ақыл-парасат

Платон болмыс деп идеяларды, Демокрит атомдарды атап, мәселеге монистік тұрғыдан келсе, Аристотельдің болмыс туралы ілімі дуалистік сипатқа ие. Осы тұрғыдан алғанда, Аристотель ненің бірлігін болмыс деп есептеген?


форма және мазмұн
құрылым және элемент
форма мен материя
себеп пен салдар
болмыс пен болмысемес

Аталған ұғымдардың қайсысы материяның өмiр сүру тәсiлi болып табылады?


уақыт
кеңiстiк
қозғалыс
болмыс
сана

Аталған ұғымдардың қайсысы материяның өмiр сүру формасы болып табылады?


өзгеріс
қозғалыс
болмыс
уақыт
сана
зат

Берілген жауап нұсқаларының ішіндегі қай нұсқа қозғалыстың әлеуметтік формасын білдіреді?


белокты заттардың өзара әрекеті
кеңістіктегі заттардың орын алмасуы
атомдар мен молекулалардың өзара әрекеті
қоғамдық байланыстар мен қатынастар
оптикалық құбылыстар

Жаратылыстану ғылымдарындағы қай тұжырымдаманы материя мен қозғалыс, кеңістік және уақыт арасындағы байланысты толыққанды айқындап берген теория деп айтуға болады?


Ньютон механикасы
А.Эйнштейннің салыстырмалы теориясы
Термодинамика
Максвелдің электродинамикасы
М. Планктың квант теориясы

Антикалық дәуір философиясының қай өкілі кеңістік пен уақыттың субстанционалды теориясын негіздеді?


Парменид
Аристотель
Демокрит
Эвклид
Птоломей

Антикалық дәуір философиясының қай өкілі кеңістік пен уақыттың реляциалық теориясын негіздеді?


Парменид
Демокрит
Аристотель
Эвклид
Птоломей

Төмендегі ұғымдардың ішінен қай ұғым бір жағынан алғашқы философия, ал екінші жағынан болмыс туралы ілім деген мағынаны білдіреді?


метаэтика
диалектика
метафизика
деконструкция
догматизм

Ортағасырлық христиандық философиясында сенім мен ақыл-ой арақатынасын жаңа тұрғыдан қарастырмақ болып, «Мән-мағынаны қажеттіктен асырып көбейте беруге болмайды» принципін негіздеген ағылшын философы Уильям Оккамның әдістемелік принципі қалай аталады?


Оккам таразысы
Оккам қылышы
Оккам ұстарасы
Оккам найзасы
Оккам сағаты

Көрсетілген ұғымдардың ішінен қай ұғымды рационализмнің негізінін салушы Рене Декарттың ақыл-ойға негізделген философиялық ілімінің де, таным теориясындағы әдістемелік принципінің де негізгі мәні деп айтуға болады?


Тәжірибе
Сезім
Түйсік
Бейнелеу
Күмән

Көрсетілген таным әдістерінің қайсысы эмпиризмнің негізін салушы ағылшын философы Френсис Бэкон ұсынған әмбебап ғылыми таным әдісі?


дедукция
анализ
индукция
синтез
аналогия

И. Канттың пайымдауынша, дүниені толық танып білу мүмкін емес. Себебі таным субъектісі әлемді тану барысында бір қайшылықтарға тап болады. Ол қандай қайшылықтар?


Апориялар
«Біздік заттар»
Құбылыстар әлемі
Антиномиялар
Дихотомиялар

И. Кант бойынша білімнің екі түрі бар. Бірі тәжірибеге дейінгі, туабітті білім. Ал екіншісі тәжірибеден кейінгі, оқып-үйренуге болатын білім. Кант осы екінші білімді қандай ұғыммен белгілеген?


Априорлы
Ноумен
Феномен
Апостериорлы
Тренсценденттік

Болмыстың сан алуандығын, яғни дүниедегі бір қарағандағы бір-біріне ешбір ұқсамайтын сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіндіру мақсатында жасалған австриялық философ Л.Витгенштейннің теориясы қалай аталады?


«Психоанализ теориясы»
«Салыстырмалы теориясы»
«Үлкен жарылыс теориясы»
«Тілдік ойын теориясы»
«Ықтималдылық теориясы»

Ғылым дамуының философиялық мәселелерін зерттеуші Томас Кунның пікірінше, ғылым дамуы қандай жағдайларды бастан өткереді?


Қалыпты жағдай, дағдарысты жағдай
Идеалды жағдай, идеалды емес жағдай
Ерекше жағдай, қарапайым жағдай
Сапалы жағдай, сапасыз жағдай
Дағдарысты жағдай, дамыған жағдай

Рационализмнің негізін салушы Рене Декарт үшін ілім-білімге жетудің бірден-бір дұрыс жолы қалай аталады?


Индукция
Эмпиризм
Консептуализм
Интуиция
Тәжірибе

Неміс классикалық философиясының көшбасшысы Иммануил Кант ең бірінші жаратылыстану ғылымдарымен айналысып, кейін ғана философияға бет бұрған болатын. Осы ретте Кант шығармашылығы қандай кезеңдерден тұрады?


«Сынға дейінгі», «Сыннан кейінгі кезең»
«Сынға дейінгі», «Сыни кезең»
«Сын мен сын кезеңінің ортасы»
«Ғылымға дейінгі», «Ғылымнан кейінгі»
«Ғылыми кезең», «Ғылымнан кейінгі»

«Адам өмірі азапқа толы» деген пікір қай философиялық дәстүрге тиесілі түсінік?


Қытай философиясы
Грек философиясы
Араб-мұсылман философиясы
Неміс философиясы
Үнді философиясы

Конфуций философиясындағы «Цзюнь-цзы» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?


Адамды сүю
Субстанция
Материя
Бекзат адам
Жол

Конфуций философиясындағы «Чжун юн» ұғымы қандай мағынаны білдіреді?


Этикет
Дұрыс жол
Субстанция
Материя
Алтын орта

«Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, басқалар оны да білмейді», деген пайымдаудың авторы кім?


Аристотель;
Платон;
Сократ;
Сенека;
Эпикур;

Көне гректер ашқан, тек ақыл-ой арқылы танып білуге болатын шынайылықтың ерекше түрі қалай аталады?


Материя
Шындық
Ақиқат
Болмыс
Философия

Гректің қай философы метафизиканың пәнін бастапқы немесе жоғарғы бастаулар себебін, субстанцияны, болмысты зерттейтін және Құдай туралы білім деп анықтаған болатын?


Платон
Парменид
Анаксимандр
Аристотель
Демокрит

Грек философы Парменид болмысты: «Ақыл-оймен игерілетін, бүтін, тұтас және әрқашан бар» деп анықтай отырып, оның сонымен қатар тағы да қандай сипатын бөліп көрсеткен?


жай ғана бар болу
тұрақсыз болу
қозғалатын болу
кез келген күйде болу
өзгеретін болу

Атомистік теорияның негізін салушы грек философы Демокрит бейболмыс деп нені айтқан?


Жоқ нәрсені
Отты атомдарды
Ең ұсақ бөлшектерді
Бос кеңістікті
Формасыз материяларды

Берілген нұсқалардың қайсысы философиялық танымға сәйкес, ақиқаттың дәл анықтамасы болып табылады?


пайдалы табысқа жеткізетін білім
ортағасырлық философияның категориясы
заттар мен құбылыстардың ішкі мазмұны
діни-философиялық ұғым
білімнің шындыққа сәйкес келуі

Берілген сөздердің қайсысы рационализмге қытысы жоқ ұғым?


дедукция
парасат
тәжірибе
пайым
ақыл

Аталған ұғымдардың қайсысы эмпиризмге қытысы жоқ ұғым?


сезімдік таным
бақылау
интуиция
эксперимент
тәжірибе

Қай философ танымға кедергі келтіретін – тектік, үңгір, алаң, театр идолдары туралы тұжырымның авторы?


Р. Декарт
Б. Спиноза
Ф. Бэкон
Т. Гоббс
Дж. Локк

Берілген нұсқалардың ішіндегі қай философтың ілімінде «Интеллектуалдық интуиция», «Туа бітті идеялар», «Күмән» ұғымдары кездеседі?


Ф. Бэкон
Б. Спиноза
Т. Гоббс
Р. Декарт
Дж. Локк

Берілген нұсқалар ішіндегі қай ұғымның сана философиясына қатысы жоқ?


тіл
когнитивтілік
мақсаттылық
түс көру
абстрактілі ойлау

Берілген нұсқалар ішіндегі қай ұғымның бейсаналық теориясына қатысы жоқ?


Түс көру
Ұмыту
Агрессия
Білім алу
Оқыс сөздер

Философиялық танымға сәйкес, таным деп нені айтады?


практикалық мәні жоқ интеллектуалдық әрекет
шындықтың адам санасында белсенді бейнелену процесі
бірнәрсенің мәнділігін анықтау әдісі
жаңаны жасау процесі
адамның сезімдік-эмпирикалық әрекетінің бірлігі

Философиялық танымға сәйкес, қай жауап нұсқасы эмпиризмнің негізгі ұстанымы болып табылады?


түйсік-әлемді танудын басты көзі
әлемді танып білуге болмайды
адамның білімі тәжірибеге негізделген
танымның жоғарғы түрі - интуиция
танымның көзі – Тәңірдің аяны

Заттар мен құбылыстардың жалпы, мәндi және қажеттi қасиеттерi мен белгiлерiн бейнелейтiн ойдың формасы қалай аталады?


Пікір
Ой тұжырымы
Ұғым
Сезім
Пайым

Аристотель негіздеген дүниенің пайда болуы мен өмір сүруінің заңдылықтарын түсіндіретін себептер қатарына кірмейтін ұғымды белгілеңіз:


Материалды себеп
Тиімді себеп
Саяси себеп
Формальды себеп
Қорытынды себеп

Берілген жауап нұсқаларының қайсысы материализмнің тарихи формаларына жатпайды?


стихиялық материализм
метафизикалық материализм
объективтік материализм
механикалық материализм
диалектикалық материализм

Берілген жауап нұсқалары ішіндегі қай нұсқа Гегельдің философиялық жүйесі бойынша Абсолюттік рух дамуының шыңы саналады?


логика, тарих, метафизика
философия, этика, эстетика
дін, өнер, философия
диалектика, метафизика, эклектика
субъективтік, объективтік, абсолюттік

Аталған жауаптардың қайсысын метафизикаға қатысы жоқ пайымдау деп есептейсіз?


адамның индивидуалды дамуы
алғашқы философия
болмысты бар болу ретінде зерттеу
философияның әдісі
болмыстың себептері мен принциптерін зерттейтін ілім

Субстанция мәселесін қарастыруда дүние бастауын көп деп есептейтін философиялық ілім қалай аталады?


Монизм
Дуализм
Плюрализм
Деизм
Агностицизм

Әл-Фараби өзінің онтологиясында әлемді қандай негізгі екі бөлікке бөлген?


Жоғарғы және төменгі әлем
Өлілер мен тірілер әлемі
Періштелер мен адамдар әлемі
Ай үсті және ай асты әлемі
Заттар мен құбылыстар әлемі

Әл-Фараби онтологиясындағы дүние құрылымының ең төменгі, бастапқы сатысы қалай аталады?


от, су, ауа, топырақ
минералдар
өсімдіктер
жануарлар
адамдар

Әбу Насыр әл-Фараби онтологиясындағы әлемнің пайда болуын түсіндіретін теория қалай аталады?


Гелиоцентризм
Солипсизм
Эманация
Феноменология
Ұлы Жарылыс теориясы

Аристотельдің ғылым классификациясына сәйкес, теориялық ғылымға қандай ғылымдар кіреді?


поэзия, риторика, этика
этика, экономика, саясат
математика, физика, метафизика
физика, астрономия, теология
логика, арифметика, психология

Көне дәуірдегі Таяу Шығыс елдерінде пайда болған ғылым түрлері қандай жалпы атауды иеленеді?


теориялық математика
практикалық ғылым
қолданбалы ғылым
теориялық ғылым
алғашқы ғылым

Философияның негiзгi мәселесiнiң бiрiншi жағы қалай тұжырымдалады?


Өмiрдiң мәнi туралы сұрақ
Табиғат пен сананың бiрлiгi туралы
Материя мен сананың қайсысы алғашқы
Жақсылық пен зұлымдықтың арақатынасы
Дүниені танып-білуге болама, жоқ болмайма?

Рационализмнің көрнекті өкілі Г. Лейбниц онтологиясының негізгі ұғымы қалай аталады?


Логосжалқы , Г.В.Ф. Гегелдің философиялық жүйесін білдіретін үштік ұғым?
логика, диалектика, метафизика
логика, абсолюттік идея, табиғат философиясы
теориялық, практикалық, поэтикалық философия
эклектика, герменевтика, догматизм
позитивизм, эмпириокритицизм, неопозитивизм

Ф. Бэконның ойынша, адам жан-дүниесінің қандай үш қабілеті ғылымдарды топтастырудың негізінде жатуы қажет?


Ес, қиял, пайым
Ақыл, зерде, парасат
Сезім, пайым, парасат
Зейін, қиял, ойлау
Сөйлеу, ойлау, тіл

Материяның атрибуттары немесе ажырамас қасиеттері қатарына жататын қандай ұғымдарды білесіз?


Салмақ, көлем, тығыздық
Кеңістік, уақыт, мәңгілік
Қозғалыс, кеңістік, уақыт
Жылдамдық, өтпелілік, кеңістік
Субстанция, форма, модальдылық

Қандай ұғым Т. Кунның ғылым философиясының негізгі ұғымдары қатарына кірмейді?


Парадигма
Қалыпты ғылым
Деконструкция
Ғылыми революция
Дағдарыстық жағдай

З. Фрейд пайымдауындағы түс көру дегеніміз не?


Атманның Абсолютпен толық қосылуы
Атманның Брахманға жақындауы
Түсіндіруге келмейтін құбылыс
Бейсаналылыққа алып баратын негізгі жол
Атманның Біртұтастыққа енуі

Білімнің қайнар көзін тәжірибе деп есептейтін философиялық бағыт қалай аталады?


материализм
рационализм
эвдемонизм
агностицизм
эмпиризм

Дүние бір бастамадан тұрады деп есептейтін философиялық ілім қалай аталады?


Монизм
Плюрализм
Дуализм
Релятивизм
Идеализм

Платон ғылыми білім деп қандай білімді айтқан?


басқаларға үйретуге болатын білімді айтады
фактілерге сүйенген білімді айтады
екі ұшты емес, айқын білімді айтады
тәжірибе негізінде алынған білімді айтады
ақылға негізделген білімді айтады

Гректің қай философы дүниенің үнемі даму, өзгеру, қалыптасу үстінде екендігін өзінің «Бір өзенге екі рет түсуге болмайды» деген атақты пайымдауы арқылы жұмбақтап жеткізген болатын?


Пифагор
Гераклит
Парменид
Ксенофан
Демокрит

Философия үшін маңызды сұрақты алғаш болып қойған, яғни, дүниенің шынайы мәні дәл біз көргендей ме (қалай көріп, қандай қабылдасақ), жоқ ол шын мәніне басқаша ма? – деген мәселені көтерген грек филофиясының мектебі қалай аталады?


Элей
Пифагоршылар
Атомистер
Милет
Софистер

Зерттеушілер бүгінгі ғылымды танымның ұжымдық формасына жатқызады. Келтірілген тұжырымдардың қайсысы парадигма ұғымының дәл анықтамасы болып табылады?


Ғылыми қауымдастық қолдайтын ғылыми нәтижелердің жиынтығы
Ғылым дамуының белгілі бір кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі
Ғылым тілінің методологиялық мәселелерін қарастыратын құрылым
Ғылымның замануи мәселелері талқыланатын қоғамдық мінбер
Ғылым мен философияны біріктіретін әдістемелік тұжырымдама

Төменде көрсетілген қай ұғым антикалық танымға сәйкес, барлық шеберлік, ептілік, өнер деген мағынаны білдіреді?


архэ
эйдос
технэ
апория
апейрон

Техника философиясы антикалық дәуірден бастау алғанымен, арнайы бағыт ретінде ол XIX-XX ғғ. шеңберінде Батыс философиясында қалыптасқан болатын. Көрсетілген ойшылдардың ішінен қай философ, техниканы: «Адам ағзаларының сыртқы әлемдегі жалғасы әрі көрінісі (проекциясы), адамның өзін-өзі тануға, өз рухын танып білуге бағытталған іс-әркетінің жемісі» деп анықтаған болатын?


Мартин Хайдеггер
Эрнст Капп
Карл Ясперс
Освальд Шпенглер
Фридрих Дессауэр

Білімнің күнделікті-қарапайым және ғылыми деп бөлінетіні белгілі. Осы тұрғыда, ғылыми білімді ғылыми емес білімнен ажыратуды қалай атайды?


фальсификация
верификация
бифуркация
демаркация
футурология

Берілген нұсқалардың ішінен қай ұғым, материалдық дүние мен рухани құбылыстар туралы шынайы əрі нақты мəліметтер және олардың адам санасында дұрыс, объективті бейнелеуін білдіретін ұғым болып табылады?


өнер
техника
білім
факт
тәжірибе

Техниканың философиялық мәселелерін зерттеген Қазіргі заман философиясының көптеген бағыттары бар. Берілген нұсқалардың ішінен қай бағыттар техника болмысының философиялық қырын арнайы зерттеген?


эмпиризм, рационализм
феноменология, психоанализ
позитивизм, экзистенциализм
идеализм, материализм
постмодернизм, герменевтика

Адам баласының қашан пайда болғаны туралы сауалдар ерте кезден бастап ғылым мен философияны бірдей толғандырып келе жатқан маңызды сауалдар. Осы негізде философиядағы адам мен қоғамның пайда болуын белгілейтін термин қалай аталады?


антропоцентризм
антропосоциогенез
евгеника
социогенез
антропогенез

Неміс философы Мартин Хайдеггердің өзінің болмыс мәселесін жаңа қырынан сараптаған болмыс туралы ілімін «іргелі онтология» деп атағаны белгілі. Адам болмысына қатысты Мартин Хайдеггердің пайымдауын толықтырыңыз. «Адам болмыстың.................»


билеушісі
көшірмесі
үйі
бақташысы
жоқтаушысы

Позитивизмнің көшбасшысы Огюст Конт адам ақыл-ойының дамуы бірнеше кезеңдерден өткен деп есептейді. Берілген нұсқалардың ішінен қайсы нұсқаны Конт белгілеген кезеңдерге жатады?


мифологиялық, діни, философиялық
антикалық, орта ғасырлық, жаңа замандық
теологиялық, метафизикалық, позитивтік
математикалық, физикалық, метафизикалық
фетишизм, политеизм, монотеизм

XVI-XVII ғғ. ғылым әлеуметтік институт ретінде қалыптасып, жекелеген ғылымдар жаңа қарқынмен дами бастады. Осы кездегі Жаңа дәуiр философиясы «жаратылыстану ғылымдары табиғатты зерттеп, жаңалықтар ашуы тиiс» деп санап, философияның мiндетiне ненi қалдырды?


ғарышты зерттеуді
адам мен қоғам арақатынасын зерделеуді
дін мәселесiн зерттеуді
ғылыми таным әдiсiн жасауды
саясатты қарастыруды

Карл Поппердің ғылыми танымға қатысты кез келген орныққан теорияны теріске шығаруға бағытталған методологиялық қағидасы қалай аталады?


Верификация
Демаркация
Фальсификация
Парадигма
Әдіснамалық анархизм

Карл Поппердің сыншыл рационализм ілімі бойынша ғылыми білімнің өзге білім түрлерінен қандай басты айырмашылығы бар?


теорияның жалған екенін анықтауға болмайды
теорияның шындыққа сай екенін дәлелдеу
теорияның ақиқаттығын теріске шығаруға болады
ғылым нәтижелерін өзгермейтін ақиқат деп санау
ғылым нәтижелерін шындыққа тексеру керек

Неміс философы Иммануил Кант өзінің таным теориясында дүниені толықтай танып білу мүмкін емес деп есептеді. Аталған ұғымдардың қайсысы Канттың таным теориясына қатысты термин?


«Рационализм»
«Субстанция»
«Эмпиризм»
«Эйдос»
«Антиномия»

Мартин Хайдеггердегі Dasein ұғымының қазақ тіліне аударғандағы мағынасы нені білдіреді?


Болмыстың қатысуы
Адам болмысы
Осындағы болмыс
Рухани болмыс
Болмысқа апаратын жол

Логикалық позитивизімдегі верификация принципі қандай мағынаны білдіреді?


Терістеу
Жоққа шығару
Күмәндану
Мақұлдау
Салыстыру

Көрнекті өкілдері Огюст Конт, Герберт Спенсер, Джон Стюарт Милль болып табылатын позитивизм бағытына қатысты алғанда, төмендегі пайымдаулардың қайсысы дұрыс деп есептейсіз?


Философияны дербес ғылым ретінде жоққа шығару
Ғылым мен философияның интеграциясын жақтау
Дұрыс пікір қалыптастыру
Ғылыми білімнің жүйесін сынға алу
Адам мәселесін қарастыру

Философтардың басқа адамдардан басты айырмашылығы, олар идеялар мен концептілер тудыра біледі. Ойдың тілін түсінеді. Ненің болып, ненің қойып жатқанын бағамдайды. Осы тұрғыда, ағылшын философы Джон Локк адам жанын неге теңеген? Осы ұғымды білдіретін сөз тіркесін белгілеңіз.


«Зиян келтірме» / (Do not harm)
«Ойлаймын, демек өмір сүремін» / (Gogito, ergo sum)
«Бәрі ағын үстінде...» / (Panta rei)
«Таза тақта» / (Tabula rasa)
«Өзіңді өзің таны» (Nosce te ipsum)

Көне Қытай философиясының көрнекті өкілі Конфуцийдің антропологиялық философиясындағы сяо принципі қандай мағынаны білдіреді?


әрекетсіздік принципі
даналық
үлкенге құрмет, ата-ананы сыйлау
дәстүрді сақтау
ерлік

Антропоцентризм қай дәуірдің философиясына тән принцип?


Ағартушылық
Ортағасырлық Батыс Еуропа
Қайта өрлеу
Жаңа заман
Антикалық дәуір

Көрсетілген қай пайымдау білімге берілген дұрыс анықтама болып табылады?


бір нәрсе дәлелденетін немесе теріске шығарылатын ой
заттардың есте сақталған бейнесі
шындық туралы ең анық, негізделген ақпарат
абстрактілі ой
заттардың жеке қасиеттерінде көрінетін психикалық үрдіс

Конфуций философиясындағы «жэнь» ұғымы білдіретін адамгершілік қасиеті қалай аталады?


Этикет
Дұрыс жол
Адамды сүю
Алтын орта
Ритуал

Ақиқаттың дүниеге келуіне көмектесетін Сократтың әдісі қалай аталады?


Диалектика
Майефтика
Риторика
Логика
Ирония

Дедуктивті математикалық әдістердің, логиканың, ақыл-ойдың ғылыми танымда басымдылығын көрсететін жаңа еуропалық философиялық бағыт қалай аталады?


Эмпиризм
Рационализм
Сенсуализм
Солипсизм
Скептицизм

Көрсетілген ойшылдардың қайсысы адамға берілген «Zoon Poltikon» анықтамасының авторы?


Платон
Эпикур
Аристотель
Гераклит
Гегель

Дүниеге көзқарастың тарихи алғашқы формасы қалай аталады?


Дін
Миф
Философия
Мораль
Құқық

Көне Үнді дүниетанымындағы ахимса ұғымы қандай мағынаны білдіреді?


тірі жан иесіне зиян келтірмеу
тағдырдың маңдайға жазғанын көру
әулиелік қасиетке ие болу
болашақты болжау
үлкенді сыйлау

Көне үнділердің барлық философиялық ілімдеріне ортақ бір мәселе бар. Оған сәйкес, адам өмірі - толы азап. Осыған орай, буддизмнің негізін қалаушы Сидкхартха Гаутаманың пікірінше азаптың себебі неде?


білімсіздік, надандық
сатқындық, билік құмарлық
мақтаншақтық, жағымпаздық
құмарлық, нәпсі
қорқыныш, үрей

Көне Грек философтарының арасынан қай ойшыл дүниені "Бірде лаулап жанып, бірде сөніп отыратын" отқа теңеген болатын?


Парменид
Гераклит
Демокрит
Сократ
Аристотель

Берілген ғалымдардың арасынан қай философ ғылымға парадигма ұғымын енгізген?


Вильгельм Виндельбанд
Имре Лакатос
Томас Кун
Карл Поппер
Бертран Рассел

"Сананың интенционалдылығы" ұғымы қай философиялық бағыттың негізгі әдіснамалық тұжырымдамасына жатады?


Постмодернизм
Феноменология
Фрейдизм
Неотомизм
Структурализм

Ғылыми бiлiмдi ұйымдастырудың жоғарғы формасы қалай аталады?


Практика
Эмпирия
Теория
Гипотеза
Проблема

Платонның ойынша көз алдымыздағы сезімдік заттар әлемі абзал дүниеге жатпайды. Себебі олар бүгін бар да, ертең жоқ. Сондықтан да ойшыл ақиқат деп мәңгі өмір сүретін идеялар әлемін айтады. Осы орайда Платон ақиқат өмір сүретін деп қандай әлем туралы айтып отыр?


феноменальді әлемді
метафеноменальді әлемді
әлеуметтікмәдени әлемді
рухтар әлемін
экзистенциалды әлемді

Томас Кунның ойынша қандай жағдайда ғылыми парадигмалар алмасуы жүзеге асады?


қалыпты жағдайда
экономикалық өсуде
дағдарыстық жағдайда
әлеуметтік жаттануда
ғылым дамығанда

Неміс философы Гегель философияны қатаң ғылымға айналдарғысы келіп, өзінің үштік принципке негізделген («идея-табиғат-рух») философиялық жүйесін жасаған болатын. Аталған ұғымдардың қайсысы Гегель триадасының алғашқы элементі болып табылады?


антитезис
синтез
тезис
априорлық
апостериарлық

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет