Болмыстың екі сигналдық жүйесі



бет1/2
Дата03.11.2022
өлшемі20,71 Kb.
#47266
  1   2
Байланысты:
Ек сиг жүйе. Тілдің дамуы


Болмыстың екі сигналдық жүйесі.

1.Болмыстың бірінші сигналдық жүйесінің әрекетінің көрініс беруі.


2.Екінші сигналдық жүйе. Оның маңызы, адам өмірінде алатын орны.
3.Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің қызметтік бірлігі, өзара әсері.
Бірінші сигналдық жүйе адамдарда да, сонымен қатар жануарларда да бар. Бірінші сигналдық жүйенің әрекеті сөзден басқа (айтылу, жазылу, жесттік сөз (қимылдық)) тітіркендіргіштерге қалыптасқан. Олартты рефлекстер түрінде көрініс береді.
Бізге белгілі нерв жүйесінің жоғары бөліміне келіп, сыртқы орта мен организмнің өзіндегі өзгерістер мен құбылыстарды сигналдайтын импульстердің көзі сол өзгерістер мен құбылыстардың өздері болып табылады. Ол болмыстың тікелей сигналдау жүйесі немесе бірінші сигналдық жүйе. Адамдар қоғамының дамуы қарым-қатынастың құралы ретінде тілді дамытты. Ұғынықты сөйлеу тіл адамға ғана тән ұғынықты сөз сигналы арқылы біз заттардың пішінін, формасын, қасиетін және де айналада болып жатқан құбылыстарды жеткізе аламыз.
Екінші сигналдық жүйенің тітіркендіргіші сөз болып табылады. И.П. Павлов екінші сигналдық жүйені сигналдардың сигналы деп атайды.
Екінші сигналдық жүйе арқылы адам болмысты толығырақ, анығырақ бейнелейді, сонымен қатар қормаған ортадан ақпаратты алады. Екінші сигналдық жүйе адамның жоғары ой-сана қабілетінің негізі болып табылады.
Сөз сөйлеудің өзі рефлекторлық сипатта болады. Бұл пікірді кезінде Сеченов айтқан болатын. Дыбыс сіңірлеріне, тілге және бүкіл сөйлеу аппаратына келетін эфференттік импульстер осы органдардың жұмысын қамтамасыз етеді. Екінші сигналдық жүйенің таңқаларлық бір ерекшелігі-шартты байланыстардың жасалуының жылдамдығы өте шапшаң жүреді.
Егер адамға белгілі бір қимыл-қозғалыс актісін ойла десе сол кезеңде осы қимыл-қозғалысты жүзеге асыратын бұлшықеттердің функционалдық қалпы өзгереді. Моларға сәйкес органдардың қанмен жабдықталуы жақсарады, кейде тіпті сол актінің айқын көрініс бермейтін, әрең байқалатын қарапайым элементтері көрінеді. Кейде адам іштей ойлағанның өзінде, іштей сөйлегенде де жоғарыдағы айтқан құбылыстар байқалады. Бұл кездерде эфференттік импульстер естілетін сөздерді, сөйлеуді туғызбаса да кейде адамның ерні жыбырлап, тілі аздап қозғалады, тіпті кей жағдайларда эфференттік импульстердің күшеюі саларынан біраз дыбыс шығарып, сөйлеп те кетеді.
Физиологиялық көзқарас тұрғысынан ойлау актісінің. Өзі сөз арқылы берілмеген жағдайда да күрделі тізбекті рефлекс болып табылады.
Сөйлеу органына келетін импульстер онда өзгерістер туғызып, соның нәтижесінде үлкен жартымалар қыртысына баратын афференттік жауап сигналдары пайда болып, ал олар қайтадан жаңа эфференттік импульстер туғызады. Сондықтан үздіксіз бірін-бірі тудырып отыратын афференттік және эфференттік импульстер ойлаудың негізінде жататын физиологиялық үрдістің негізгі бір компоненті деп қаралуы керек.
Сөйлеу негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:
1.коммуникативтік (өзара қарым-қатынас орнатушы);
2.түсіндіруші;
3.реттеуші;
Сөйлеудің түсіндіруші қызметі тиісті бір түсінікті абстракциялық ойлауды тудырады. Бұл үшін түскен ақпарат анализденіп, синтезделеді. Тұжырым, қорытынды, ұғымдар қалыптасады.
Сөйлеудің, реттеуші қызметі арқылы ағзадағы әртүрлі жүйелердің әрекеті өзгереді. Бір сөздіңөзі қалай айтылғанына қарай адамның көңіл-күйін әртүрлі бағытта, деңгейде, түрде өзгерте алатындығы өмірден белгілі, ал бұл белгілі бір вегетативтік реакцияның өзгерісін туындатады.
Сөйлеудің 3 формасын ажыратады:
1.Акустикалық – дыбыстық сигналдар түрінде көрінеді;
2.Оптикалық – әріптік символдарды анализдеу, синтездеу түрінде байқалады;
3.Кинестезиялық – сөздің дыбыстық формасын ұйымдастырушы артикуляциялық органдардағы ет аппаратының жұмысынан көрінеді (мылқаулардың сөйлеуі).
Сөйлеуді іске асыруға 3 анализатор қатысады:
1.сөйлеу-қозғалыс;
2.сөйлеу-есту;
3.сөйлеу-көру.
Бұлармен қоса аса үлкен рольді ми қыртысының маңдай бөлігі атқарады.
Сөйлеу-қозғалыс анализаторы тілден, ауыз қуысынан, көмекейден, диафрагмадан шығатын сигналдарды қабылдайды да, сөзді құрауға және айтуға қатысады. Ми қыртысы ядросы маңдайдағы екінші және үшінші иректер аймағында Брок орталығында орналасады.
Сөйлеу-есту анализаторы сол жақтағы ми сыңарының жоғарғы самай аймағында (Вернике орталығы), ал сөйлеу-көру анализаторы шүйде, аймағында жатады. Сөзді ұқпайды.
Адамның қалыптасуы барысында екінші сигналдық жүйе бірінші сигналдық жүйе негізінде, қоғамдық еңбек нәтижесінде пайда болды және біртіндеп өмірлік қатынастардың ең тұрақты негізгі реттеушісіне айналды.
Екінші сигналдық жүйе біріншінің негізінде, сонымен байланысты болып қана қызмет атқара алады.
Екі сигналдық жүйе әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты болады. Соның нәтижесінде біз болмысты толық және терең қабылдай аламыз. И.П. Павловтың айтуынша: «Адам болмысты ең алдымен бірінші сигналдық жүйе арқылы сезеді, қабылдайды, содан соң екінші сигналдық жүйе арқылы сол болмыстың қожасына айналады (сөз сөйлеу, ғылыми ойлау).
Сигналдық жүйелердің бірінде пайда болатын шартты байланыс екіншісінде де пайда бола алады. М: қоңырау үніне шартты қарашық рефлексін қалыптастырып, артынан қоңырау үнін «қоңырау» деген сөзбен алмастырғанда да шартты рефлекс көрініс береді.
Бірінші сигналдық жүйеден екінші сигналдық жүйеге қозу шектеліп беріледі. Осыған байланысты санаға шамадан тыс көп тітіркендірулер ағымы келе алмайды. Түрліше адамдарда ойлау процесі кезінде бірінші және екінші сигналдық жүйенің қатысуы түрліше болады. Павлов және оның мектебі екі сигналдық жүйенің арақатынасына байланысты адамның кейбір жеке типтерін ажыратады:
Көркем немесе суреттеме тип. Бұл адамда бірінші сигналдық жүйе басымырақ болып келеді. Негізінен нақтылы образдық (заттық) ойлау тән;
Ойшып типте екінші сигналдық жүйе басымырақ көрініс береді. Олар абстракциялы ойға ыңғайлы келеді.
Орташа типте 2 сигналдық жүйенің көрініс беруі бір дәрежеде.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет