PBL. Есту анализаторы
Эссе
Физиологиядан өтілген ПБЛда біз алдымен 4 топқа бөліндік. Мұғалім бізге виртуалды пациентпен таныстырды. Алдымен ПБЛдың ережелерімен танысып шықтық. Кейін әр топ өзінің міндеткерлігін алды. Ендігісі Георгий Марков пациенттің тарихымен таныса бастадық. Георгий Марковтың негізгі шағымы құлағының естімейтінін мәлімдеді. Ол басында цехте жұмыс жасайтынын және футзалда ойнайтынын айтты. Біз топтық жұмыс ретінде Георгий Марковтың мәселелерін негізге ала тұра, анализ жасадық. Анализ нәтижесінде есту анализаторының барлық компоненттерін сипаттап шықтық. Оқиғасын бірте-бірте таныса бергенде, себебін анықтап алдық. Бұл себепті топпен арнай зерттеулер арқылы дәлел еттік. Виртуалды пациент диагнозын естігенде бастапқыда қабылдай алмады. Кейін біраз зерттеулер мен көндірулер жүргізілді. Нәтижесінде виртуалды пациент өз диагнозын мойындап, қолға алуды жөн көрді. Біраз оқиғадан кейін виртуалды пациентіміз біз ескерген ем-шараларды қолданып, жазылып шықты. Мен PBL арқасында топпен шешім қабылдауды және дұрыс тұжырым жасауды меңгердім.