«Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата11.01.2017
өлшемі2,61 Mb.
#1620
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«Болса болар, бәлкім, 

менің паңдығым...»



www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

№41 (1299) 

15 – 21 қазан 

2015 жыл


Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ 

ҰЛЫ ТОЙЫ

5-бет

11-бет

3-бет

ҚАЛАУЫН ТАППАС 

ҚАЙРАН ТІЛ...

ЖЫЛ ҚҰСЫ

ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ 

ДАНАЛЫҚ МӘЙЕГІ 

Белігілі ақын Тайырдың атасы – 

Жароктің әкесі Малтақан сөзге шешен­

дігімен, табанда тауып айтқыштығымен 

бүкіл Бөкей атырабында әйгілі би ата­

ныпты. Ол он жеті жасында Исатай – 

Махамбет бастаған шаруалар көтерілісіне 

қатысқан. Өзі сіңірі шыққан кедей бо­

лыпты. Оның Жарок (Тайыр ақынның 

әкесі), Сәпек, Қалім, Абош деген балала­

ры жастайынан жалшылықта жүрген. 

Малтақанның бірсыпыра билік 

сөздері ел аузында сақталған. 

Малтақанды сөзбен жеңе алмаған бо­

лыс пен байлар кедейлігін бетіне басып, 

ел алдында мұқатқылары келеді. 

Бір күні болыс бастаған топ Мал­

тақанның қараша үйіне сау етіп келе 

қалады. Олардың ішінде қонақты ылғи 

қатқан қалашпен сыйлайтындықтан  

«сараң бай» атанған Түсеке де, Малтақан 

баласының еңбегіне алашақ тоқтысын 

екі жылдан бері бермей жүрген Жүнісәлі 

бай да болады. Малтақан оларды көңілді 

қарсы алып, жалғыз биесінің құлынын 

сойып, қонақ етеді. Жас құлынның бал­

бырап піскен уыз еті алдарында келгенде, 

Жүніс бай тұрып: 

– Малтақанның  байлығы болмаға­

нымен паңдығы бар­ау, қонағын құлын 

етімен сыйлауын қараңдаршы, – деп 

мысқылдай сөйлепті.

Сонда Малтақан тұрып: 

Сәлем бере келген соң,

Елдің  ылғи еркесі мен серкесі,

Ақ ниетімді көрсетіп,

Алдарына тартқаным –

Жалғыз құлынның шекесі.

Бұл құлынды соярда

Бір жерден кемпір күңкілдеді:

«Қақпыштан құр емес, – деп, – 

сандығым»,

Бір жерден бала діңкілдеді:

«Байдан әкеліп соям» деп,

Жалға  алатын жандығын.

Екеуін де дегеніме көндіріп,

Құрмет үшін құлынның

Құрбан еттім малдығын.

Сыйламауым тұзға кепкен 

қақпышпен –

Болса болар, бәлкім, менің паңдығым, 

– депті. 

Сөздің төркінін түсінген Жүнісәлі мен 

Түсеке ұялғандарынан жерге кіргендей 

болыпты. 



(«Ел аузынан», 

«Жазушы», 1989, Алматы)

Алаштың аяулы 

перзенті, жан-жақты 

дарын иесі Жүсіпбек 

Аймауытов сөз 

өнерінің барлық 

саласында еңбек 

етті десек қателесе 

қоймаспыз. Ол әрі 

ақын, әрі жазушы, 

журналист, көсемсөзші, 

сыншы, асқан шебер 

аудармашы және 

педагог-ағартушы еді. 

Замандастарының өзі 

оның шеберлігіне тәнті 

болды. «Мен Жүсіпбек 

Аймауытовтай шебер 

жазушыны бұрын-

соңды көрген емеспін» 

деді сол уақытта 

Бейімбет Майлин.

Ол ішкі ойын 

жасырмай, ашық 

айтып отырды. 

Түрлі жағдайларға 

байланысты кей 

мақалаларын 

бүркеншік аттармен 

де жариялаған. 

Жазушының қазақ 

әдебиетінің өзекті 

мәселелерін көтерген 

мақалалары бүгінгі 

күні де маңызды.  

Тарихы терең Тараз төрінде дүркіреп 

тойланған Қазақ хандығының 550 

жылдық мерекесі зор табыспен өтті. 

Торқалы тойдың берер тағылымы 

да мол болды.  Ел өміріне ерекше 

серпіліс берген бұл дүбірлі той 

іргетасын Жәнібек пен Керей қалаған 

қазақ хандарының ел басқарудағы 

ерен еңбегі мен тұлғасын ашып, 

Елбасымыз бен мемлекетіміздің 

бүгінгі саясатын, еліміздің қол 

жеткізген жетістіктерін паш етті.

Қазақ хандығының  мерейтойына 

байланысты облыста жыл бойы көп­

теген іс­шаралар атқарылды. Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев өңірге сапарын 

«Әулие ата» халықаралық әуежайы ның 

жолаушыларға арналған жаңа терми­

налына барудан бастады. «Әулие ата» 

әуежайы кешені күрделі жөндеу ден өтіп, 

жолаушыларға жаңа кейіпте қыз мет етіп 

жатқанына аз ғана уақыт өтті. Әуе жай 

кешені аэровокзалды, аэродромды, 

авиациялық­техникалық базаны қам­

тиды. Сондай­ақ онда ұшуды радио құ­

рал дары көмегімен және жарықпен қам­

тамасыз етуге арналған құрылғылар, түр­

лі техникалар және басқа да жабдықтар 

бар.


О с ы д а н   к е й і н   Е л б а с ы    Т а р а з 

қаласын дағы «Қазақ хандығы» мо­

н у м е н т і н і ң   а ш ы л у   с а л т а н а т ы н а 

қатысты.Ел тарихының өшпес табы 

қалған, ежелгі ордамыздың шаңырағы 

көтерілген көне Тараз жерінде Қазақ 

хандығының 550 жылдығына арналған 

ерекше монумент бой көтерді. «Қазақ 

хандығы» монументінің биіктігі 30 

метрді құрайды. Аумағы 3,5 гектарды 

алып жатқан бұл кешеннің ең ерек­

ше  сәулеттік шешімі, әрине, Қазақ 

хандығының негізін қалаған Керей 

мен Жәнібек хандардың тақта отырған 

сәтінің бейнеленуі болды. 

(Жалғасы 2-бетте)

АЛТЫ АЛАШТЫҢ АРДАҒЫ

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА – 550 ЖЫЛ

6-7

КӨРКЕМ 


СӨЗДІҢ ЗЕРГЕРІ 

еңбек жолымды бастаған едім, – де­

генде  аң тарылдым.

Журналист болған соң Доғ­

дырбектің (ныспысы солай) әңгімесі 

қызықтырды. Ананы­мынаны сұрап, 

әсіресе, өзім көп біле бермейтін 

теміржол жағын қаузап, суыртпақтап 

сырын алып қалмақпын. Қарсы сұрақ 

қойғаны.


– Осы теміржолда ең бастысы 

не? – деді.

Ойланбастан «локомотив» дедім. 

– Жоқ, әуелі рельс, содан кейін 

1520 миллиметр, – деді сапарласым.

Рельсін ұқтым, миллиметріне 

келгенде, ойландырып тастады. 

Сұрасам, қос рельстің арасы 1520 

миллиметр екен. Плюс 4, ми­

нус 2­ге ғана рұқсат дейді. Бұдан 

ауытқыса, пойыз рельстен тайып, 

опат боласың. Осы күні аузы бардың 

бәрі Сталинді қаралайды. Ол кісінің 

діни семинария дан басқа білімі 

жоқ. Солай бола тұра ол КСРО­ның 

бүкіл теміржолында ғы қос рельстің 

арасын осы өлшем де бекіткен. 

Еуропаның, Американың, тіпті 

Қытайдың теміржолының стан­

дартына келмейді. Неге? КСРО­

ның теміржолымен жүре алмайды. 

Рельстерінің арасы келмейді. Екінші 

дүниежүзілік соғыста фашистер 

осыдан көп қиындық көріпті. 

Әңгімеміз жарасты. Ағып келе 

ж а т қ а н   п о й ы з д а ғ ы   б і з   м і н г е н 

вагонның қай доңғалағының майы 

азайғанын, қайсысының тозғанын 

тамыршыдай тап басып, айтып берді. 

Ол бұдан да әрі кетті. КСРО тұсында 

Қазақстанда теміржол министрлігі 

болмаған. Алматы, Тың, Батыс 

теміржолдары деген құрылымдар 

болған. Сол Алматы теміржолын көп 

жыл басқарған Амангелді  Омаров 

Өлшемнің де өз сыры бар

деген ағамыз бертінде Алматыдан 

Астанаға жолаушылайды. Еңбегі 

сіңген теміржолшылар тегін жүреді 

екен. Амангелді ағамыз ең соңғы 

вагонға әдейі билет сатып алып, 

Астанаға барады. Ертеңіне теміржолға 

жауапты министрімізге кіреді.

– Бауырым­ау, пойызбен жүр­

мейтін болыпсыңдар ғой. Вагондарың 

шайқалып, шай іше алмадым, – деп 

шығып жүре беріпті.

Осы әңгіменің тоқетері неде? 

Домбыраның қос ішегі мен рельс­

те. Жалпы көк түрік ойлап тапқан 

домбыраға қараңыз, пернелері – 

шпал, ішегі – рельс тәріздес. Тиектегі 

ішек тұратын қос ойықтың арасы 

– 15 миллиметр. Осыдан ауытқыса, 

домбыраңыз мыңқылдайды, тың­

қылдайды. Күмбірлемейді.

Бұл күнде осыны білетін бала бар 

ма? Балаңыз не, үлкеніңіз де ден қоя 

білмейді­ау...

Мағауия СЕМБАЙ

ҚАРАҒАНДЫ

БЕТ ҚАТТАЛЫП ЖАТҚАНДА:

БАСПАСӨЗ – 2016

МЕРЕЙ

 Астана қаласы әкімдігі 

Қа зақстан Республикасы Тәуел-

сіз ді гінің 25 жылдығына орай 

жаңа монументтің ең үздік 

жобасына («Астана белгісі» 

архитектуралық және мү сіндік 

композициясы) ашық рес-

публикалық байқау жарияла-

ды.

 Қазақстан Республи-

касының Ұлттық кітапха на-

сында Алматы қаласының кі-

тапха налары күніне арналған 

«Ма ман  дығым - мақтанышым» 

атты Ашық есік күні өткізілді.

 Елордадағы ҚР Ұлттық 

музейінде Қазақ хандығының 

550 жылдығына орай «Зер-

гер лік өнер» атты көрме өз жұ-

мысын бастады. 

 Қызылордада «Нұр Отан» 

партиясының «Болашаққа са-

лым саламыз!» атты шараның 

қорытындысы шығарылды.

 Тараз мемлекеттік педа-

го гикалық  институтын-

да «Қазақ хандығы» 

энцикло педия сы ның 

тұсаукесер рәсімі 

өтті.

БІРТҮЙЕР 



Орыс журналистерінде біздің мамандықты дәл сипаттаған бір сөз бар. «Қасқыр 

мен журналисті аяғы асырайды» деген. Қазақтың жалпақ тілінде «Жүрген аяққа 

жөргем ілінеді» дейді. Тура осындай болды. 

Еңбек демалысында Алматыға бардым. Пойызда жолаушылар аз. Сабақ 

басталған. Жүріс-тұрыс шамалы. Жол қысқарту үшін бір вагонда келе жатқан 

томаға-тұйықтау азаматпен таныстым. «Жылқы кісінескенше, адам сөйлескенше» 

деген қазақпыз. Тез шүйіркелесіп кеттік. 

АЙДЫН АЙЫМБЕТОВ – 

«ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ»

МӘДЕНИЕТ


Ол – Шудан, мен –  Қарқара лыдан.

– Бәлі, Мәди атамның арқасында 

оқуға түстім ғой, – деп сала берді са­

парласым жадырап. 

Оқуға емтихан тапсырғанда 

Әлжаппар Әбішевтің «Найзағай» 

романы бойынша еркін тақырыпта 

шығарма жазып, бес алып, маң­

дайы жарқырапты. Мәдидің «Қар­

қа ралысын», «Шіркін­айын» жатқа 

айтып, бүкіл өмірін сайратып берді. 

Филолог, тарихшы, ұстаз екен деп 

топшыладым. Қателесіппін. 

– Аға, теміржолшымын, он жылға 

жуық машинист болдым. Ол кезде 

айлығым 350 сом. «Машинист бол­

сын байың, үндіден болсын шайың» 

дейтін ел. Қатардағы жолшыдан 

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

ғарышкер Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» 

атағын салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар 

Айдын Айымбетовке «Алтын жұлдыз» бен «Отан» 

ордені, «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» атағы 

берілді. Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы 

Премьер­министрі Кәрім Мәсімов, Мемлекеттік 

хатшы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республи­

касы Президенті Әкімшілігінің басшысы Нұрлан 

Нығматуллин, Қазақстан Республикасы Парламенті 

Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов, 

ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев 

қатысты. 

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Елба­

сы: «Біздің космонавтарымыз енді үшеу болды. 

Әлі де көбейеді деген сенімдеміз. Болашағымыз 

ғарыштың биігінде болсын. Әр уақытта біздің көк 

байрағымыз сонау ғарышқа барып тұрсын. Жерді 

айналып, бізді желеп­жебеп, қолдап жүрсін. Бүкіл 

ғаламның күші, ғаламның қасиеті Қазақстанда бол­

сын. Құттықтаймын!» деп атап өтті. Ғарышкер Айдын 

Айымбетов Елбасына өз алғысын жеткізді.

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!

ҚАЗПОШТА

Индекс


Мерзімі

Алматы


Аймақ/қала

Аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

1 жылға


3083,04

3274,80


3427,68

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

1 жылға


5991,84

6183,60


6336,48

Бішкекте Т.Сатылғанов атындағы Қырғыз мемлекеттік 

филармониясында әнші­композитор, ҚР Мемлекеттік 

сыйлығының лауреаты, Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінің құрметті профессоры, Қазақстанның 

халық артисі Ескендір Хасанғалиевтің шығармашылық 

кеші өтті.

Шетелдік дипломатиялық корпус басшылары, 

қоғамдық жұртшылық, шығармашылық зиялы қауым 

және қазақ диаспорасының өкілдері қатысқан шараны 

Қырғызстандағы Қазақстан елшілігі ұйымдастырды. Бұл 

шығармашылық кеш Қазақ хандығының 550 жылдығына 

арналды. Шығармашылық кеште әнші­композитордың 

«Анаға сәлем», «Гүл сезім», «Есіңе ал», «Ескірмеген ма­

хаббат» және басқа да танымал әндері орындалды. Өнер 

мерекесі ақын Қадыр Мырза­Әлінің сөзіне жазылған 

композитордың «Атамекен» әнімен аяқталды.

Ескендір Хасанғалиевтің ән кеші 



3

№41 (1299) 

15 – 21 қазан 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

2

№41 (1299) 



15 – 21 қазан 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

Сол шайқаста он жетi мың сарбаздың он 

бiр мыңы шейiт болып, Тiлеу батырдың 

өзi де, баласы Жолдыаяқ та ерлiкпен 

қаза табады. Тiлеу батыр баласы екеуi 

Түркiстанға жерленедi. Осы жайын да «Еге­

мен Қазақстан» газетiне «Есiмi ұрпағына 

ұран болған» деген мақала жария лап, ол 

кiсiге ескерткiш орнатуды ұсынған едiм.

Батырға ескерткiш қазанның бiрi күнi 

Ақтөбеде ашылды. Мiне, бүгiн баласы 

Жолдыаяқ екеуiне ескерткiш Шымкентте 

ашылып отыр. Батырдың ұрпақтарына, 

ылғи осындай елдiктiң, игiлiктi iстiң ба­

сында жүретiн, асылдарымыздың рухын 

асқақтатып, аруағына ас берiп жүрген 

Бекет Тұрғараев iнiмiзге алғыс айтқым 

келедi. Теңдесi жоқ ерлiктiң бейнесіндей 

бұл ескерткiш елге керек, келешек ұрпаққа 

керек, қазақтың ынтымақ­бiрлiгi үшiн 

керек. Ит арқасы қияннан, сонша жерден 

Тiлеу батыр Сайрамға салтанат iздеп келген 

жоқ, басын бәйгеге тiгiп, қазақтың қасиеттi 

жерiн қорғау үшiн келдi. Бұл ескерткiш – 

қазақтың бөлiнбейтiндiгiнiң, халқымыздың 

қаһармандығы мен бiрлiгiнiң куәсi, – деді. 

Ескерткiштi орнатуда белсендiлiк 

танытқан қайраткер Бекет Тұрғараев өз 

сөзінде Тілеу мен Жолдыаяқ батырлардың 

тарихи ерліктері туралы айтып, ескерткішті 



КӨП КҮТТІРГЕН КЕРУЕН

Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту 

мақсатымен Қытайдың Сиань қаласынан 

шыққан керуен бір жылдан астам уақыт жол 

жүріп, қыркүйек айының соңында Жамбыл 

облысының жеріне аяқ басты. Қос елдің 

достығын паш етіп, ынтымақтастығын арт­

тыруды мақсат еткен бұл керуен дәл той күні 

Тараз қаласының қақпасынан еніп, Тұңғыш 

Президент саябағы қасынан өтті. Құдды бір 

баяғы заманға тап болғандай күй кешіп, маң­

маң басқан түйелер керуені көне заманды еске 

түсіргені анық. Осылайша бағалы жүк артқан 

136 түйе, 8 атарба және 100­ден астам күзетші 

бар бұл керуен бабаларымыздың жүрген жолын 

жаңғыртып, сапарларын көне қалада түйіндеді.

Бұл керуеннің басты мақсаттарының бірі 

– Әулие ата жерінен Шай үйін ашу. Қытайдың 

Шэньси провинциясы әлемге әйгілі «Фуча» 

емдік шайының отаны болып саналады. 

Қытайдан шығып, қазақ жеріне аяқ басқан 

керуенге осынау емдік шай молынан артылып­

ты. Шынында, тіршілігі қым­қуыт Қытайдан 

біздің үйренеріміз, аларымыз көп. Сондықтан 

қазақ пен қытай қалаларының бауырластығы 

іскерлікке жол ашып, берекеге бастайды деген 

сенім мол.

Бұл күні қаланың бірнеше жерлерінде тари­

хи тойдың мерекелік іс­шаралары кеңінен той­

ланып жатты. Тұңғыш Президент саябағындағы 

«Қазақ әлемі» тарихи­этнографиялық 

бағдарламасы бойынша Қазақстан билеушілері 

ордаларының тарихи композициясы тігіліп, 

балалардың этнографиялық алаңқайы ашыл­

ды. Театрландырылған қойылымдар және 

сәндік­қолданбалы өнер бұйымдарының 

көрмесі өтті. Бұған қоса, кешенде әртүрлі 

танымды ойын­сауық іс­шаралары өткізіліп, 

әйелдердің ел өміріндегі бет­бейнесі түрлі 

суреттер мен қолөнер шеберлерінің қолынан 

шыққан түрлі туындылар арқылы бейнеленіп, 

қонақтардың назарына ұсынылды. Сондай­ақ 

«Қазақ әлемі» тарихи­этнографиялық кешені, 

«Жәдігер» жылжымалы мұражай экспозиция­

сы, ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарының 

көрме­жәрмеңкесі, «Алтын сақа» – ұлттық 

ойындар сайысы, киіз бұйымдар қойылған ба­

лалар алаңқайы, қазақтардың ғұрыптық жыр­

ларын насихаттайтын «Фольклор және өмір» 

іс­шаралары халқымыздың салт­дәстүрлерін 

жаңғыртып, бірегейлігі мен өзгешелігін 

дәлелдеді.

Ал «Тарих доңғалағы» алаңқайында көшпелі 

цирк бағдарламасы, «Көк күйме» алаңқайында 

«Сақтардан қазақтарға дейін» – «Арлан» 

киім үлгісі театрының тарихи қойылымы, 

«Дулыға» алаңқайында «Ер қаруы – бес қару» 

– көшпенділердің қару­жарақтарымен та­

ныстыру және «Киіз күмбездер» – қазақ киіз 

үйінің тарихы, сыры, мағынасы, түрлері тура­

лы интерактивті­танымдық бағдарламалары 

ұлтымыздың өмірін, ерлігін зерделеді.

«Ақ шатыр» сахна алаңында «Мәңгілік 

с а р ы н »   –   М е м л е к е т т і к   а к а д е м и я л ы қ 

симфониялық оркестрінің бағдарламасы мен 

ДУЛЫҒАЛЫ ДАЛА ПЕРЗЕНТТЕРІ

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Тарихи санамыз қайта жаңғырып жатқан  

бүгінгідей кезеңде Астана мен Тараз 

қалаларында Қазақ хандығының 550 

жылдығы кең көлемде атап өтілгені ел 

еңсесін тіктеп, тарихи тұлғаларды тағы 

бір ардақтауға, құрмет көрсетуге зор 

мүмкіндіктер жасалуда. Солардың бірі – 

елі мен жерін жау шапқыншылығынан 

азат еткен халық батырларына арналған 

тұғырлы ескерткіштер екені белгілі. 

Ескерткіш – тарихтың шежіресі. Ол 

ұрпақтарға ата-бабаларының жүріп өткен 

жолын ұмытпауға, тарихи тұлғалардың 

ғұмырынан тағылым алуға үйретеді. 

Алматы қалалық метрополитенінің «Мәскеу» бекетінің 

кіреберісінде отандық жас суретшілердің «Жаңа ғасыр толқындары» 

атты көрмесі өз жұмысын бастады.

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы 

ұйым дастырған бұл игі шарада 100­ге жуық автордың 300­ден 

астам туындысы ұсынылды. Көрмеде Алматы қаласындағы 

бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерінің 

жұмыстары қойылды. Бірқатар жас суретшілер келушілерге 

кескіндеме саласы бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Көрме 

жұмысы бір айға созылады. 



С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ 

сазды-драма театры жаңа маусымын Қожаберген Толыбайұлының 

«Елім-ай!» дастанының желісі бойынша дайындалған «Дауылпаз 

баба – Қожаберген» қойылымымен ашты. 

Театрдың тұсаукесерін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов тама­

шалады. Қойылым Қазақ хандығының 550 жылдығына арнал­

ды. Спектакльдің қоюшы­режиссері – Батырбек Шамбетов. 

Қойылым көпшілік көңілінен шықты.

Оралда белгілі күйші-композитор, 

Қазақстан ның халық артисі, «Құрмет» 

орденінің иегері, про фессор, Құрманғазы 

атындағы мемлекеттік академиялық халық 

аспаптары оркестрінің бас домбырашысы 

әрі көркемдік жетекшісі болған Тұяқберді 

Шәмелов тұрған үйге ескерткіш тақта орна-

тылды.

Ж а ң а қ а л а   а у д а н ы   ә к і м д і г і н і ң 

қолдауымен қойылған ескерткіш тақтаның 

ашылу рәсімінде күйшінің замандастары 

Қырымгерей Қажымов, Ермек Қазиев, сондай­ақ шәкірттері сөз 

алып, естеліктерімен бөлісті. Жаңақала ауданының әкімі Лавр 

Хайретдинов шараның маңыздылығын атап өтті. Жаңақала ау­

ылында ас берілді. Еске алу шаралары «Тұяқберді» кітабының 

тұсаукесер шарасына, «Шарықтайды күй» атты халықтық оркес­

трлер ұжымдарының фестивалі «Домбыра Party» кешіне ұласты. 



Ағымдағы жылғы 16 қазан күні Астана қаласындағы Ұлттық 

академиялық кітапханада  қазақтың белгілі жазушысы, Халықаралық 

Франц Кафка алтын медалінің иегері, Халықаралық Алаш әдеби 

сыйлығының лауреаты Асқар Алтайдың «Сират» (Алтай сагасы) 

романының тұсаукесері өтеді. 

Бұл роман ХХ ғасырдағы қазақ халқының бастан кешкен та­

рихына тікелей қатысты. Роман «Арда» (Қайың сауған, ел ауған) 

және «Аза» «Тұман кешкен, ер көшкен) атты екі бөлімнен, алты 

желі мен он бес арқаудан тұрады. Туындыда  қазақ ұлтының арда 

рухы мен аза болмысы суреттеледі. Шығарма тәуелсіз Қазақ 

Елінің тарихында күні бүгінге дейін көлеңкелі болып келген, 

аласапыран ақиқаты айтыла қоймаған халық өмірін қамтиды. Ро­

ман Қазақ хандығы құрылғанының 550 жылдығы мен Қазақстан 

Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналады.   



Астанадағы «Конгресс-Холл» сарайын-

да дирижер, мемлекеттік «Дарын» жастар 

сыйлығы ның лауреаты, Мәдениет саласының 

үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының 

мүшесі Еркін Нұрымбетовтің «Айбынды 

Ақжайықтан...» атты шығармашылық жеке 

кеші өтті.

Қазақ хандығының 550 жылдығына 

а р н а л ғ а н   к о н ц е р т т е   Қ ұ р м а н ғ а з ы , 

Дәулеткерей, Әлшекей, Жантөре және 

Махамбеттің күйлері орындалды. Сонымен 

қатар кеште автордың туындылары мен әндері орындалды.

Белгілі өнер иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 

профессор Айтқали Жайымовтың ұлы, өзі де композитор Ар­

ман Жайым ның «Қобыз бен оркестрге арналған концертін» де 

елордалық тар жылы қабыл алды. Күрделі де терең мағыналы бұл 

туындыны республикалық конкурстардың лауреаты Саджана 

Мырзалиева оркестрдің сүйемелдеуімен қобызда шебер орындап 

шықты. Үш бөлімнен тұратын бұл көлемді шығарма алғаш рет 

орындалуымен де ерекшеленді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет