«Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата11.01.2017
өлшемі2,61 Mb.
#1620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

БАҚАЛЫ АУЫЛЫНДА 

БЕРЕКЕ БАР

Сапар аясында облыс әкімі ауданға 

қарасты Бақалы ауылындағы қызылша 

өсірумен айналысатын «Есімжанов» шаруа 

қожалығының жұмысымен таныс ты. Бұл 

қожалықтың иесі Серікжан Есімжанов қант 

қызылшасынан мол өнім алған облыстың 

алдыңғы қатарлы шаруаларының бірі екені 

жұртшылыққа жақсы мәлім. Қожалық 

иелері 25 гектар жер алқабына 6 шақырым 

қашықтықтан канал тартып, 7 жерден 

көпір өткелін орнатып, оған осы жылы 

тәтті түбір егіп, өсіріп­баптап, бүгінде бір 

гектарынан 700 центнерден астам өнім 

жинапты. Алқаптағы жұмыстардың ба­

сым бөлігін арнайы техникалар атқарады 

екен. Диқандар 25 гектар алқапқа егілген 

өнімнің 11 гектарын жинап үлгерген. Тәтті 

түбірдің тұқымы франциялық «Авантаж» 

сұрыпынан, салмағы 4,5­5 келіге дейін 

жетеді екен. С.Есімжанов биылғы жылы 

өз алқабынан 2000 тонна тәтті түбір жинау 

жоспарының бар екендігін атап өтті. 

Шаруа қожалығының иесімен әңгі­

ме ле су барысында өңір басшысы осы 

аталған шаруа қожалығының өнімдері 

жүк көліктерімен уақытылы Көксу қант 

зауытына жеткізілуін, жеткізілген өнімнің 

ақысы көп күттірмей төленуін қамтамасыз 

ету және игерілмей жатқан жерлердің 

иелерінен заң шеңберінде жерлерін мем­

лекет меншігіне қайтарып, игеру шама­

сына қарай Серікжан Есімжанов секілді 

еңбекқор азаматтарға беру қажеттігі 

туралы облыс әкімінің орынбасары 

С.Бескемпіров пен аудан әкіміне нақты 

тапсырма берді.

Содан соң ауданның ауыл шаруашылық 

бөлімінің басшысы Амандық Баталов ты 

аудандағы  ауылшаруашылық  мақ сат тағы 

5 ірі шаруа қожалықтарының жұмысымен 

және алдағы уақыттағы жос парымен та­

ныстырып өтті. Бұл көрме аудандағы ең ірі 

алма бағының аумағында ұйымдастырылды. 

Алма ағашының түптері 100 гектар аумаққа 

егілген. Әр гектарынан 10 тоннаға дейін 

алма жиналады деп күтілуде. Бұл өз тара­

пынан ауданның экономикасына үлкен 

септігін тигізері анық. 

Облыс әкімі Лепсі өзенінің бойын­

да салынып жатқан «Лепсі­2» су электр 

с т а н ц и я с ы н д а   д а   б о л д ы .   Қ ұ р ы л ы с 

жұмыстарын жүргізіп жатқан «АСПМК» 

ЖШС басшылығы атқарылып жатқан 

жұмыстардың жайымен таныстырып 

өтті. Бүгінде гидростанцияның бес негізгі 

нысаны бойынша құрылыс жұмыстары 

жүргізілуде. Платинаның 80 пайызы, негізгі 

станцияның 60 пайызы аяқталуға жақын. 

Сонымен қатар генераторлық турбина 

қойылып, аралық станция салынуда. Ны­

санда 130 адам жұмыспен қамтылған. 

Барлық қажетті материалдар уақытымен 

жеткізілуде. Нысанды қараша айының 

соңына дейін салып біту жоспарлануда. 

Мердігер құрылыс мекемесінің таныс­

ты руынан кейін облыс әкімі нысанды 

бел гіленген уақытта іске қосу, барлық құ­

рылыс жұмыстарды аяқтағаннан кейін осы 

аумақты абаттандыру және көгалдандыру 

жұмыстарын жүргізу, станция аумағы мен 

оған жеткізетін көпірге күзет қою мәселесі 

жөнінде тапсырма берді. 

Ауданға қарасты Черкаск ауылдық 

округіндегі «Мадьяров» шаруа қожалығы 

да өз жұмысымен таныстырды. Аталған 

қожалық қант қызылшасын егумен айналы­

сады. Мұнда өсірілетін қант қызылшасының 

тәттілігі 14,9  пайызды құрайды дейді ма­

мандар. Қызылша неғұрлым өсіп тұра 

берсе оның құрамының тәтті лігі де арта 

түсетін көрінеді. Шаруа қожалығының 

алдағы жылдарға деген жос пары айқын. 

Өнімді жинау жұмыстарын арнайы 

автоматтандырылған техникалар атқарады. 

Осы күнге дейін қант зауытына 600 тонна 

қызылша өнімін өткізіпті. Облыс әкімі 

қожалықтың иелігіндегі алқаптың орналасу 

жерін, егіндерді суғаруға қажетті судың мол 

екенін, ыңғайлы жерде орналасқандығын 

назарға алып, қызылша тұқымдарының ара­

сын бір­бірінен алшақ қылып отырғызған 

жағдайда мол өнім алуға болатынын тілге 

тиек етті. 



Данияр НҰРБЕК

Алматы облысы

болсын, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев бол­

сын. Б.Кенжебаевтың кітаптары 60­жыл­

дары шықты. Ал соған дейін осы кезеңді 

зерттеп, 1959 жылы диссертация қорғадым» 

дейтін ұстазымыз оңаша бір сырласула­

рында.Осындайда біз ұстазымызды Ала­

шорда қозғалысы мен Алаш партиясы 

туралы әңгімелерге тартатынбыз. Бірақ 

бұл тақырыпқа тереңдемеуге тырысаты­

ны байқалып тұратын. «Бұл туралы біз де 

үшiн iстеген еңбектерiн саралады. Ғалым 

қазақ қаламгерлерi iшiнен С.Мұқановтың 

көмегiн көрмеген, шапағатын сезбеген 

жазушылардың аздығын айта келе оны 

қазақ әдебиетiнiң «Атымтай жомарты» деп 

атайды.


Ғалымның «Мағжан­Сәкен» ата­

латын ғылыми эссесi жиырмасыншы 

ғасыр басындағы әдебиет тарихына 

белгiлi деңгейде ықпал еткен талант­

ты екi ақын арасындағы пенделiк, 

шығармашылық қарым­қатынастарға 

арналған. Бұл байланыстар туралы алуан 

түрлi, алыпқашпа әңгiмелер аз емес. Оған 

бейтарап қарауға болмайды. Өйткенi 

әдебиет классиктерiнiң дүниетанымы 

мен шығармашылығына тiкелей қатысы 

бар бұл байланыстардың тарихын дерек­

терге сүйене айқындау керек. Көпшілік 

аузындағы дерексіз әңгiмелердiң тоқтауы 

қиын. Бірақ оның бәрін тарихи, әдеби де­

ректермен дәйектей айту керек. Зерттеуші 

алдына осы мақсатты қояды.

Профессор Т.Кәкiшұлы айта бастаған 

көңiл аударар ойлардың бiрi «Қазақ 

әдебиетiнiң тарихы тек қана Қазақстанда 

тұратындардың әдебиетi емес» деген пiкiр. 

Түрлi тарихи жағ дай ларда жазықсыз қуғын 

көрiп, шетел асып кеткен қазақтардың 

жазба мұралары да бiздiң әдебиетiмiздiң 

маңызды құрылымды бөлiмi болып та­

былады. Қандастарымыздың рухани 

өмiрiнiң көрiнiстерi, мұң­зары, тұрмысы, 

болашақтан үмiтiн бейнелейтiн бұл 

шығармалардың маңызы зор. Бұларды жи­

нау, жариялау және зерттеудiң күнi туды. 

Шет елдерде тұратын қазақ диас порасында 

басталған, жүрiп жатқан, орын алған көркем 

құбылыстардың қазақ ұлтының руханият 

тарихы үшiн маңызы зор. 

Сол сияқты Қазақстанның облыс­

тары мен алыс аудандарда, орталық тар дан 

алыс  аймақтарда  тұратын  әде би ет шiлердiң 

шығармала рына да бейжай қарауға бол­

майды. Оны жинауға, жариялауға, әдеби 

айналымға қосуға бiз мiндеттiмiз. Әдебиет 

тарихы тек көрнектi жазушылардың 

шығармаларынан түрмайды, ол көптеген 

қ а л а м г е р л е р д i ң   ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ 

iзденiстерiнен тұрады, – деген пiкiрдi ұстаз 

жиi қайталайтын. 

 Түрлі себептермен көпшілік назарынан 

тыс қалған қаламгерлердің шығармашылық 

iзденiстерi мен туындылары әдеби үдеріс 

үшiн де аса маңызды. Сондықтан да 

оны назардан тыс қалдыру дұрыс емес, 

– дейтін ұстазымыздың осы бағыттағы 

еңбектерi де жеткiлiктi. Мәселен, Б.Ізтөлин, 

Ж.Тiлепбергенов, Е.Бекенов, С.Ерубаев, 

С.Шәрiпов, т.б. қаламгерлердiң жинақтарын 

бастыру, өмiрi мен шығармашылығы 

туралы ғылыми өмiрбаяндық очерктер 

жазу, маңызды шығармаларына арналған 

мақалалар осының айғағы бола алады.

 Жоғарыда аталған еңбектер мен 

айтылған ойлардан тыс ұстаз­ғалымның 

алыс, айшылық сапарлардан жазған жол­

жазбалары, кiтаптары, т.б. аз емес. Біздің 

байқауымызша, 30 томға жетерлік мұрасы 

бар. Енді барша шәкірттерінің алдындағы 

үлкен парыз, аса көрнекті ұстазымыздың 

осы аманатын болашаққа жеткізу. 



Зинол-Ғабден БИСЕНҒАЛИ

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің профессоры, филология 

ғылымының докторы

11

№41 (1299) 

15 – 21 қазан 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

10

№41 (1299) 



15 – 21 қазан 

2015 жыл


АНА ТІЛІ

«...Жаман шығарманы жағсы деп дәлелдеу оғырманға жасалған 

ғандай ғиянат болса, жағсы шығарманы кітапсғйер ғауымға 

жағсы деп айтпау да сондай ғиянат...»

  Ә.КЕКІЛБАЕВ. 

 Жазушы Мәди Айымбетовтің «Дүние – керуен» 

атты көркем-деректі романы хақында

ТЕКТІ ӨНЕР ЖАЛҒАСЫ

КИМЕШЕКТІ 

БЕЗБЕН

Қ

ұрақ көрпе



Қ

ұрақ көрпе



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ? 

Ақ боз атым арынды, 

Ақ көйлекке малынды.

Таудан тасты атқылап, 

Таудан түсті шапқылап.

Дөп­дөңгелек

Доп дөңгелеп келеді.

Тепкен бөгеп қарап, 

Аяқ оған керегі.  

(Тау бұлағы)

Парсы елінде «Персепол» 

деп аталатын қала қазір үйінді 

болып жатыр. Кезінде өркениетті 

шаһар болған қаланы парсының 

ұлы патшасы Кир тұрғызып, ұлы 

империяның астанасы еткен. 

Шаһардың іргетасы шама­

мен біздің дәуірімізге дейінгі 

580 жылы қаланған. Қала талай 

шайқасты бастан өткізді. Тіпті 

қайсыбір кездері жаудың қол 

астында да қалды. Бірақ соған қарамастан, астана һәм 

ұлы қала деген мәртебесін жоғалтпаған. Тек араб жа­

улаушылары кезінде кент күйреп, үйіндіге айналған. 

Бүгінде көне тарихтан сыр шерткен шаһарда жартылай 

құланды атақты Ападана сарайының қабырғасы жақсы 

сақталған.



Шамамен 800 миллион жыл 

бұрын, ерте замандағы тіршілік 

пайда болғанға дейін Жер бетін 

қа лың мұздық басып тұрған 

дәуір де бір жылда 486 күн бо-

лыпты. 

 Ал 100 миллиондаған жыл­

дар өткен соң – динозаврлар 

дәуі рінде бір жыл 370 тәулікке 

дейін қысқарған. Дәл қазір 

оның небәрі 365 күннен ғана 

тұра тыны белгілі. Неліктен бұлай? Өйткені ғасырлар 

өткен сайын ай гравитациясының әсерінен Жер 

ғаламшарының айналу жылдамдығы азайып келе 

жатыр. Соның салдарынан күндер ұзарып (шамамен 

бір мың жылдықта 1,7 милисекундқа), ал жылдар 

қысқаруда. 

Уақыт гравитация әсерінен өзгерістерге ұшырайды. 

Мысалы, гравитация көзі болып табылатын Жер ор­

тасына нысан неғұрлым жақын болған сайын, уақыт 

соғұрлым баяу жылжиды. Мәселен, әлемнің ең биік 

шыңы Эвересте бір жыл теңіз деңгейімен салыстырғанда 

15 микросекундқа аз.   



Денесін ұзын сояулы тонмен жапқан кемірушілердің 

бірі – жайра. Бір жайрада 30 000 сояу болады. Бір 

қызығы, жайра түлегенде сояуларын бірден түгел ауыс-

тырмай, біртіндеп ауыстырады. 

Алдымен бірнеше сояуы түседі де, оның орны­

на жаңа сояулары шыққанша, басқа сояулары сол 

қалпында тұрады. Тағы бір қызығы – жайра жауынан 

қорғанғанда сояуларын жауына қарай атып, оның 

денесіне сояуларын бойлатып кіргізе алады. Ол үшін 

жайра не артқа, не бір жақ жанына қарай шұғыл секіреді. 

Жайра сояуларының іші қуыс болып, өздері теріге 

ілініп қана тұрады. Сояудың үшкіл басы бірнеше ұсақ 

тісшелермен аяқталады. Ол тісшелердің үшкір жағы 

артқа қарап орналасады да, жайра сояулы бір нәрсеге 

кірсе, қайта шықпайды, ішке қарай бұранда сияқты кіре 

береді. Оны жұлып алмаса, жай суырып алу қиын. Жай­

ра өте жүзгіш. Ол су бетінде сояуларының көмегімен 

қалықтап жүзеді. Өйткені сояудың қуысындағы ауа, 

оның салмағын жеңілдетеді. Жайраның негізгі мекені 

– Африка, Азия, Үндістан. 

Үнді мұхитындағы Солтүстік Сентинель аралының 

тұрғындары есте жоқ ескі кезден сыртқы әлемнен оқшау 

өмір сүріп келеді.  

Мұндағы жұрттың тағы бір ерекшелігі, олар мың 

жылдан бері сырттан келгендерден ешкімді өз жерлеріне 

кіргізбеген. Тас ғасыры дәуіріндегідей салтты ұстанып 

тұрып жатқан жергілікті халық жатжерліктерді садақтың 

оғын жаудырып, қуып тастайды екен. 

ЖАСЫРДЫМ ЖҰМБАҚ

ҚАЙТАЛАП КӨРІҢІЗ

ҚЫР-СЫРЫ МОЛ ДҮНИЕ 

БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН 

ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ 

ЕСТІМЕГЕН ЕЛДЕ КӨП 



Балшықпен емделуге бола ма? 

Персепол қаласы

Сынаптай сырғыған уақыт 

Жайрада қанша тіс болады?

Сыртқы әлемнен 

оқшау сүрген халық 

Балшықтың емдік қасиеті 

ертеден белгілі. Ол көптеген 

сырқаттарды емдеуге қолданы-

лады әрі емдік қасиеттері де көп. 

Балшық күшті тазартқыш 

әсерге ие. Атап айтқанда, бал­

шықпен тазарту өт қа бын дағы 

шағын тастарды жоя алады. 

Себебі балшық өттегі артық 

белсенді заттарды сіңіріп ала­

ды да сол арқылы оның био­

химиялық құрамын қалыпқа келтіреді. 

Ө

зінің жемісті жазушылық 



қызметімен, қазақ, орыс 

тілдерінде әр жылдарда 

жарық көрген көркем­әдеби, тарихи­

деректі кітаптарымен есімі республика 

жұртшылығына кеңінен танымал жа­

зушы Мәди Айымбетов өткен жылы 

баспадан шыққан «Дүние – керуен» 

атты деректі романында тарихтың 

ғасырлық мерзімін түгел қамтымай, 

тек дәуірлік, кезеңдік бір ғана көрінісін 

шығармасына арқау етеді. Автордың 

осындай ұйғарымға келуі құптарлық 

жағдай, өйткені қоғамның да, адамның 

да, жер­су, ауа мен бізді қоршаған 

табиғаттың да сан қилы өзгерістерге 

ұшырап отыруы жүзжылдықтардан 

тұратын тұтас ғасырлардың ғана 

еншісінде емес, жекелеген дәуірлер мен 

кезеңдерді қамтитын онжылдықтар 

ауқымында да болатыны кім­кімге де 

белгілі құбылыс. 

к ө р і н і с т е р і .   Ш ы ғ а р м а д а   о й д а н 

шығарылып, қиялдан алынған бірде­

бір оқиға, бірде­бір образ жоқ. Роман­

да айтылған әңгіме, баяндалған жайт­

тардың бәрінің де деректік­құжаттық 

негізі бар, сондықтан да сюжет желісін 

құрайтын оқиғалардың бірде­бірі 

ешқашан болмады немесе сомдалған 

әдеби образдардың прототиптері, 

өмірде мүлде болмаған деп ешкім айта 

алмайды. 

Бір демде оқылып қызықты баяны­

мен оқырман ынтасын оп­оңай жаулап 

алатын шығармадағы әртүрлі эпизодта 

кездесетін кейіпкерлер табиғатынан 

жазушы Айымбетовтің характер (мінез) 

жасаудағы тынымсыз ізденісін көрсек, 

туындының өн бойынан талмай ізденіп 

машықтану нәтижесінде қаламгер қол 

жеткізген өзіндік үрдісін, өзгелерге 

ұқсамайтын даралық сипатын, сөз сап­

тауын және кәсіби шеберлігі ретінде 

қалыптасқан жазушылық стилін 

аңғарамыз. 

Көп жылдық өсу жолында мол 

тәжірибе жинақтап, қазіргі қазақ 

прозасының көрнекті өкілі дәрежесіне 

жеткен жазушының деректі романы 

әрісі республика, берісі Ақтөбе об­

лысы, Байғанин ауданының тарихына 

қатысты елеулі бір кезеңді жан­жақты 

қамтып, сол кезеңде елдің көз ал­

дында өткен қайсыбір оқиғаларды 

қаз­қалпында оқырман алдына жарқ 

еткізіп жайып салатын, кең диапазон­

ды, панорамалық сипаттағы шоқтығы 

биік әдеби шығарма. 

Р о м а н н ы ң   б і р е у л е р г е   ұ н а п , 

біреулерге ұнамауы әрбір оқырманның 

ә д е б и   с а у а т ы ,   п а й ы м ­ т ү с і н і г і , 

талғам­талабына, өмірде көрген­

б і л г е н і н е ,   о қ ы ғ а н ­ т о қ ы ғ а н ы н а 

қатысты болғандықтан, оқырман 

көпшіліктің «Дүние – керуеніндей» 

көркем шы ғар маның байыбына бара 

алатындар және бара алмайтындар 

болып екіге бөлінуі заңды. Өйткені 

тың тақырыпқа жазылған бұл ту­

ынды Отан соғысы жүріп жатқан 

сонау бір жылдары Табын (қазіргі 

Байғанин) ауданының 40 колхозы­

нан қоғамдық мал басына қолайлы 

қоныс іздеп облыс орталығынан 1000 

шақырым қашықтықта жатқан Сам 

жайылымын игеруге көшіп барған 

ақтөбелік әулеттер ұрпағының сол бір 

кезеңді білуге деген құштарлығы мен 

қызығушылығын оятар болса, туған 

өлке тарихынан бейхабар және оны 

білуге жетектер ынтасы мен көңіл 

қошы жоқ қайсыбір ағайындар мен 

азаматтардың сезімдерін селт еткізбеуі 

де мүмкін. Алайда «Білгенді айту бір 

парыз» деген аталы сөзді өмірінің 

ұстанымы ретінде тұтынатын жазу­

шы Мәди Айымбетов қоғам алдында 

өзінің жазушылық жауапкершілігін 

терең сезіне отырып, ұрпаққа рухани 

азық, кейінгілерге аманат болар осы 

шығармасын уақыт оздырмай жазуды 

жөн санаған. Автордың бұл позиция­

сын көпшіліктің ризашылықпен 

құптары, қабылдары күмәнсіз.

Біз өзіміз әңгімелеп отырған 

жазушы М.Айымбетовтің кезекті 

шығармасы – «Дүние – керуен» рома­

нының өзегі адам және оның өмір 

сүру ортасы, әділдік пен әділетсіз­

діктің тайталасынан туындайтын тар­

тыс, махаббат пен ғадауаттың майдан 

алаңындағы мәңгілік күресі. Мәдидің 

ұ с т а х а н а с ы н а н   ш ы қ қ а н   р о м а н , 

әңгіме, повестің қай­қайсысында да 

ел­жұрт, халық өмірі, ұлт мүддесі, 

ауыл адамдарының тағдыр­талайы, 

туған жер табиғаты соншалық бір 

ыстық перзенттік сезіммен шы­

найы суреттелетіні оқырман қауымға 

жазушының жас кезінен таныс 

қ ұ б ы л ы с .   С о н д ы қ т а н   т а л а н т т ы 

қаламгердің бұл шығармасы да өзінің 

тау бұлағындай тұнық, мөлдірлігімен 

кітапсүйер көпшілікті тағы да бір 

қуантатынына зор сенімдеміз.

Болат БАЙМҰХАНОВ,

 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе 

өңірлік мемлекеттік университетінің 

доценті, филология ғылымының 

кандидаты

САЙЫН ДАЛАНЫҢ

сыры мен шыны

зерде биігінен ойтамызық тастай оты­

рып, әрқашан мәселенің мән­жайын 

терең һәм түбегейлі қамтиды, шаруа 

жөнінде сұхбаттасқан әріптесімен 

күнделікті тірлікте кездесетін қиын­

дықтардан қайткенде шаршамай шығу 

жолын бірге іздейді. Шын ұстаз тек 

оқу орнында қызмет жасайтын адам 

ғана емес, ол өмірдің қай саласын­

да да, қандай жағдайында да өзгеге 

өз айтарын тыңдатып, өзгені өзі де 

тыңдай білетін және өз бойындағы 

жақсы қасиеттерді басқаның бойы­

на ұялатуға пейілді үлгі­ұлағаты бар 

кісілікті кісі. Озық өнегесімен, өрелі 

ойымен өзгелерден биік тұратын аға, 

алды кең, парасатты тұлға, тағдырын ат 

жалын тартып мінген кезден өз жерінің 

тұрмыс­тіршілігімен байланыстырып, 

ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен 

халқының абзал жүректі азаматы.

Бұл орайда жазушы Айымбетов 

Айымбетов қаламынан туған 

деректі романның тақырыбы Ұлы 

Отан соғысы майдандарында елін 

қорғап жатқан армияның күш­қуатын 

арттыруға Қазақстан көлемінде 

жергілікті халықты жұмылдыру кезеңі 

мен осы мақсатқа орай кезінде мал 

шаруашылығын өркендетудің бірден­

бір қолайлы аймағы, құтты қонысына 

айналған Ақтөбе облысының Сам 

жайылымындағы күнделікті тірлік 

болса, шығарма идеясы – жазушы өзі 

сомдаған көркем образдар мен өзі бей­

нелеген оқиғалар арқылы көрсеткен сол 

жайылымды пайдаланудың ел өмірінде 

қандай шешуші рөл атқарғанына, 

Кеңес Одағы үшін қаншалықты тарихи 

маңызы болғанына оқырман назарын 

аудару, бүгінгі жас ұрпақты Отан тари­

хын, өлке тарихын жан­жақты танып 

білуге үндеу, бағыттау, оларды өз елінің 

патриоттары рухында тәрбиелеу.

«Дүние – керуен» туындысының 

басты кейіпкері кезінде Сам жайы­

лымына бағыт алған ұлы көшті 

басқарған, кейін орталығы Жарқамыс 

кенті боп белгіленген «Ақжар» сов­

хозында ұзақ жылдар бойы кеңшар 

директоры қызметін атқарып даңққа 

бөленген Жұбан Айжарықов – елжан­

ды, биік зерделі, бірсөзді азамат. Мәди 

өз романында Жұбанның шаруашылық 

жағдайын жетік білетін білікті бас­

шы болумен қатар бүгіннің ертеңге, 

ертеңнің алдағы күндерге қалай 

ұласатынын, басталған істің қандай 

нәтижемен аяқталатынын дәл болжай 

алатын тәжірибелі маман, еңбекші 

қ а у ы м м е н   қ а р ы м ­ қ а т ы н а с ы н д а 

моральдік, партиялық принциптер­

мен бірге қызмет этикасын да қатаң 

сақтайтын, ұйымдастырушылық 

шараларында көпшіліктің мінез 

ерекшеліктерін әрдайым ескеріп, 

барлық уақытта да әлеуметпен оңай тіл 

табыса білетін жетекші болғандығын 

өте нанымды көрсеткен. 

Айтар ақылы, берер кеңесімен 

әрбір шаруа адамының ойынан 

шығатын және өзіне ерген қалың 

бұқараны әрқашан жақсы істерге, 

жаңа бастамаларға жұмылдыра білетін 

Жұбан көшбасшылық қабілет, қадір­

қасиетке ие. Ол өзгені әрдайым тыңдай 

біледі және сөйлескен адамына өзінің 

республика өмірінде үлкен серпіліс 

туғызған Сам жайылымын игеруге 

айтарлықтай үлес қосқан Жұбанның 

мал шаруашылығын ұйымдастырудағы 

жетекшілік қызметін жеке­ дара 

көрсетпей өзі секілді ел игілігіне күндіз­

түні қалтқысыз еңбек етіп жатқан 

шопандар қауымының күнделікті 

тірлігімен, шындыққа негізделіп 

жасалған көркем бейнесі мен шебер 

ұштастыра баяндайды. Сол арқылы бас 

кейіпкердің бойындағы ізгі қасиеттер 

мен кәсіби құндылықтардың жекелеген 

адамдар мен қоғам арасындағы қарым­

қатынастарды әрлендіруде шешуші рөл 

атқарғанына өз оқырманын риясыз 

сендіреді. 

 «...Тұйық, сөзге сараң, ішіндегісін 

сыртқа көп ақтара бермейтін, салқын 

қабақты Жұбанның осы бір сәттегі 

ақтарыла шығарған жан толқынысын 

көңілшек Исалы іші­бауыры елжіреп, 

тым­тырыс тынған сезіммен қабылдап: 

ат жалында, түйенің қомында тірлік 

кешіп, көшіп­қонып малдың күйін 

күйттеген ел­жұртқа бас­көз болған, 

шаруасының оңғарылуына көмек жа­

сап жүрген қызметің ауыр да адал ғой, 

шырағым Жұбан. Алда­жалда пәшесті 

жеңер күн туып, заман оңалғандай кез 

оралар болса, еңбегің далаға кетпей, 

ел­жұртыңның алғысына бөленерсің, 

соған үміт еткенің дұрыс. Өзің секілді 

жөн білер азаматтарға әл­дәрмен жет­

кенше сүйеу болуға әлі жарармыз, Алла 

дес берсе, қам жеме оған. Жаратқан 

Ием адал ниетті ақ ісіңді дәйімде 

қолдап жүрсін!...».

«Ол Жұбаттың аңшылық құмар­

лықпен желпінгенін пәлендей мақұл­

дамады.

– Жә, Жұбат, қолымызды қандамай­



ақ қоялық. Ақбота – Сәңкібайдай 

киелі жерге бағыт түзеп келе жатырмыз 

ғой. Тағы бірде ретін өзің келтірерсің. 

Мәшинеңді тақырдың жиегіне, анау 

көрінген жолға қарай бұр!..».

«...Ал, Жұбан болса, Ақтөбеден 

мерейі өсіп, көтеріңкі көңіл­күймен 

оралды. Әйтсе де, өзін әділдік мен 

жағында болды, жеңіскермін деген ойға 

билетпеді. Бұл да адам танудағы өмірдің 

бір сабағы болғанын салқын сабырымен 

ғана пайымдады...» Жазушы Жұбанның 

шын мәнінде кім екенін оқырманына 

біз мысалға алған жоғарыдағы диалог­

тар, көріністер мен ой қорытындысы 

арқылы дүниеге жар салмай­ақ 

қарапайым тіл құдіретімен шебер та­

нытса, романның келесі бір басты 

кейіпкері – аудандық әкімшілік тара­

пынан Сам жайылымына бет алған ұлы 

көшке арнайы өкіл ретінде бекітілген 

Алданыш Жарылқасовты қаламгер өз 

туындысында қалай көрсетті? Ендігі 

кезекте соған тоқталайық. 

Шығармада типтік тұлға ретінде 

жинақталған Алданыш Жарылқасов 

–   ұ н а м с ы з   к е й і п к е р .   Б і р а қ   о л 

жазушының ой­қиялынан туған 

кездейсоқ жан емес, өмірде болған 

адам. Романда Алданышқа қатысты 

баяндалатын келеңсіз жайттар онымен 

бірге қызмет атқарған азаматтардың 

айтуына қарағанда Жарылқасовтың 

жеке өмірінде, мінез­құлқы, бітім­

болмысында, оның қалың бұқара, 

ж е к е л е г е н   а д а м д а р м е н   қ а р ы м ­

қатынасында орын алған, талай рет 

байқалып, көптің назарын өзіне 

аударған ұнамсыз жағдайлар. 

Мәди жазған «Дүние – керуеннің» 

жүргендегісінен де бетер бола ма екен? 

Біздікі де міз бақпастан қалыспай 

қылқытып отыр, мынаның әлдеқалай 

жосықсыз бір сөзі қитығына тиіп кет­

кендей болса, түлені түртіп шыға кел­

месе неғылсын?.. ».

«...Сейсен шалдың шүйкедей, ақ 

сары тарамыс кемпірі Шынкүмістің 

ауық­ауық: «Бастарың жас, көрер 

қызықтарың таусылған жоқ, күйреме, 

жасыма, қарағым. Алланың бір 

мейірімі түсер, қашанғы жылата бе­

рер дейсің сендерді» деп қайта­қайта 

жұбатқанына қанша иланғысы келсе 

де, илана алмай Үзіл басын шайқап, 

боп­боз боп кезерген ернін тістелей 

берді...».

«...Жұбан, атаның түсіңе енгені 

тегін емес, сірә. Бүгін бейсенбіден 

жұмаға қарайтын күн ғой, анау 

керсағал ешкінің серкешік лағын ша­

лып, садақа ас берейік, төңіректегі 

көрші­көлем, Исалы ата мен Шәмия 

әжені шақырайық, Исекеңдерге Тілеп 

ағаны да қосармыз, Самнан келгелі 

бері басымызды қосып отырып, шай­су 

ішудің реті болмай жүр еді, дұрыс бол­

ды, – деп ақ­сары жүзінде жып­жылы 

мейірім нұры ұялаған Үзілді ол бар 

ықыласымен мақұлдады...».

Бұл диалогтар мен детальдік сурет­

терден өмірдің келеңсіз көріністеріне 

деген өзінің жеке көзқарасын түзетін 

қазақ әйелдерінің шынайы қалпын, 

ұлттық менталитеті мен ата­баба 

дәстүрін әр уақыт жалғастыратын 

табиғи мінезін жазушының өте нәзік 

зергерлік шеберлікпен жеткізгенін 

көреміз. Қоғам мен адам тіршілігін 

кең ауқымда қамтыған заманауилық 

өміршеңдігі бар бұл туындысында да 

(өзге шығармаларындағы сияқты) 

Мәди оқиғаларды әдеби қалыпқа 

енгізу, авторлық баяндау мен сурет­

теу, кейіпкерлердің монологтары мен 

диалогтарын образға сай шеберлікпен 

құру, көркем­деректі бейнелерді 

мүсіндеу мен мінездеу сияқты әдіс­

тәсілдерді ұтымды қолданады.

Мәди Айымбетов кезеңдік мазмұны 

бар бұл туындысын жазуға алдыңғы 

буын ағалар – қазақ әдебиетінің 

классиктері М.Әуезов, С.Мұқанов, 

Ғ.Мүсірепов және т.б. жазушылар 

жүріп өткен дәстүрлі жол – прозаның 

шағын түрлері әңгіме, эссе, новел­

ла, жазу әдістерін шығармашылдық 

пен меңгеру арқылы келді. Оған 

қаламгердің «Дүние – керуен» ро­

манынан бұрын «Үстірт үстіндегі үш 

күн» очеркі, «Құм киесі», «Шырақшы 

Қалжігіт» повесі, «Құла түздегі үнсіздік» 

атты әңгіме­хикаяларын жазу үстінде 

үлкен психологиялық һәм кәсіби 

дайындықтан өткендігі айғақ. Егер біз 

Пушкин айтқандай, «Роман – жазушы 

өрбіте баяндайтын тарихи дәуір» деп 

түсінер болсақ, онда бұл шығарма 

Мәди өрістете баяндаған тарихи кезең, 

бірақ оның өзіне тақылеттес өзге 

шығармалардан бір айырмашылығы 

бар. Ол айырмашылық бәрінен бұрын 

туындының деректік мазмұнында. 

Жазушы өз қолтумасында баяндаған 

оқиғалардың бәрі нақты шындыққа 

негізделген және ел жадында қалған 

сол бір кезеңнің шынайы көркемдік 

өн бойында баяндалатын, әнгімеленетін 

оқиға атауының бәріне ортақ бір нәрсе 

– кәдуілгі тірлікте аса көп байқала 

бермейтін қайсыбір көріністердің 

қаламгер шебер пайдаланған әдеби 

әдіс­тәсіл, бейнелеуіш құралдар 

құдіретімен айрықша мәнге ие боп 

кім­кімді де бейжай қалдырмайтын 

эпизодқа айналуы. Осындай көркемдік 

шындық өзінің деректік мазмұнымен, 

жанды суретімен сана­сезімге әсер 

ететін тылсым күшімен оқушысын 

«дүние – керуеннің» көшіне ілестіріп 

өмір туралы ойға жүгіндірері сөзсіз. 

Деректік романның қарақты көзге 

оңай байқалатын өзіндік ерекшеліктері 

бар. Ол ерекшеліктер шығарманың 

тақырыбы мен идеясынан туындап 

жан­жақты суреттелетін көркемдік 

шындықтың болуында, сюжеттер 

желісінде баяндалатын кейіпкерлер 

тірлігінің адамдар санасында із 

қалдыруында, кейін сол тірліктің 

жазушының ұшқыр ойы, кестелі тілі 

айшықты сөздерімен оқиғалардың 

дәуірлік сипаты бар көркем сурет ай­

тылуында.

Жазушы белгілі бір қоғамда өмір 

сүретіндіктен, оның шығарма шы­

лығында қоғамдық мән және мазмұн 

болатындығы сөзсіз. Өйткені қаламгер 

ең алдымен өз жерінің азаматы, өз 

дәуірінің перзенті, өз тұсының ең биік 

арманы мен тілегіне жалынды жаршы 

болар талант. Оның асыл мұраты халық 

қамы, ұлт мүддесі болса, айналыса­

тын шығармашылық ісі – қоғамдық 

іс, сондықтан да көркем әдебиеттің, 

қоғамдық мәнін, әлеуметтік мазмұнын 

еш нәрсемен салыстыруға немесе 

ауыстыруға болмайды. Себебі көркем 

шығармалар жазушы қай дәуірді, қай 

кезеңді бейнелесе де, сол дәуір, сол 

кезеңнің басты қаһарманы, әдетте, 

әдебиеттегі көркем бейнесін жасауға аса 

лайықты деп қаламгердің өзі таңдаған 

тұлғалар болады, ал сол тұлғалардың 

жарқын бейнесін жан­жақты ашатын 

сюжет желісін тақырыпқа тікелей 

байланысты жеке оқиға мен оқиғалар 

жиынтығы құрайтыны белгілі. Оны 

төмендегі мысалдардан айқын байқауға 

болады.


«...Нұрғайша: – Апыр­ай, мына 

кісінің ішкеннен кейінгі сыйқы сау 

ШАРА



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет