Қазақстан республикасының Ғылым туралы заңына сәйкес ғылыми зерттеулерге ғылыми немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмыстар шеңберінде тиісті ғылыми әдістермен және құралдармен жүзеге асыратын қолданбалы, іргелі, стратегиялық зерттеулерді жатқызуға болады10.
Зерттеудіңмақсаты- бұл зерттеу барысындағы түрлі актілер мен операциялардың жүйелі реттелуінен сипатын анықтайтын әрекет жобасы мен зерттеудің жалпы бағыттылығы. Зерттеудің мақсаты теориялық және қолданбалы сипатта болуы мүмкін. Теориялық зерттеу объектінің құрылымы, қызмет, даму заңдылықтары туралы жаңа білімдер ашу және зерттеудің жаңа әдістері мен процедураларын негіздеуге бағытталған. Психологиялық зерттеу бағдарламасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі - зерттеу міндетін анықтау болып табылады.
Зерттеудіңміндеттері- мәселені шешу мен талдауға бағытталған нақты мақсаттағы нұсқаулар жиынтығы. Зерттеу міндеті мәселені талдауға деген негізгі және қосымша талаптардан тұрады. Мысалы: теоретикалық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулерде теоретикалық міндеттер - негізгі, ал практикалық міндеттер қосымша талаптар болып табылады. Психологиялық зерттеу - белгілі бір тапсырысқа сәйкес қоғамға қажетті нәтижелер алынған жағдайда ғана толыққанды зерттеу деп саналады.
Зерттеудіңөзектілігі. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау барысында оның өзектілігіне баға беру керек. Психологиялық зерттеу өзектілігінің негізгі қырлары болып мыналар табылады:
Зерттеліп жатқан құбылысқа қатысты теориялық құрылымның толықтырылуы. Cипаттамалар мен байланыстар туралы жаңа мәліметтер зерттеу
10 Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы // Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы N 407-IV Заңы// "Егемен Қазақстан" 2011 ж 25 ақпан № 59-61.
құбылысының табиғатын айқындайды, нәтижесінде білімдер жүйесіндегі кейбір
«ақ дақтарды» жабуға және түрлі қарама-қайшылықтарды шешуге көмектеседі.
Жұмыстың теориясы мен қолдану саласын кеңейтуге септігін тигізетін жаңа ғылыми дәлелденген мәліметтерге мұқтаждық.
Психодиагностикалық және зерттеу әдістерінің тиімділігінің артуы және жаңа мәліметтердің пайда болуына әсерін тигізеді.