m - Биномиалды критерийі
Критерий тағайындалуы: m критерийін қандай да бір әсердің кездесу жиілігінің теоретикалық немесе берілген жиіліктегі кездесу жиілігімен салыстыру үшін пайдаланылады41.
Сипаттамасы: m -биномиалды критерий зерттейтін әсердің эмпирикалық жиілігінің теоретикалық, ортастатистикалық немесе қандай да бір берілген жиіліктен қаншалықты басымдылығын бағалауға мүмкіндік береді.
m критерийі төменгі 2 жағдайда таптырмайтын әдіс болып саналады.
а) тек қана бір таңдау тобы зерттелгенде және бұл таңдауды болашақта пайдалану үшін екі бөлікке бөлудің мүмкіндігі мен мағынасы болған кезде;
б) зерттелген таңдау тобында 30-дан кем зерттелушілер болғанда ( X 2 критерийін пайдалануға мүмкіндік болмайды). Мұндағы бақылаулардың эмпирикалық жиілігі m -ретінде белгіленеді, яғни m -критерийі эмпирикалық мәні болып табылады.
Пайдаланудағы шектеулер:
Таңдау тобындағы бақылаулар саны 5-тен кем болмауы тиіс.
Таңдау тобындағы бақылаулар санының жоғары шегі 50-300 дейін болуы тиіс.
m -критерийі тек қана зерттелетін топтағы қызықтыратын әсердің берілген ықтималдылықтан басымдылығы P туралы болжамды тексеруге мүмкіндік береді.
Мұнда берілген ықтималдық
P 0,50
болуы қажет.
Егер әсердің берілген ықтималдықтан төменгі сенімділігі туралы болжамды
тексеру қажет болса, G -критерийін пайдалануға тура келеді.
P 0,50
жағдайында
X 2 критерийін
Достарыңызбен бөлісу: |