Болтаева ә. М



бет72/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Өлшеу шкалалары (латынша Scala– баспалдақ лестница) зерттеу объектісінің белгілерінің жиынын белгілі сандық жүйесін реттеу арқылы тіркеу формасы.
Ноль өлшемді шкалалау– бұл нольдік өлшемі және жалғыз мәні бар психологиялық шкалаларды құру әдісі.
Бір өлшемді шкалалау– бұл берілген психологиялық айнымалылардың барлық мәнін құрайтын психологиялық шкалаларды құру әдісі.
Көп өлшемді шкалалау– тұтас психологиялық кеңістік құрайтын, яғни бірден бірнеше психологиялық айнымалыны анықтау үшін пайдаланады.
Графикалық шкалалау – сыналушы өзінің ой – пікірін графикалық шкалада белгілейтін субъективті бағалау процедурасы.
Бақылау - зерттелетін объект туралы бастапқы ақпараттарды, оларды тікелей қабылдау және зерттеу тұрғысынан маңызды болып табылатын барлық факторларды тіркеу әдісі
Бақылаудың келісім коэффициенті. Бір мезгілде түрлі бақылаушылар арқылы алынған мәліметтердің сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш.
Бақылаудың тұрақтылық коэффициенті - әр кезде алынған мәліметтердің сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш.
Бақылаудың сенімділік коэффициенті - түрлі бақылаушылардың әр түрлі кезеңдерде алған нәтижелерінің сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіш.
Контент-анализ - зерттеу мақсаты үшін маңызды саналатын ақпаратты алуға бағытталған құжаттарды жүйелік талдау әдісі.
Құжат - хабарларды жеткізуге және сақтауға арналған адам қолынан жасалатын деректер көзі.
Ғылыми есеп - жүргізілген зерттеудің нәтижелері жүйелі және бейнелі-көрнекті формада бейнеленетін жазбаша құжат болып табылады.
Ғылыми фактілер – бұл санамен бейнеленген ақиқат фактілері, олар ғылым тілінде, эмпирикалық пайымдаулардың тексерілген фактілер жиыны.
Ғылыми баяндама– аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми – зерттеу мен тәжірибелік эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет