Болтаева ә. М



бет71/89
Дата19.06.2023
өлшемі350,96 Kb.
#102180
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89
Байланысты:
2022 Болтаева А.М. ОПНИ

Бір пәндік зерттеулер жекелеген ғылым шеңберінде жүргізілетін зерттеу. Пәнаралық зерттеу - бірнеше ғылыми пәндер қиылысында жүргізілетін және әр ғылым саласының мамандарын қажет ететін зерттеу.
Кешендік зерттеу - ғалымдардың зерттеу үшін маңызды параметрлерінің ең көлемді шегін қамтуға ұмтылатын әдістер мен әдістемелер жүйесінің көмегімен жүргізілетін зерттеу.
Аналитикалық зерттеу - зерттейтін ақиқаттың неғұрлым маңызды қырын айқындауға бағытталған зерттеу.
Табиғи эксперимент - зерттеу объектілерін табиғи жағдайларда зерттеу. Лабораториялық эксперимент – арнайы жабдықталған зертханаларда алынған нәтижелерді көп реттік растау үшін зерттеуге жағдай туғызу;
Констатациялық эксперимент – зерттеу объектілерін тән қандай да бір ерекшеліктердің, құбылыстардың бар екендігін дәлелдейді;
Қадағалаушы эксперимент – зерттеу объектісіне әсер ету мен әсер тиімділігі нәтижелерін қадағалау;
Қалыптастырушы эксперимент – экспериментатор арнайы әсер арқылы өзіне қажетті психикалық ерекшеліктерді (өзгерістерді) қалыптастырады.
Психологиялық өлшеу– бұл нәтижесінде психологиялық заңдар қалыптасатын психологиялық құбылыстардың сандық сипаттамасын анықтау.
Психофизикалық өлшеу- бұл физикалық стимулдар жағдайларын олардың психологиялық байланыстарымен бірге зерттеу;
Психометрикалық өлшеу– бұл индивидуалды даму динамикасының сандық анықтамаларын өлшеу және зерттеу әдісі.
Шкала – зерттелінетін объектінің белгілерін, олардың сандық жүйесін реттеу жолымен тіркеу формасы.
Шкалалау (ағылшынша Scalіng- өлшеу бірлігін, масштабын анықтау) реалды құбылыстарды сандық жүйелер көмегімен үлгілеу әдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет