2.3. Әлемдік саяси үрдіс Саясат – бүкіләлемдік құбылыс . Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі. Бұл заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекетте, халықта жоқ.
Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз- дүние жүзі қауымдаситығының өміріне қатысы саяси шнешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекетік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың, жеке адамдардың іс- әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихы дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Осы тұрғыдан алғанда ең әуелі назар аударатын нәрсе – осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылықты толы, сөйте тұра – біртұтас. Бүгінгі дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200 – дей мемлекет, 2000 – нан астам этникалық топтар бар. Олардың әрқайсысының тарихта жүріп өткен өзіндік жолы, қалыптасқан дәстүрі, тілі, діні, және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың әр сатысында тұр.
ҚОРЫТЫНДЫ Адамзат субъект ретінде әрекет ететін өз мүдделері бар және оларды іске асыруға үмтылатын әрқилы құрылымдарға бөлінген: құрлықтар, аймақтар, мемлекеттер, нәсілдер, этникалық құрылымдар, ұлттар, таптар, сословиелер, әлеуметтік топтар. Олардың өзара қатынасы саяси шынайылықты құрайды. Халықаралық қатынастар осы саяси шынайылықтың бір бөлігі болады. Олар, ең алдымен, мемлекетаралық қатынастар ретінде қызмет етеді, өйткені саяси қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделері мемлекеттік саясатта көрінеді. Мемлекет оларды мемлекеттен тыс халықаралық аренада көрсетеді. Барлық мемлекеттік құрылымдар халыкаралық аренада әрекет етеді және байланыстың ерекше мемлекетаралық каналын — дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастырады. Мемлекеттің дипломатиялық қызметі өкілдік және ақпараттық тәрізді екі негізгі функцияны атқарады. Осы функциялардың екеуі де мемлекеттің табысты халыкаралық қызметі үшін аса маңызды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1.“Саясаттануға кіріспе”. Професор Т.Т Мұстафиннің редакциясында. Алматы 1994 жыл. 1, 2, 3 бөлімдер
2.“Саясаттану”, Қапесов.Н. Алматы 2003 жыл “жеті жарғы”
3. Сапарғалиев Ғайрат. “Қ.Р Конституциялық құқығы”. Алматы 2004 “жеті жарғы”
4.Д.Жамбылов. “Саясаттану” оқу құралы. Алматы 1996 жыл.
5.Қуандық Б.С: “Саясаттану негіздері”. Астана. Елорда 2000 жыл.