Ену. Жарықтың теріасты құрылымдарына ену тереңдігі шашырау интенсивтілігі секілді толқын ұзындығына байланысты. Қысқа толқындар (300-400нм) интенсивті шашырап 100 мкм-ден астам тереңірек кірмейді. Ал ұзын толқындар тереңірек енеді, себебі олар аз шашырайды.
Лазерлік сәулеленудің қолданылуы
Жоғары интенсивті сәулелену лазерлік хирургияда теріні қайта қалпына келтіру, жою, шырамды жою, тері жасарту және эпиляциялау үшін қолданылады.
Лазерлік эпиляция кез келген жердегі қажетсіз шаштарды жоюға мүмкіндік бере отырып, шаштың фолликулдарын ыңғайлы және ауырсынусыз түрде жояды. Денедегі шаштар өсудің әр түрлі кезеңдерінде болғандықтан, оларды толық жою үшін 1-3 ай аралығындағы бірнеше процедуралар жасау керек. Лазерлі дермабразия эпидермистің жоғарғы қабатын алуды қамтиды, сондықтан ол теріні жасартуға, тыртықты өңдеуге, татуларды жоюда, акненің күрделі формасымен науқастарды емдеуде кең қолданылады.
Медицинада қолданылуы
Медицинада қолданылуы
Пайда болатын зардаптары
Лазерлі терапияның жоғары тиімділігіне қарамастан, ол қант диабеті, гипертония, тиреотоксикоз, онкологиялық аурулар, стенокардия, қан аурулары және психикалық ауруларды қамтитын бірқатар маңызды көрсеткіштерге ие. Кез-келген жағдайда, дерматологиялық лазерлі терапияны кәсіби дәрігерлер ғана жүзеге асырады, олар міндетті түрде процедура алдында кеңес береді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік сәуле әсері түрліше болып келеді. Лазер сәулесінің биологиялық ұлпалармен әсерлесуінің сипатына қарай оның фотобиологиялық әсерін үш түрге бөлуге болады. Лазерлер қасиеттеріне байланысты медицинаның түрлі салаларында пайдаланылады, мысалы хирургияда, косметологияда, терапияда, диагностикалауда және т.б салаларда. Сонымен қатар алып келетін теріс көрсеткіштері бар.