Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады. Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері күрделі көмірсу - жасунықты (клетчатканы) ыдырата алады. Бактериялар «К» және В12 витаминдерін синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат - нәжіске айналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.С.А.Ажаев, Т.Ж.Үмбетов «Гистология-1», Түркістан қаласы 2010 жыл
2.Р.Б.Абильдинов, Ж.О. Аяпова, Р.И.Юй «Атлас цитология, гистология, эмбриология» Алматы қаласы 2006 жыл
3.Ж.О. Аяпова «Цитология, гистология және эмбриология» Алматы қаласы 2009 жыл