БоөЖ №8 Тақырыбы: «Капиллярлық құбылыстар» Орындаған



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата02.12.2023
өлшемі0,66 Mb.
#132263
1   2   3
Байланысты:
биофиз Дильназ

 
Пайда болуы 
Басқа сұйықтықпен, газбен немесе өзінің буымен шекаралас 
орналасқан сұйық бетінің иілуі де Капиллярлық құбылыстарқа 
жатады. Сұйықтық бетінің иілуі салдарынан, оның астында 
қосымша 
––
– екі ортаның шекарасындағы беттік керілу, р1 және 
р2 – сұйықтықтағы (1) және онымен жанасқан ортадағы (2) қысым, 
r – беттің орташа қисықтық радиусы. Сұйықтықтың ойыс бетінің 
осымша қысым әсер етпейді 
күш (негізінен, ауырлық күші) әсерінен болатын сұйықтық бетінің 
тепе-теңдігі мен қозғалысының кейбір түрлерін де қамтиды. 
Сыртқы күш әсер етпесе немесе ол басқа күшпен теңгерілсе, 
сұйықтық беті жазық болмай имек болады. Мысалы, салмақсыздық 
жағдайындағы шектелген сұйықтық көлемі беттік керілудің 
әсерінен шар тәрізді пішін алады. Бұл жағдайда сұйықтық орнықты 
тепе-теңдікте болады. Өйткені, көлемдері бірдей геометриялық 
денелердің ішінде бетінің ауданы ең аз болатын дене – шар. Едәуір 
мөлшерде алынған тұтқырлығы аз сұйықтық, өзі құйылған 
ыдыстың пішінін қабылдайды. Жердің тарту күші беттік керілудің 
әсерін жеңетіндіктен, мұндай сұйықтықтың бос беті жазық болады. 
Бірақ сұйықтықтың массасы кеміген сайын беттік керілудің рөлі 
артады. Сұйықтықты газ ішіне бүріккенде немесе газды 
сұйықтықпен араластырғанда шар тәрізді майда тамшылар немесе 
көпіршіктер пайда болады. 
Анықталуы 
Қатты денемен жанасқан сұйықтық бетінің пішіні жұғу 
құбылысының әсері бойынша анықталады. Сұйықтық қатты денеге 
жұғу үшін, сұйықтық пен сол қатты дене молекулалары арасындағы 
ілінісу күші (F1) сұйықтық молекулаларының өз арасындағы 
тартылу күшінен артық (F2) болуы керек (яғни F1>F2). Бұл 


жағдайда сұйықтық ыдыс қабырғасымен жоғары көтеріледі 
(суреттегі а). Оның тар ыдыстағы (капилляр түтіктегі) беті ойыс 
болады. Қатты денеге жұқпайтын (яғни F1капилляр түтіктегі деңгейі кең ыдыстағы сұйықтық деңгейінен 
төмен әрі оның беті дөңес (суреттегі ә) болып келеді. Капилляр 
түтіктегі сұйықтықтың имек беті мениск деп аталады. Жұғатын 
сұйықтықтың менискісі ойыс, жұқпайтын сұйықтықтың менискісі 
дөңес болады. Ойыс менискі астындағы капиллярлық қысым теріс 
болғандықтан, түтіктегі сұйықтық салмағы капиллярлық қысыммен 
-теңдік 

– 
– 
фазааралық беттік керілу, r – мениск беті орташа қисықтығының 
радиусы, g – еркін түсу үдеуі. Д.Жюрен (1684 – 1750) формуласы 
деп аталатын бұл өрнек сұйықтықтың капилляр түтік бойымен 
көтерілу (не төмен түсу) биіктігін (h) анықтайды. 
Рөлі 
Капиллярлық құбылыстар табиғатта, күнделікті өмірде және 
өндірісте елеулі рөл атқарады. Судың топыраққа және әр түрлі 
кеуек материалдарға сіңуі, керосиннің білтемен жоғары көтерілуі, 
кентасты байыту үшін қолданылатын флотация осы К. қ-ға 
негізделген. Капиллярлық құбылыстарды алғаш рет Леонардо да 
Винчи (15 ғ.) ашып зерттеген. Онан кейін Б.Паскаль (17 ғ.) мен 
Дж.Жюрен (18 ғ.) капилляр түтіктің көмегімен тәжірибе жасаған. 
Капиллярлық құбылыстардың теориясы Т.Юнгтің (1805), 
П.Лапластың (1806), Дж.Гиббстің (1875) және И.С. Громеканың 
(1879, 1886) еңбектерінде дамытылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет