БоөЖ тапсырмалары: Типтік және ситуациялық есептер шығару 1 тапсырма



Дата14.02.2023
өлшемі41,5 Kb.
#67878



БОӨЖ тапсырмалары: Типтік және ситуациялық есептер шығару


1 - тапсырма.
Адамның хромосомалық ауруларын диагностикалау үшін кариотипті зерттеу кезінде бөліну жіпшесін бұзу және бөлінуді тоқтату үшін колхицинмен өңдейді.
1. Митоздың қай сатысында кариотип зерттеледі?
2. Митоздың кезеңдерін сипаттаңыз.
3. Жасуша бөлінудің қандай типтері бар. Атаңыз.


2 - тапсырма.
Гомологты хромосомалар жұбы мен ондағы орналасқан аллельді гендерді митоздық цикл кезеңдеріне сай бөліңіздер

А а

В в


3 - тапсырма.
Овогенез кезінде фолликула жарылып, бір жұмыртқа жасушасы пісіп жетіледі. Жұмыртқа жасушасы (ооцит II қатары) жатыр түтігіне түседі.
1. Осы кезде жасушада хромосомалар жиынтығы мен ДНҚ молекуласының саны қанша?
2. Жетілмеген жыныс жасушалары қандай бөліну кезеңдерін және жіктелуден (дифференцировкадан) өтеді?
3. Жасушалардың атын және овогенездің барлық сатысындағы генетикалық материалдың құрамын жазыңыз.


4 - тапсырма
- Адамның сома жасушасының ядросындағы 46 хромосомалардағы барлық ДНҚ молекуласының салмағы 6*10-9 мг жуық. телофаза І және телофаза ІІ кезеңдеріндегі ДНҚ молекуласының массасын анықтаңыздар.


5. Тақырып бойынша 5 терминнен тұратын үш тілде глоссарий құрастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет