Дәрігерлер: штат бойынша 119,75 , жеке тұлғалар – 74, жасақталуы – 62%;
ОБҚ: штат бойынша 312,75, жеке тұлғалар – 256, жинақталуы – 82%;
Сонымен, 2021 жылы барлығы 18 дәрігер келді, оның ішінде 10 жас маман (травматолог-ортопед – 2,акушер – гинеколог – 1, оториноларинголог - 1, уролог – 1, ЖТД – 5).
2022 жылы 18 жас маман дәрігерлердің келуі күтілуде, оның ішінде: 12 ЖТД, 6 резидент (анестезиолог-реаниматолог – 2, онколог-маммолог – 2, педиатр – 1, терапевт – 1).
Сондай-ақ, барлық жас маман-дәрігерлерге облыстық денсаулық сақтау басқармасының тарапынан 1 млн. теңге мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төленіп, Бөрлі ауданы әкімдігінің тарапынан жалға берілетін пәтерлер берілді.
Ауылдық жерлерде жұмыс істеуге ниет білдірген қызметкерлерге Бөрлі ауданы әкімдігінің тарапынан тұрғын үй, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша үй сатып алуға арналған пайыссыз несие беріледі.
Сонымен қатар, жұмысқа келген орта буын қызметкерлері тегін, 25 орындық жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Білікті мамандар көп болғанымен, ауданда әлі де кадр тапшылығы байқалатыны көрінеді. Бүгінгі таңда Бөрлі аудандық ауруханасы бойынша 27 дәрігер жетіспейді. Оның ішінде:
15 – ЖТД, оның ішінде 3 ауылдық дәрігерлік амбулаторияларға;
1 – эндокринолог;
1 – офтальмолог;
1 – психиатр/нарколог;
1 – анестезиолог – реаниматолог, оның ішінде балаларға арналған);
1 – балалар хирургі;
1 – невропатолог, оның ішінде балаларға арналған;
2 – қоғамдық денсаулық сақтау;
2 – педиатр;
1 – акушер-гинеколог;
1 – терапевт.
Аудандық ауруханаға дәрігерлерді жұмысқа тарту мақсатында келесі іс-шаралар жүргізіледі:
- Арнайы Enbek.kz сайтына барлық бос орындар бойынша деректер енгізіліп, тұрақты түрде кандидаттардың өтініштеріне мониторинг жүргізіледі;
- Аудандық аурухананың бірінші басшысы медициналық жоғары оқу орындарының бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысады;
- Облыстық денсаулық сақтау басқармасының тарапынан 1 млн. теңге мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төленеді;
- Бөрлі ауданы әкімдігінің тарапынан жалға берілетін пәтерлер беріледі;
2021 жылғы жағдай бойынша Бөрлі аудандық ауруханасындағы көрсеткіштеріне келетін болсақ:
стационардағы өлім көрсеткіші – 2,7%;
жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі өлім – 0%;
стационар алмастырғыш терапия – ұлғаюы 20,4%;
МСАК деңгейінде алдын алуға болатын себептерден нәресте өлімі көрсеткішінің динамикасы – 0%;
Негізделген шағымдар саны – 0% құрады.
Бөрлі аудандық денсаулық сақтау жүйесі бүгінгі замауи талаптарға сай медициналық қызмет көрсетеді. Аудандық аурухана басшылығы да, қызметкерлері де медицинадағы жаңашылдыққа талпынып, үнемі ізденіс үстінде жүреді.