Бөрлі ауданының денсаулық сақтау жүйесі: даму, жаңа технология, білікті маман



бет1/2
Дата28.03.2023
өлшемі28,09 Kb.
#76952
  1   2

БӨРЛІ АУДАНЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІ: ДАМУ, ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ, БІЛІКТІ МАМАН

Медицина саласы – қазақ елінің болашағы үшін маңызы зор салалардың бірі. Бүгінгі күнге дейінгі тоқтаусыз дамып келе жатқан медицина саласындағы жетістіктер де аз емес. Бұл салада да еліміз Тәуелсіздік алғалы біраз шыңдарды бағындырып үлгерген.


Батыс Қазақстанның солтүстігінде Жайық өзенінің бойымен Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шекаралас ауданның бірі – Бөрлі ауданы. Аудан орталығы – Ақсай қаласы. Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны орналасқан. Батыс Қазақстан облысындағы Қарашығанақ кеніші дүние жүзіндегі ең ірі мұнайгаз кенорындарының бірі болып табылады.
Директор Шыңғыс Салихович Сарсенгалиев басқарып келетін Бөрлі аудандық ауруханасы, соңғы талаптарға сай, аудан тұрғындарына үзіліссіз медициналық қызмет көрсетіп келеді. Бүгін аудандық аурухана сапалы медициналық көмек беріп, білікті мамандар жұмыс жасайтын, материалдық базасы нықталған емдеу мекемесі.
Бөрлі аудандық ауруханасы 12 елді мекендерге, жалпы 56021 адамға медициналық қызмет көрсетеді. Аудан тұрғындарына медициналық көмек ауданық аурухана арқылы көрсетіледі. Құрамына:

  • 115 орындық аудандық аурухана;

  • 3 отбасылық денсаулық орталығы, жалпы тәжірибелік дәрігерлері бар 33 учаскілер, оның ішінде 1 педиатриялық учаске;

  • 3 дәрігерлік амбулатория;

  • 6 фельдшерлік-акушерлік пункт;

  • 12 медициналық пункттер;

  • консультациялық-диагностикалық бөлімі кіреді.

Аудандық аурухананың ішінде реанимация бөлімшесі, 25 төсектік – терапия, 5 төсектік – неврология, 15 төсектік балалар бөлімшесі, оның ішінде: 1 төсек орын – неврология, 2 төсек орын – cозылмалы аурулары бар балаларға арналған, 33 төсектік хирургия, 2 төсектік травматология, 10 төсектік (8 балалар және 2 ересектер) жұқпалы ауруларды емдейтін бөлімше, 15 төсектік гинекология және патология бөлімшесі, оның ішінде: 5 патологиялық және 10 гинекология төсек орны, 10 төсектік – перзентхана бөлімі.
Лауазымдық жалақы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі - № 1193 ҚРҮҚ) сәйкес тарифтік кесте бойынша коэффициентке көбейтілген базалық лауазымдық жалақыдан (БЛЖ) тұрады, не Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша еңбекақы төлеу қоры шеңберінде бекітілген лауазымдық айлықақы. Бөрлі аудандық ауруханасы бойынша дәрігердің 1 мөлшерлемеге орташа айлық жалақысы 356 164 теңгені, өңір экономикасындағы орташа айлық атаулы жалақысы 414 368 теңгені құрайды.
Бөрлі аудандық ауруханасы бойынша 2021 жылға кредиторлық берешек, оның ішінде ұзақ мерзімді берешек жоқ. Тоқсан сайын мерзімі өткен кредиторлық берешектің пайда болуына жол бермеу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау жүзеге асырылады, сондай-ақ күтілетін нақты шығыстардың сомасын айқындау жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Ұзақ мерзімді кезеңде өндірістік көрсеткіштердің оң динамикасын қалыптастыру, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыру мақсатында жыл сайын сараланған түрде еңбекақы төленеді. Мәселен, Бөрлі аудандық ауруханасы бойынша 2021 жылы сараланған түрдегі еңбекақы 17 млн.600 мың теңгені құрады.
2020 жылы «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы мен Бөрлі аудандық ауруханасы медицина саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бес жылға бекітілген құжат аудан және шетел дәрігерлері арасындағы өзара қарым­қатынасты нығайту, ынтымақтастықты күшейту, мекемені медициналық құрал­жабдықтармен жабдықтау және тәжірибе алмасу сияқты бірнеше бағыттан тұрады.
Меморандум аясында «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы коронавирустық инфекциясының алдын алу, Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесін қолдау мақсатында Бөрлі аудандық ауруханасына 3 дана «Perseus A500» анестезиологиялық жұмыс стансасын, 1 дана «Fabius Plus» өкпені жасанды желдету функциясы бар заманауи наркозды­тыныс алу аппаратын және 3 дана CVP функциясымен оттегіні ылғалдандырғышы бар «Hamilton C6» өкпені жасанды желдету аппараттарын алып, реанимация мен қарқынды терапия бөлімшесін жабдықтады. "Hamilton C6" аппараты тыныс алу қоспасын автономды берумен, IntelliSync+ функциясымен нақты уақытта синхрондаумен, өкпенің жай-күйін бағалауға, ауаны қайтаруға және транспульмоналды қысымды өлшеуге арналған P/V Tool® Pro құралымен «Келесі буындағы интеллектуалды өкпені жасанды желдету аппараты» деп аталатын аппаратқа жатады. Қазақстанда мұндай аппараттардың барлығы 7 данадан аспайды, олардың 3 данасы Бөрлі аудандық ауруханасында орналасқан.
Оған қоса, аурухананың ПТР-зертханасына қуаттылығы тәулігіне 700 зерттеуге дейін жететін COVID-19 короновирус жұқпасын анықтайтын аппараттар табыс етілді.
Аталған меморандум аясында біздің ауруханаға шетел мамандары келіп, науқастарды қарап, өздерінің ақысыз кеңестерін беріп, аудан дәрігерлерімен тәжірибе алмасуда. Оның ішінде, тамырлы хирург дәрігер Доктор Энтони Морган, дәрігер хирург-проктолог Джавед Шами, дәрігер анестезиолог-реаниматолог Доктор Свилен Динев.
2021 жылы Бөрлі аудандық ауруханасында қабылдау-диагностикалық бөлімі ашылды. Қабылдау-диагностикалық бөлімінде пациенттерді ТРИАЖ жүйесі бойынша халықаралық талаптарға сәйкес іріктеу жүзеге асырылады. Бөлім, контрасттау мүмкіндігі бар компьютерлік томографпен жабдықталған. КТ-аппарат Бөрлі ауданының ғана емес, сонымен қатар көршілес аудандардың тұрғындарына да қызмет көрсетеді. КТ аппараты онкологиялық, жіті жарақаттармен, ми қан айналымының бұзылуымен ауыратын науқастарға диагностика және көмек көрсету жеделдігін арттырады.
Бөрлі аудандық ауруханасына отандық өндірістің жылжымалы медициналық кешені жұмысын жасауда. Автобус базасындағы жылжымалы медициналық кешен ауылдық елді мекендері үшін кешенді медициналық көмекке, диагностикалық көмекке қолжетімділікті жақындатуға арналған.
Отандық жылжымалы медициналық кешен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жеке кіру есігімен және арнайы лифт-пандуспен жабдықталған. Кешен гинекологиялық тексеруге арналған аймақтарға, рентген және флюорография бөліміне, жалпы қабылдауға, жалпы практика дәрігерінің кабинетіне, зертханалық диагностикаға, функционалдық диагностика аймақтарына (УДЗ, ЭКГ) бөлінеді.
Жылжымалы медициналық кешеннің арқасында дәрігерлер бригадалары адамдарға скрининг, тексеру және кәсіби тексеру жүргізу үшін ауылдық елді-мекендерге шығып, барлық қажетті көмекті сол жерде көрсетеді. Бұл, жалпы медицинаның қазіргі тұжырымдамасына сәйкес келеді және алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қол жетімділігі мен қолайлылығын көрсетеді.
Сонымен қатар, заман талабына сәйкес, бәсе­кеге қабілетті, сапалы медициналық көмек көрсету үшін, мекемеміз жыл сайын республикалық және жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражат және демеушілер көмегінің арқасында қымбат тұратын, қажетті медициналық құрал-жабдықтар мен аппараттар сатып алуда.
Бірнеше минут ішінде, адам ұзындығы бойынан үлкен ішекті көзбен көруге мүмкіндік беретін видеофиброколоноскопиялық «PENTAX» аппараты. Медициналық құралдың өзі – иілу қабілеті бар ұзақ зонд. Сурет экранға жіберілетін артқы жарықпен және камерамен жабдықталған құрылғының ішіне кіреді. Жиынға - ішке ауа, биопсиялық форсспен қамтамасыз ететін түтік кіреді. Камера ішектің ішкі жағдайын суретке түсіріп, суреттерді мониторға жібереді.
Аурухананың рентген кабинетінде орналасқан радиографикалық рентген жүйесі RFM-525HF (аналогты). Заманауи үлгідегі жаңа аппарат диагностиканың көптеген түрін жүргізуге мүмкіндік береді. Көпфункционалды, ыңғайлы және қуатты ренгент диагностикалық кешенді автоматты түрде басқаруға болады. Компьютерлік өңдеу сурет бейнесін жақсартады, соның нәтижесінде ұсақ өзгерістер анықталып, патология құрылымы бағаланады.
Сонымен қатар, «АРДИАГНОСТ-6» жаңа цифрлық рентген-аппараты өз жұмысын жасауда. Тік томографиялық тірегі бар «АРДИАГНОСТ-6» рентгендік диагностикалық кешені жалпы күрделі және мамандандырылған рентгенологиялық зерттеулерге арналған. Сызықтық томография және мақсатты рентгенография мүмкіндігінің арқасында ол травматологиялық, пульмонологиялық зерттеулер үшін сәтті қолданылады.
Кез-келген органды түсіруге мүмкіндік беретін және диагнозды дәл қоятын әмбебап құрылғы. Мониторда түсірілген органды көруге, үлкейтуге немесе суретті контрастты етуге болады. Ылғалды көрініс толығымен алынып тасталады, бұл реагенттерді үнемдеуге әсер етеді. Жаңа жабдықтың басты артықшылығы – оның қауіпсіздігі. Аппараттың толық автоматтандырылған конструкциясы тексеру кезінде ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін тік, көлденең қалыпта, латеропозицияда зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.
Лапароскопиялық хирургияға арналған «Karl Storz» бейнекешені - опер.блокта қызмет көрсетеді. Лапароскопия – заманауи хирургия бағыттарының бірі. Дәстүрлі техникамен салыстырғанда оның артықшылықтары көп. Бүгінде көптеген кеселдерде лапароскопиялық операциялар ең алдымен пациент үшін тиімді. Олар аз жарақатты, адамға қысқа мерзімде төсектен тұруға, қалыпты өмірге қайтып оралуға ерік береді.
Сараптамалық класының уль­тра­дыбыстық «VIVID E-90» эхокардиограмма диагностикалық жүйе­сі де алынды. Бүгінде ультрадыбыстык зерттеу ешқандай ауырсыну әкелмейтін және жарақат­сыз әдіспен жасалуда.
Қазіргі таңда Бөрлі аудандық ауруханасында 560 қызметкер қызмет атқарады, оның ішінде:
– Дәрігерлер – 74 (оның ішінде жүктілікке және босануға, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты - 16);
– Орта буын қызметкерлері - 256 (оның ішінде жүктілікке және босануға, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты - 36);
– Кіші медициналық қызметкерлер - 98 (оның ішінде жүктілікке және босануға, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты - 5);
– Басқа қызметкерлер - 132 (оның ішінде жүктілікке және босануға, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты - 13).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет