Ботай (Көкшетау, Қызылжар, Қостанай атырабындағы) мәдениетінің



Дата14.09.2023
өлшемі59 Kb.
#107755
Байланысты:
stud.kz-358


Қазақстан Республикасының Білім беру Министрлігі

Тақырыбы: Ботай мәдениеті


Орындаған:

Тексерген:


Астана 2010 жыл

Жоспары:


  1. Кіріспе: Географиялық орналасуы.

  2. Негізгі бөлім: Қамбарата ұрпақтарын алғаш қолға үйретушілер.

  3. Қорытынды: Ғалым, профессорлардың пікірі.

Ботай мәдениеті жөнінде деректер.


Ботай (Көкшетау, Қызылжар, Қостанай атырабындағы) мәдениетінің (б.д.д. ІV–ІІІ мыңжылд.) қалыптасуына еткен әсері қомақты болды. Бұл мәдениеттің өкілдерінің әлемде жылқыны алғаш қолға үйретумен кеңінен айналысқандығы жөніндегі мәліметтер бізге дейін жеткен.
1983 жылы жылқы малы алғаш рет Қазақстанда қолға үйретіліп бағылғандығы жөніндегі жаңалық жарияланған еді. Енді, міне 2008 жылдың сәуір айында Көкшетау маңынан қымыз сақталатын ыдыс табылып, оның жасын археологтар (В. Зайберт) 6000 ж. деп белгілеп отыр. Бұл – неолит дәуірі деген сөз. Міне, сол дәуірдің тағы бір қомақты тарихи жәдігерлерінің (тасқа қашалып, суреті бедерленген домбыра) табылуы жоғарыда жасалған тұжырымызды нықтай түседі.

Ұлы Далада мезолит пен неолиттік дәуірлерде Атбасар, Маханжар, Усть-Нарым және т.б. мәдениеттер өркен жайса, энеолитте мәдениетінің әсері Минусинск ойпатында қылаң берді. Зерттеушілер Ботай мәдениетін Атбасар мәдениетінің тікелей ізбасары ретінде таниды. Ал, Атбасар мәдениетінің арғы тегі мезолиттік Балқантау, Сыр бойы, Ферғана үрдістерімен сабақтасып жатыр.


Мәдениет жол-жөнекей ықпалдасуды бастан кешіре отырып Ертіс пен Енесей алаптарына тұяқ тіреп, көнешұңқырлықтар үрдістерінің шығысындағы түрі – энеолиттік Афанасьев мәдениетінің уығын көтеруге атсалысты. Көнешұңқырлықтар мен Афанасьевтіктердің жерлеу әдісі, антропологиялық түрлері, тұтынған бұйымдары, өсірген малдары тым ұқсас.
Ғалымдар Афанасьев үрдістерінің Ботай, Усть-Нарын мәдениеттеріне тән жәдігерлерге жуықтайтын сипаттармен ұштасып жатқанына назар аударады Ботай жоралғылары Жейтун аясындағы қоныстарға тән жерлеу жораларына бейіл тұрады. Мысалы, мүрделермен бірге қабырғаны жағалата жылқының бас сүйектері қатар қойылған, мүрделердің басын оңтүстік-шығысқа қаратып шалқасынан жатқызылған. Бұл көнешұңқырлық үрдіс Ботай мәдениетіне де тән еді. Бұларда мүрдені ашып оның жанына жаңа өлгендерді қатар жайғастырып және еден астын қазып жерлеу әдеті болған.
Жалпы алғанда, Ботай, Келтеминар, Оңтүстік Түрікменстандағы Геоксюр мәдениеттерінің ұқсас та тұтастығы көрінеді. Ботайда үйлер тұрғызылатын жер шеңбер немесе сегіз бұрыш (кейде төрт бұрыш) түрінде белгіленеді. Келтеминар үйлерінің шатыры күмбездеп жабылыпты. Бұл – палеолит пен неолит замандарында ұшырасатын тәсілдер. Мұндай баспаналарды археологтар неолиттік Атбасар мәдениеті аясынан да тапты. Ботайда ет сақталатын ұралар болған. Демек, қазақтардың соғымға жылқы сою дәстүрінің әуелгі нышандары сонау Ботай заманынан бастау алады.
Ботай үйлері – күмбезді төбелі үйлер. Бұл Афанасьев, көнешұңқырлықтардың бітімінде бар жәйт. Обаны күмбездеп үю, мүрделердің басын күн шығар жаққа қарата көму әдетін, Көнешұңқыр мен Ботай мәдениеттерінің тіршілік салттарын, олардан кейін өмір сүрген петров, андрон тайпаларының үрдістері арқылы сақ, хун, түрік, дешті-қыпшақ тайпалары әрі қарай жалғастырып әкеткен еді.

Сонымен, жоғарғы палеолит, мезолит, неолит және қола ғасырларындағы жер-жерлерден табылған археологиялық ескерткіштердің (жерленген мүрделердің) жан-жағына тау ешкісінің мүйіздерін тізіп қою, мүрделерге қызыл бояу себу, атты мүрдемен бірге көму, бұрынғы тиктердің


мүрдені сүйегінен етін ажыратып алып көму әдетінің қырғыздарда қайталануы («Манас» бойынша) алғашқы дәстүрлер иегерлері мен кейінгі ғасырлардағы қауымдардың арасындағы байланыс туралы сөз қозғауға мүмкіндік береді. Бұл тұжырымды, әсіресе ондаған мың жылдар бойы мотиві жағынан (материал мен жасалу техникасы емес) өзгеріске ұшырамай ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған ою-өрнектер растайды.
Біздің заманға дейінгі ІII - II мың жылдықта (энеолит кезеңі) ауа райының ылғалды және салқын жағдайында Қазақстан тұрғындары өндірісті шаруашылықтың түрі - мал өсіруді жаппай игереді. Бұл мәдениеттің (Ботай мәдениеті) Солтүстік Қазақстанда бірнеше ескерткіштері табылған: Ботай, Красный Яр, Бестамақ , Соленое озеро т. б. Мұнда алғашқы кезеңдерден көрі ауқымды өзгерістер мен ерекшеліктер байқалады, яғни адамдар ірі елді мекендерге орналасады, жылқыны көлік ретінде пайдаланады, аң, балық аулайды. Ботай мәдениеті өзінің мазмұнымен сұртанды (Оңтүстік Орал),
Хвалынь (Еділ жағалауы), Афанасьев (Алтай), Усть-нарым (Шығыс Қазақстан) мәдениеттерімен тәріздес. Бұның өзі Еуразия даласындағы тайпалардың тарихындағы этностық және мәдени біртұтастықты сипаттайды.
Ақпарат беттерінде жылқы малы сонау ықылым заманнан бері адамзат тарихында ең алғашқы рет Қазақстан жерінде қолға үйретілгені жайлы көп айтылады. Ғылымдағы «Ботай мәдениеті» деген кезеңдерде, осыдан 5600 жыл бұрын «ботайлықтар» жылқыны көлік ретінде пайдаланып, ал етін азық еткені жайлы ғалымдар сөз етуде. Батыс кинофильмдерін қарап отырсақ, олар жабайы мустангілерді қолға көндіріп, бағындырып жатқан ковбойлардың ерліктерін жырлап тауыса алмайды. Ал, біздің бабаларымыз олардан әлдеқай-да бұрын ат құлағында ойнаған. Қазіргі қазақтардың ұлттық тағамдары – қымыз, қазы, соғым сою сол сонау ықылым замандардан қалған деген пікір, жорамал айтуда ғалымдарымыз. Түркі халықтарының осындай тарихи ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жылқы етін жеу – шариғат бойынша рұқсат етілген.

Журналист-жазушы Жарылқап Бейсенбайұлының «Арғы түрктер ақиқаты ізімен» атты ғылыми-зерттеу еңбегінің 4-ші тарауынан Көнешұңқыр мен Ботай мәдениетін қалыптастырушылар прототүрктер екендігіне көзіңіз жетеді. Автордың айтуына қарағанда, бұл тайпалар – көшпелілер мәдениетінің алғаш негізін салушылар. Өйткені Ботай қазбаларында ж.с.д. 3500-2400 жылдарға жататын 70000 жылқының сүйегі табылған. Бұл дегеніміз арғы түрктердің ең алғаш болып жылқыны үй жануарына айналдырғандығын көрсетеді. Жылқыны қысқы соғымға союды да алғаш рет осы Ботай түрктері бастаған. Жайық пен Ертіс арасында созылып жатқан Дешті-Қыпшақ мәдениетінің де бастауы осы Ботай мен Көнешұңқыр мәдениетінің жалғасы.


Көкшетау облысы Айыртау ауданындағы аты қазір дүние жүзіне белгілі Ботай елді мекенінен көшпелі тайпалардың тұрмыс – тіршілігіне тікелей қатынасы бар құнды деректер табылған. Қазіргі кезде дүние жүзінде түрлі мақсатқа сай жылқының қол тұқымдары қолда өсіріледі. Олар күнделікті тұрмыс қажеті үшін пайдалану мақсатына байланысты ауыр жүк таситын, салт мінетін, спорттық ойындарға пайдаланатын қолтұқымдары бар.
В.Ф. Зайберт зерттеген Ботай қонысында /Көкшетау жері/ жүздеген мың жылқы сүйегі табылса және олар осы қоныстағы барлық сүйек қаңқаларының 99,9 пайызын құраса, Днепр өзені бойындағы Деревки энеолит қонысында жылқының үлесі 60 пайыз құрайды. Осы екі энеолит мекенінің арасына орналасқан Дон өзені бойындағы Репин Хутор қонысында жылқының үлесі 80 пайыз. Жоғарыдағы мысалдар көне дәуірде жылқышылық орталығының қазақ жерінде болғанын дәлелдейді.

Қазақстанның солтүстігіндегі «Ботай мәдениеті» деп аталатын археологиялық аумақтан табылған заттай айғақтарды дәйек ретінде келтірсе де, «жеткілікті дәлелдер жоқ» деп батыс ғалымдары бұра тартатын-ды. Енді тап сол аумақты өз көздерімен көріп, зерттеп шыққан мамандар жылқыны дүниеде бірінші болып қазақ жерінің ежелгі тұрғындары мініске үйреткенін мойындап жатыр.


Халықаралық археологиялық экспе­дицияға жетекшілік еткен ағылшын ғалымы, Ұлыбританиядағы Эксетер университетінің профессоры Алан Аутрэм бұл мойындаудың үш себебі бар екенін айтады:


– Біріншіден, Ботайдан табылған жылқы аяқтарының қалдықтары қола дәуіріне жататын сондай қазынды дүниелерге қатты ұқсас, бірақ тақ тұяқты басқа жабайы жануарлардың сүйектерінен мүлде бөлекше. Оның үстіне, мұндағы сирақ сынықтары олардың иелерінің қола дәуірінен де ертерек өмір сүргенін көрсетеді. Екіншіден, мұндағы аттардың жақтарынан, тістерінен ауыздық немесе соған ұқсас заттан ғана түсетін айрықша белгілер табылып отыр. Яғни, сол заманның өзінде Ботай мәдениетін жасаған адамдар жылқыны көлік ретінде пайдаланған. Үшіншіден, қазба жұмыстары кезінде құмыра сынды ыдыстар молынан кездесті. Ондағы органикалық қалдықтарды мұқият зерттей келе, біз оларды ежелгі адамдардың жылқының сүтін құю үшін пайдаланғанына көз жеткіздік. Жылқының сүті ашыған соң, «қымыз» атты сусынға айналады екен ғой, оны Қазақстанның халқы әлі күнге дейін ішеді екен.

А.Аутрэмнің айтуынша, Ботайдан табылған тың мәліметтер адамзат қоғамының даму уақыты туралы қалыптасқан түсініктер қалпын бұзбақ. Ондағы Қамбар ата ұрпақтарының сүйектері, тістері, қымыз құйылған ыдыстардың сынығы Еуропадағы тай­палар жылқының не екенін білген уақыттан 2000 мың жыл бұрын-ақ қазақ даласында аталмыш жануарды көлік қып мінгенін, сүтін сауып ішкенін, үй шаруашылығында пайдаланғанын дәлелдейді. «Атқа мініп көрген ежелгі адамдар оның тамаша көлік, таптырмас сауда көзі және соғыс ісін мүлде басқа арнаға бұрар күш екенін түсінген болуы керек» дейді британ ғалымы.



Пайдаланған әдебиеттер:

  • Қ. Аманжолов «Қазақстан тарихы» I том, Алматы «Білім» 2004жыл

  • Тәңірберген Мәмиев «Археология» Қызылорда қ. 2004жыл



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет