Салт - тұрақтылық қасиетіне ие болған мәдени іс-әрекеттер жинағы. Олар адамдардың іс-әрекет стереотиптеріне айналады, жалпылық қасиетке ие болады. Салт ғасырлар бойы тарихи негізде калыптасып, үрпақтан-ұрпакка беріліп отыратын әдет-ғұрып, жалпыға бірдей тәртіп. Салттың шектеушілік қызметі (мысалы, жыныстык бейберекеттілікті), жақындастыру қызметі (ауыз бірлікті қалыптастыру), ақпараттық қызметі бар. Салт әлеуметтік ақпараттың жиналуының, сақталуының және келер үрпаққа жеткізілуінің өзіндік құралы. Салт - халық даналығының, жалпыға ортақ игіліктердің квинтэссенциясы.

Дәстүр[1] - (лат. traditio - сабақтастық) - әлеуметтік-мәдени мұраның ұзақ уақыт бойы адамдар атадан балаға қалдыратын, әдетке айналған, сол қоғамның немесе әлеуметтік топтың құндылықтар жүйесі мен ережелеріне ұласқан бөлігі. Дәстүр тек мұраның нысандарын ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік мұрагерлік процесі мен оның әдіс-тәсілдерін де қосып алады.[2] Олар қоғамның барлық салаларынан көрініс табуы мүмкін, олардың діндегі, ғылымдағы, өнердегі, әдебиеттегі және басқа да салалардағы алар орны ерекше.