Жауабы : В) 12
Шаманың модасы
Шаманың модасы– оның берілген мәндерінің ішіндегі жиілігі ең көбі.
1-МЫСАЛ. Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағалары: «5», «5», «5», «4», «3», «4», «5», «4», «5», «5». Оқушының осы алған бағаларының модасын табыңыз.
А ) «4» В) «2», «3» С) «3» Д) «5» E) модасы жоқ
Шешуі : Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған :
«5»-тік бағасының жиілігі 6-ға тең,
«4»-тік бағасының жиілігі 3-ке тең,
«3»-тік бағасының жиілігі 1-ге тең.
Жиілігі ең көп баға «5»-тік баға. Демек, оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған бағаларының модасы «5»-тік баға.
Достарыңызбен бөлісу: |