Жауабы : Д) «5»
2-МЫСАЛ. Оқушының тарих пәнінен алған бағалары : «3», «4», «5». Оқушының осы алған бағаларының модасын табыңыз.
А ) «4» В) «2», «3» С) «3» Д) «5» E) модасы жоқ
Шешуі :
«5»-тік бағасының жиілігі 1-ге тең,
«4»-тік бағасының жиілігі 1-ге тең,
«3»-тік бағасының жиілігі 1-ге тең.
Жиілігі ең көп баға жоқ. Демек, мұндай жағдайда оқушының алған бағаларының модасы жоқ.
Жауабы : E) модасы жоқ
3-МЫСАЛ. Оқушының география пәнінен алған бағалары: «5», «4», «3», «3», «4», «3», «4», «5». Оқушының осы алған бағаларының модасын табыңыз.
А ) «4» В) «3», «4» С) «3» Д) «5» E) модасы жоқ
Шешуі : Оқушының тоқсан ішіндегі математикадан алған :
«5»-тік бағасының жиілігі 2-ге тең,
«4»-тік бағасының жиілігі 3-ке тең,
«3»-тік бағасының жиілігі 3-ке тең.
Жиілігі ең көп бағалар «3», «4»-тік баға. Демек, оқушының географиядан алған бағаларының модасы «3», «4»-тік баға.
Достарыңызбен бөлісу: |