Ботакөз Лесбекқызы мен Мадина Тулкунқызы Сандар тізбегі



бет46/99
Дата27.04.2022
өлшемі4,61 Mb.
#32481
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99
Байланысты:
Математикалық сауаттылыққа тест тапсырмалары

13. Қапта 48 кг қант бар. Тосапқа барлық қанттың 5/12 -і жұмсалды. Қапта неше килограмм қант қалды?

A) 8 кг B) 12 кг C) 20 кг D)24 кг Е) 28 кг



14. Себеттегі жұмыртқаның әуелі жартысын, одан кейін қалғанының жартысын, одан кейін қалғанының жартысын, ақыр соңында қалғанының жартысын алды. Егер себетте 10 жұмыртқа қалған болса, бастапқыда қанша жұмыртқа болған?

A) 160 B) 120 C) 210 D) 190 Е) 110



15. Сыныптағы 28 оқушының 4/7- і қыздар. Сыныпта неше қыз бар?

A) 10 B) 12 C) 16 D) 18 Е) 20



16. Хорға қатысқан ұлдардың ширегі, қыздардың 1/3 -і өлеңді айқайлап айтты, қалғандары ауыздарын жыбырлатып тұрды. Өлеңді айқайлап айтқан қыздар мен ұлдар саны 6. Өлеңді айқайлап айтқан қыздардың өлеңді айқайлап айтқан ұлдардан екеуі артық. Хорға неше қыз, неше ұл қатысты?

A) 12 қыз, 8 ұл B) 11 қыз, 10 ұл C) 15 қыз, 9 ұл D) 16 қыз, 11 ұл Е) 14 қыз, 7 ұл



17. Кәсіпорын өз өнімдерінің 3/4 -ін экспортқа жіберді, ал 1/5 -ін жұмысшыларына таратты. Кәсіпорын қоймасында өнімнің қанша пайызы қалды?

A) 80% B) 20% С) 25% D) 75% Е) 5%



18. Қораптан бірінші ретте 8 кәмпит, екінші рет қалғанының 1/4 -і алынды. Соңында қорапта барлық кәмпиттің 2/3 -і бөлігі қалды. Қорапта қанша кәмпит қалды?

A) 40 кәмпит B) 48 кәмпит C) 44 кәмпит D)35кәмпит Е) 24 кәмпит



19. Бөшкенің бестен бірі суға толып тұр. Осы судың жартысы қолданылғаннан кейін бөшкеге 16 л су құйса бөшкенің жартысы толады. Сонда бөшке канша литрлік?

A) 40 B) 36 С) 32 D) 28 Е) 24



20. Су мұз күйге айналғанда өзінің көлемінің 1/7 - дей ұлғайса, мұз су күйге айналғанда көлемінің қандай бөлігін жоғалтады?

A) B) С) D) Е) 1



21. Мұз су күйге айналғанда көлемінің 1/7 бөлігін жоғалтса, су мұз күйге айналғанда өзінің көлемінің қандай бөлігіне ұлғаяды?

A) 1/7 B) 1/6 С) 1/8 D) 2/7 Е) 5/1



22. Массасы 30 кг коспада 5/6 -і никель және бірдей мөлшерде әр түрлі бес метал бар. Олардың ішінде темір де бар. Қоспаның құрамында қанша темір бар?

A) 800г B) 1200 г C) 5 кг D) 1000 г Е) 2 кг



23. Динара үш ойыншық сатып алды. Бірінші ойыншыққа өзінде бар ақшаның жартысын және 100 тг төледі. Екінші ойыншыққа қалғанының жартысын және 200 тг төледі. Үшінші ойыншыққа қалғанының жартысын және 300 тг төледі. Сонымен ақшасы таусылды. Динарада бастапқыда қанша теңге балған?

A) 3600 тг B) 4500 тг С) 3400 тг D) 6500 т Е) 10000 тг



24. Мұғалім жаңадан келген оқушыдан былай сұрады: «Сен өз сыныбыңда неше оқушы болатынын айта аласың ба? Егер оқушылардың санына тағы сондай сан қосып, сол санның екіден бесіндей сан қосып, сол санның жартысын қосып, соның төрттен бірін және сені қосқанда 127 оқушы болатыны белгілі болса» деді. Сыныпта қанша оқушы бар?

A) 30 B) 35 C) 36 D) 40 Е) 24



25. Ұшып келе жатқан қарғалар теректерге қонды. Қарғалардың жартысы бірінші терекке, қапғанының жартысы екінші терекке, одан қалғанының жартысы үшінші терекке қонды. Төртінші терекке қалған 2 қарға қонды. Төрт терекке барлығы неше қарға қонды?

A)12 B) 16 C) 18 D) 24 Е) 32



26. Үстел үстінде бір қорап кәмпит жатыр. Саян кәмпиттің жартысын алды. Ал қалған кәмпиттердің жартысын кәусар алды. Арай қалған кәмпиттердің жартысын алды, сол кезде қорапта 3 кәмпит қалды. Қорапта басында қанша, кәмпит болғанын табыңыз.

A) 24 B) 30 C) 18 D) 60 Е) 32



27. Бір ит тамақтың сегізден бір бөлігін жеген кезде, оның жеген тамағы қалған тамақтан 480 грамм кем болды. Алғашында тамақ қанша грамм болады?

A) 800 B) 640 С) 480 D) 770 Е) 880



28. Кәсіпкер түскен пайдасының бестен үшін қарызына төледі, жиырмадан үш бөлігін жаратты. Сонда қолында пайданың неше пайызы қалды?

A) 30% B) 25% C) 20% D) 15% Е) 12,5 %



29. Құлыпталған 10 шабадан және олардын 10 кілті бар. Қай кілт қай шабадандікі cекені белгісіз. Шабадандарға сәйкес кілттерді іріктеу үшін көп дегенде неше рет тексеру керек?

A) 43 B) 45 C)50 D)55 Е) 58



30. Сөмкеде 1 - ден 17 -ге дейін нөмірленген 17 шар жатыр. Арасында екі шардың нөмірлерінің қосындысы 18 -ге тең болатындай сөмкеден қарамай ең кем дегенде неше шар алу керек?

A) 7 B) 8 C) 10 D)11 Е) 12



31. Цифрлар жазылған бес кеспе үстел үстінде мына ретпен жатыр: 9, 5, 8, 7, 6. Бір жүрісте кез келген екі кеспенің орнын ауыстыруға болады. Ең кем дегенде қанша жүріспен мына кеспелерді 5, 6, 7, 8, 9 ретіне келтіруге болады?

A) 4 B) 2 C) 1 D)3 Е) 5



32. Бөлменің әр бұрышында бір мысықтан, ал бір мысыққа үш мысықтан карама -карсы отырғаны белгілі. Бөлмеде барлығы неше мысық бар?

A) 3 B) 4 C) 5 D) 7 Е) 9



33. Бір отбасы қараңғы түнде көпірден өтпекші болды. Көпірден әкесі 1 минутта, шешесі 2 минутта, ұлы 5 минутта, ал атасы 10 минутта өтеді. Көпір екіден артык адамды көтермейтіндігі және оларда бір ғана жарық шам бар екендігі белгілі. Бұл отбасы көпірден ең аз дегенде неше минутта өте алады?

A) 19 B) 21 C) 17 D) 16 Е) 18



34. Гандбол ойынында төрт ойыншы әр түрлі гол салды. Олардың ішінде Марат ең аз гол салды. Ал қалған үшеуі 20 гол салған болса, Марат ең көп дегенде неше гол салуы мүмкін?

А) 2 B) 3 C) 4 D) 5 Е) 6





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет