44. Егер сағат тілі әр күн сайын 3 минутқа қалып отырса, қанша күннен кейін сағат дұрыс уақытты көрсетеді?
A) 100 B) 120 C) 60 D) 240 Е) 360
45. Үш сейсенбі күні бір айдың тақ күндеріне сәйкес келсе, сол айдың 21 - і аптаның қай күні болады?
A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Жұма Е) Сенбі
46. Сәуір айында 5 сенбі және 5 жексенбі бар екені белгілі болса, 1 сәуір аптаның қай күніне сәйкес келеді?
A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Жұма Е) Сенбі
47. Осы жылы Қанаттың туған күні қандай да бір аптаның Сейсенбі күніне келіп тұр. Ал Мараттың туған күні Қанаттың туған күнінен кейін 52 -ші күн болса, Мараттың туған күні аптаның қай күніне сәйкес келетінін анықтаңыз.
A) Сейсенбі B) Сәрсенбі C) Бейсенбі D) Дүйсенбі Е)Жұма
48. Қарауыл 3 күн істеп төртінші күні демалады . Ол жексенбі демалып , дүйсенбі де жұмысын бастайды . Оның демалысы қанша күнде бір жексенбіге сәйкес келеді ?
A) 21 B) 25 C) 28 D) 30 Е) 35
Достарыңызбен бөлісу: |