Бояуы: Гематоксилин-эозин


- ақ қабық; 2- түтікшенің меншікті қабығы; 3- сперматогенді эпителий қабаты; 4- интерстиций



бет2/2
Дата13.12.2022
өлшемі10,79 Mb.
#56842
1   2
1- ақ қабық; 2- түтікшенің меншікті қабығы; 3- сперматогенді эпителий қабаты; 4- интерстиций


Атауы: Адамның бауыры.
Бояуы: Гематоксилин-эозин
Бояуының түсіндірілуі: Гистологиялық бояғыш заттектер екі түріне бөлінеді: 1) қышқылды; 2) негізгі. Қышқыл (оксифильді) бояғышқа эозин жатады. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Негізгі (базофильді) бояғышқа гематоксилин жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске бояйды.
Құрылысының ерекшеліктері: 1 –бөлікше: а –орталық вена, б –бауыр трабекулалары (балкалар), в – бөлікшеішілік синусоидті капиллярлар, 2 – бауыр триадасы: а –бөлікшеаралық артерия, б –бөлікшеаралық вена, в – бөлікшеаралық өт түтігі. Бауыр паренхиматозды ағза. Оның стромасы: а) көк етпен тұтасып кеткен дәнекертінді капсуладан ( Глиссон капсуласы), және б)ағзаны бөлікшелерге ажырататын БТДТ қабаттарынан тұрады. Бөлікшелер – бауырдың құрылымқызметтілік бірліктері. Бөлікшелердің ішінде строма гемокапиллярлар және бауыр балкаларының аралығында орналасқан ретикулярлы талшықтардан түзілген. Бауырдың паренхимсы бөлікшені қалыптастыратын гепатоциттерден түзіледі. Бауыр балкалары бір-бірімен десмосома арқылы байланысқан гепатоциттерден тұрады. Бауыр балкаларында гепатоциттер екі қатар түзіп орналасады.Гепатоциттер қатарларының аралығында, балкалардың ішінде өт өзекшелері орналасады, ал бауыр балкалардың аралығында синусоидті қан капиллярлар өтеді.
Орналасуы: дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астында
Қызметі: Жинақтау – гликогенді, майда еритын витаминдерді (А,Д,Е,К) жинақтайды. Барлық заттардың (нәруыз, майлар, соның ішінде холестеринде бар, көмірсулар, минералды заттар және т.б.) алмасуына қатысады. Дезинтоксикациялық функция. Бұл кезде уларды ыдыратады, гормондардың белсенділігін тежейді, биогенді аминдерді, дәрілік заттарды т.б. бейтараптындырады. Қан нәруыздарын - фибриногенді, протромбинді, альбуминдерді өндіреді. Секреторлы функция –өтті бөледі. Қанөндіру функция. Бауыр эмбриогенезде қанөндіру процессіне қатысады. Эндокринді функция. Бауыр нәруыздарды және тағы басқа заттарды синтездеп қанға өткізіп отырады. Тосқауыл -қорғаныштық функцияны атқарады.

Аты:Қуық.
Бояуы:гематоксилин-эозин
Құрылысы:1-қуықтың кілегейлі қабығының ауыспалы эпителийі; 2-кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 3 кілегей асты негізі; 4-бұлшықетті қабығы: а-ішкі бойлық; б-ортаңғы сақинаша; в- сыртқы бойлық қабаттар; 5-жүйке түйіні; 6-сірлі қабық.Препаратта қуық бейнеленген.Жалпы қуықтың кілегейлі қабығы ауыспалы эпителий мен меншікті пластинкадан тұрады. Қуықтың мөлшерінің созылып немесе қысылып жатуы осы кілегейлі қатпарға байланысты.Осы меншікті пластинкада майда капиллярлар торы жақсы дамыған.Қуық қабырғасы көптеген қан және лимфа тамырларына бай болады. Қуықтың қабырғасы үш қабықтан:ішкі — кілегейлі қабықтан;ортаңғы — етті қабықтан және сыртқы — сірлі қабықтан (адвентициядан) құралған.
Функциясы: бүйректе түзілген зәр несепағар арқылы ағып келіп, уақытша жиналу.
Орналасуы: Қуық негізінен дененің жамбас қуысында орналасады. Зәрге толған кезде ғана құрсақ қуысына қарай шығады. Ол қуық төбесінен, қуық денесінен және жіңішкерген қуық мойынынан тұрады.
6666666

Атауы: Аталық без қосалқысы
Сперматозоидтардың жетілуіне, жиналуына және жылжуына қызмет ететін ерлердің ұрпақты болу жүйесінің жұптасқан органы. Бұл сперматозоидты өткізуге арналған ұзын тар канал, ол бірнеше рет ықшам ұзартылған түзілімге айналады. Ол ұмада, ұрықтың артында және үстінде орналасқан, оған тікелей жақын орналасқан
Орналасуы: ұмада орналасатын жүп мүше
Функциясы:шәуеттің жетілуіне, жинақталуына және жылжуына қызмет етеді.
Бояуы: гемотоксилин – эозин. Ең көп тараған бояу әдісі. Негізгі және қышқыл бояғыштарды біріктіреді. Сондықтан ол барлық дерлік жасушаларды және көптеген жасушасыз құрылымдарды анықтауға мүмкіндік береді.
а) ядролар көк-күлгін түске ие болады, б) цитоплазма - сарғыш -қызғылт түсті.
1- Безқосалқысыныңөзегі
2- Безқосалқысыныңшығарушыканалдары
3- Дәнекер талшықты тін қантамырларымен бірге

1) Атауы:Əйел адамның сүт бөлмейтін кезіндегі сүт безі. лактациясыз
2) Бояуы:Гематоксилин-эозин х140.
3) Бояу ерекшелігі: Ең көп тараған бояу əдісі. Негізгі жəне қышқыл бояғыштарды біріктіреді. Сондықтан ол барлық дерлік жасушаларды жəне көптеген жасушасыз құрылымдарды анықтауға мүмкіндік береді. а) ядролар көк-күлгін түске ие болады,
б)цитоплазма-сарғыш -қызғылт түсті.
4) Құрылым ерекшелігі: 1-бездің бөлікшесі; 2-секреторлық бөлімдері; 3-бөлікше аралық дəнекер тінді перделер; 4- бөлікшеаралық сүт өзегі; 5- май жасушалары; 6-қан тамыры
Нəрестенің сүтпен қоректенуі тоқталысымен, бездің инволюциясы басталады. Бірақ без құрамындағы сүт өзектер мен альвеолалары өз қалпын сақтайды.
5) Қызметі:сүт синтезі.
6) Орналасуы: кеуденің алдыңғы бөлігінде 3-4 қабырғалар арасында орналасады
777777777

Тіл. Тілдің жіптәрізді бүртіктері.
1.жіптәрізді емізікше
а)көпқабатты жалпақ эпителий б) шырышты қабаттың өзіндік пластинкасы
3.тілдің бұлшықеттер


888888888

Атауы : Тістің дамуы Құрылыс ерекшелігі :
1Ауыз қуысының шырышты қабықшасының эпителийі 2- Эмальді тәж
3-Сырқы эмальді эпителий
4- Эмальді ағзаның пульпасы
5-Ішкі эмальді эпителий
6- Тіс емізікшесі Қалташасыы 7-Сүйіек трабекулалары
Толық түсінік : Тістер – шайнау аппаратының бір бөлімі болып табылады және минералданған қаңқа тіндерінен тұрады . Адамдарда тіс екі генерациялы болып келеді : түсетін сүт тістер , кейін орнын басатын тұрақты тістер
Дамуы : Тіс дамуының екі көзі бар :
Ауыз қуысының эпителиі – эмаль мен оның кутикуласы дамиды • Мезенхима- дентин , пульпа , цемент дамиды.
Тіс дамуының 3 кезеңі бар :
1. Тіс бастамаларының түзілуі және жекеленуі 2. Тіс бастамаларының түрленуі

3. Тіс тінінің гистогенезі


Орналасуы:Гиалинді шеміршек буын және қабырға шеміршектерін, сондай -ақ мұрын, көмей, ұзын сүйектердің эпифизі, трахея және бронх шеміршектерінің шеміршектерін құрайды.
Функциясы : ол түйісетін буын беттерін реттеуді, амортизацияны қамтамасыз етеді, артикуляциялық буын беттерінің үйкелісін азайтады. Шеміршектің қалыңдығы ондағы функционалды жүктемеге байланысты және әр түрлі буындарда 1 -ден 7 мм -ге дейін өзгереді.

Атауы: Бауырдың жұлдызша эндотелиалды жасушаларында бояудың жиналуы.
Бояуы: Метилен көктің инъекциясы. Ядролар сафранинмен боялған.
Құрылысының ерекшеліктері: 1-гепатоциттер, 2 – бөлікшеішілік қанкапиллярлары, 3 – цитоплазмасында метилен көк бояуы бар жұлдызша эндотелиалды жас-р, 4 –орталық вена.
Бауыр паренхиматозды ағза. Оның стромасы: а) көк етпен тұтасып кеткен дәнекертінді капсуладан ( Глиссон капсуласы), және б)ағзаны бөлікшелерге ажырататын БТДТ қабаттарынан тұрады. Бөлікшелер – бауырдың құрылым- қызметтілік бірліктері. Бөлікшелердің ішінде строма гемокапиллярлар және бауыр балкаларының аралығында орналасқан ретикулярлы талшықтардан түзілген. Бауырдың паренхимсы бөлікшені қалыптастыратын гепатоциттерден түзіледі. Бауыр балкалары бір-бірімен десмосома арқылы байланысқан гепатоциттерден тұрады. Бауыр балкаларында гепатоциттер екі қатар түзіп орналасады.Гепатоциттер қатарларының аралығында, балкалардың ішінде өт өзекшелері орналасады, ал бауыр балкалардың аралығында синусоидті қан капиллярлар өтеді.
Орналасуы: іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігінде
Қызметі: Жинақтау – гликогенді, майда еритын витаминдерді (А,Д,Е,К) жинақтайды. Барлық заттардың (нәруыз, майлар, соның ішінде холестеринде бар, көмірсулар, минералды заттар және т.б.) алмасуына қатысады. Дезинтоксикациялық функция. Бұл кезде уларды ыдыратады, гормондардың белсенділігін тежейді, биогенді аминдерді, дәрілік заттарды т.б. бейтараптындырады. Қан нәруыздарын - фибриногенді, протромбинді, альбуминдерді өндіреді. Секреторлы функция –өтті бөледі. Қанөндіру функция. Бауыр эмбриогенезде қанөндіру процессіне қатысады. Эндокринді функция. Бауыр нәруыздарды және тағы басқа заттарды синтездеп қанға өткізіп отырады. Тосқауыл -қорғаныштық функцияны атқарады.
99999999

1) Атауы: Аналық жыныс безі.
2) Бояуы: Гематоксилин-эозин х200.
3) Бояу ерекшелігі: Ең көп тараған бояу
əдісі. Негізгі жəне қышқыл бояғыштарды біріктіреді. Сондықтан ол барлық дерлік жасушаларды жəне көптеген жасушасыз құрылымдарды анықтауға мүмкіндік береді. а) ядролар көк-күлгін түске ие болады,
б)цитоплазма-сарғыш -қызғылт түсті.
4) Құрылым ерекшелігі:

Аналық жыныс бездері-паренхиматозды аймақтық мүше. Сырты тығыз талшықты дəнекер тіннен тұратын, ақ қабықпен қоршалған. Аналық бездің паренхимасы əртүрлə даму сатыларындағы фолликулдар мен сары денелерден тұрады. Аналық бездің құрамында шеткі қыртысты жəне ортаңғы боз заты болады. Қыртысты затында: примордиальді, біріншілік, екіншілік, үшіншілік(көпіршікті) жəне атретикалық фолликулдарымен сары жəне ақ денелер орналасады. Бездің боз заты қан тамырлары, нерв талшықтарына бай, борпылдақ талшықты дəнекер тіннен тұрады.
5) Қызметі: генеративті-аналық жыныс жасушаларын қалыптастырады,эндокриндік- жыныс гормондарын синтездейді.
6) Орналасуы: аналық жыныс жүйесінде.




Атауы: Шошқаның бауыры. Триада Бояуы: пикрофуксин Бояудың түсіндірілуі: Пикрофуксинмен серпімді талшықтар сары түске, ал коллаген талшықтары – қызыл түске боялады. Жасуша ядролары гематоксилинмен күлгін-көк түске боялады. Құрылысының ерекшеліктері: 1−бөлікшеаралық өттүтігі; 2 −бөлікшеаралық артерия; 3 −бөлікшеаралық вена; 4 − бөлікшеаралық дәнекер тін; 5 − бауырдың паренхимасы Бауыр паренхиматозды ағза. Оның стромасы: а) көк етпен тұтасып кеткен дәнекертінді капсуладан ( Глиссон капсуласы), және б)ағзаны бөлікшелерге ажырататын БТДТ қабаттарынан тұрады. Бөлікшелер – бауырдың құрылымқызметтілік бірліктері. Бөлікшелердің ішінде строма гемокапиллярлар және бауыр балкаларының аралығында орналасқан ретикулярлы талшықтардан түзілген. Бауырдың паренхимсы бөлікшені қалыптастыратын гепатоциттерден түзіледі. Бауыр балкалары бір-бірімен десмосома арқылы байланысқан гепатоциттерден тұрады. Бауыр балкаларында гепатоциттер екі қатар түзіп орналасады.Гепатоциттер қатарларының аралығында, балкалардың ішінде өт өзекшелері орналасады, ал бауыр балкалардың аралығында синусоидті қан капиллярлар өтеді. Орналасуы: дененің құрсақ бөлігіндегі оң жақ қабырғалардың астында Қызметі: Жинақтау – гликогенді, майда еритын витаминдерді (А,Д,Е,К) жинақтайды. Барлық заттардың (нәруыз, майлар, соның ішінде холестеринде бар, көмірсулар, минералды заттар және т.б.) алмасуына қатысады. Дезинтоксикациялық функция. Бұл кезде уларды ыдыратады, гормондардың белсенділігін тежейді, биогенді аминдерді, дәрілік заттарды т.б. бейтараптындырады. Қан нәруыздарын - фибриногенді, протромбинді, альбуминдерді өндіреді. Секреторлы функция –өтті бөледі. Қанөндіру функция. Бауыр эмбриогенезде қанөндіру процессіне қатысады. Эндокринді функция. Бауыр нәруыздарды және тағы басқа заттарды синтездеп қанға өткізіп отырады. Тосқауыл -қорғаныштық функцияны атқарады.



Атауы: Өңештің асқазанға кіреберісі Бояуы: гематоксилин-эозин Бояуының түсіндірілуі: Гистологиялық бояғыш заттектер екі түріне бөлінеді: 1) қышқылды; 2) негізгі. Қышқыл (оксифильді) бояғышқа эозин жатады. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Негізгі (базофильді) бояғышқа гематоксилин жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске бояйды Құрылысы: 1-көпқабатты жалпаө эпителий, 2-шырышты қабықшаның меншікті пластинкасы, 3-шырышты қабықшаның бұлшықетті пластинкасы, 4-шырышасты негіз, 5- өңештің бездері, 6-бұлшықетті қабықша,7- адвентиция қабықшасы. Өңештің эпителийі алдыңғы ішектің энтодермасында орналасқан прехордальді табақшадан түзіледі. Қалған қабаттары оны қоршап жатқан мезенхимадан бастау алады. Жалпы өңеш 4 қабаттан тұрады: шырышты қабықша, шырышасты негіз, бұлшықет қабықша, адвентициалды қабықшадан тұрады. Өңештің шырышты қабықшасы эпителий пластинкасы, меншікті пластинкасы және бұлшықет пластинкасынан тұрады. Шырышты қабықшаның эпителийі – көпқабатты жалпақ мүйізделмеген. Шырышты қабықшаның меншікті пластинкасы эпителиге кірігіп орналасқан дәнекер тінді емізікшелерді түзеді. Онда шырышты без өзектерінің айналасында лимфоциттердің үлкен шоғыры орналасады. Меншікті пластинкада өңештің кардиальді бездері орналасады. Шырышты қабықшаның бұлшықет пластинкасы эластин талшықтарының торларына оралған тегіс бұлшықет жасушаларының шоғырынан тұрады. Шырышты және шырышасты қабықтарынан өңештің куысына 7-10 шақты қатпарларды түзіп, тағамды қозғалтып, жылжытуға қатысады. Шырышасты негізінде өңештің бездері орналасқан. Олар күрделі, тармақталған альвеолярлы-түтікшелі болып келеді және таза шырышты секрет бөледі. Бұлшықетті қабығы екі қабаттан тұрады. Өңештiн үштен бір жоғарғы мойын бөлiгiнде көлденең жолақты бұлшық ет тіні. Төменгі бөлігінде-тегіс салалы бұлшықет тінінің миоциттері, ал ортанғы бөлігінде бұлшықет тiнiнiң екі түрі де кездеседі. Өңештің асқазанға кіреберiсiнде сфинктерi (қысқышы) болады. Өңештің сыртын адвентиция коршайды. Орналасуы: асқазанның кіреберісінде орналасады Функциясы:Өңеш - қуыс бұлшықет түтігі, ол арқылы жұтқыншақтан тамақ асқазанға түседі. Өңештің мотор функциясы жұтылған тамақтың асқазанға тез қозғалуын қамтамасыз етеді.


Атауы: Ұйқыбез. Бояуы: Гематоксилин-эозин Бояуының түсіндірілуі: Гистологиялық бояғыш заттектер екі түріне бөлінеді: 1) қышқылды; 2) негізгі. Қышқыл (оксифильді) бояғышқа эозин жатады. Ол жасуша цитоплазмасын қызғылт түске бояйды. Негізгі (базофильді) бояғышқа гематоксилин жатады. Ол жасуша ядросын күлгін түске бояйды. Құрылысының ерекшеліктері: 1−бөлікшеаралық қантамырлар; 2 −ұйқыбез аралшығы; 3 −ацинустар; 4 −шығару түтігі; 5- бөлікшеаралық дәнекер тін. Ұйқы безі паренхиматозды, бөлшектенген мүше. Стромасы: висцеральді іш пердесімен бірігіп кеткен капсуладан және капсуладан тараған трабекулалардан тұрады. Бездің капсуласы мен трабекуласы БТКДТ-нен түзілген. Трабекулалары безді бөліктерге бөледі. Бездің паренхимасы — ацинустардан, секреторлы өзектер мен Лангенгарс аралшықтарынан түзіледі. Экзокринді бөлігі: күрделі альвеолярлы-түтікшелі, белокты. Экзокринді бөлімінің құрылым-қызметтілік бірлігіне ацинус жатады. Ол 8-12 экзокринді панкреатоциттерден және центроацинозды жасушалардан тұрады. Ұйқыбездің эндокринді бөлігі ұйқыбезаралшықтарымен, немесе Лангерганс аралшықтарымен ұсынылған. Аралышықтар ацинустардың аралығында орналасады.Олардың пішіндері дөнгеленген, немесе сопақша болып келеді. Орналасуы: құрсақ қуысының сол жағында асқазанның астына таман орналасады. Қызметі: Экзокринді қызметі. Құрамында аскорыту ферменттері бар, панкреатитті синтездеп, 12 елі ішекке бөледi, белоктарды, күрделі көмірсуларды, күрделi кантты карапайым түрлерiне, глицерин мен май кышкылдарына, нуклеазаларды нуклеопротеидтерге дейін ыдыратады. Эндокринді қызметі. Бірқатар гормондарды қанға бөледі. Инсулин - кандағы қанттың мөлшерін азайтады, глюкоген - кандағы кантты көбейтеді, соматостатин аскорыту мүшелерiнiн секрет бөлуін және жасушаларының бөлінуін тежейді, вазоинтестициальді полипептидтер (ВИП) артериалды қысымды төмендетіп, ұйқы безінің экзокринді қызметін күшейтеді, панкреатитті полипептидтер - керісінше, ұйқы безінің қызметін тежейді.


Жақасты сілекей безі.
Гематоксилин-эозин 630
1-серозды секреторлы бөлімі.
2-аралас секреторлы бөлім.
3-сызықты өзек.

Тістің дамуы.


Гематоксилин-эозин
1-ауыз қуысы кілегейлі қабығының эпителийі
2-тіс табақшасы
Пульпа мен эмальді мүшенің сыртқы жасушаларының қалдығы
4-адамантобласттар
5-эмаль
6-одонтобласттар
7-дентин
8-тіс ұлпасы
9-сүйек тіні


Сары дене
Гематоксилин-эозин
1-лютеоциттер. 2-дәнекер тіні, 3-қан тамыры.

Атауы :тіласты сілекей безі Бояуы :гематоксилин-эозин х100 Бояу әдісі . Негізгі және қышқыл бояғыштарды біріктіреді .Сондықтан ол барлық дерлік жасушаларды және көптеген жасушасыз құрылымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Құрылысы:ауыз қуысына сілекей бөлетін ас қорыту безі 1-кілегейлі секреторлы бөлімдер 2-бөлікше ішіндегі өзектер 3-бөлікше аралық өзек 4-бөлікше аралық кантамырлар. Орналасуы :тіластында

Тін / құрылым : Өңештің асқазанға кіреберісі ; Боялу әдісі : гематоксилин – эозин . х56 . 1 – өңештің шырықты қабықшасы а – көп қабатты жалпақ эпителий б – шырышты қабықшаның меншікті пластинкасы в – шырышты қабықшаның бұлшықет пластинкасы 2 – шырышасты негізі г – өңештің шырышты бездері 3 – өңештің бұлшықет қабықшасы 4 – өңештің адвентициальді қабықшасы 5 – асқазанның кардиальді бөлімінің шырышты қабықшасы 6 – шырышасты негізі 7 – асқазанның бұлшықет қабықшасы г – бұлшықетаралық нерв өрімдері ( Ауэрбах ) 8 – сірлі қабықша д – мезотелий е – сірлі қабықшаның меншікті пластинкасы Тіндер боялуының толық түсінігі : гематоксилин және эозинмен бояу медициналық диагностикада кеңінен қолданылатын гистологиядағы ең көп таралған бояу әдісі . Бояу базофильді жасуша құрылымдарын ашық көк түспен бояйтын гематоксилиннің негізгі бояғышын және эозин алкогольді қышқыл бояғышын , жасушаның эозинофильді құрылымдарын қызыл – қызғылт түспен бояйды . Құрылыс ерекшеліктері : Жұтқыншақ 5-6 – шы омыртқа деңгейінде ересек адамда ұзындығы 25 см болатын бұлшқетті түтік , яғни өңешке айналады . Өңеш саңылауы шырышты қабықпен жабылған . Оның астында жақсы жетілген шырышты қабат орналасқан . Бұл шырышты қабықтың ұзына бойына да , көлденең бағытта да оңай орын ауыстыруына мүмкіндік береді . Шырышты қабық қатпаршақтарға жиналады , осыған орай өңеш cңылауы әр бөлігінде , әртүрлі көрінеді . Өңештің бастапқы бөлігінде өңеш аузы бар , ол жабық күйде тұрады , тек жұту қимылы кезінде , шырыш немесе тағам өткен сәтте , бұлшықет жұмысы әсерінен ғана ашылады . Өңештің қабырғалары бұлшықеттерден құралған . Оның жоғарғы 1/3 бөлігі көлденең жолақты талшықтар түрінде болса , ал ортаңғыда – көлденең жолақты және бірыңғай салалы талшықтар , төменгі 1/3 бөлігінде – тек бірыңғай салалы бұлшықет болады . Бұл өңеш қабырғаларының жиырылу сипатын анықтайды . Жоғарғы бөлікке өңеш саңылауына ас түйінін өткізіп жіберу үшін қатты , қысып жиырылу , төмен жатқан бөліктерде тағамның төмен түсу қимылына сай толқынды жиырылу болады . Функциялары : Өңештің негізгі функциясы тамақты асқазанға белсенді өткізу болады. Орналасуы : 5-6 – шы омыртқа деңгейінде , ересек адамда ұзындығы 25 см болатын бұлшықетті түтік ретінде орналасады .

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет