3.3 Тетікбөлшектердің бұрандама арқылы қосылысы
Көп таралған бұрандалы қосылыстарға: бұрандамалар, сомын, бұрамасұқпа, шұрып, құбырлардың бөлшектері жатады.
Бұрандама деп аяқ жағына бұранда ойылған, қалпақшалы сырықты айтады (сурет 36). Машина жасауда бұрандама кең қолданылады, көбінесе алты қырлы қалпақшалы сомынды. Бұрандама, диаметріне қатысты өлшемдерінің шартты байланысы бойынша сызылады. Бұрандаманың L ұзындығы – жұмыс ұзындық. Ол есептеулерден шығады және МЕСТ кестесінен анықталады.
Сурет 36
Алты қырлы қалпақшалы бұрандаманың шартты белгіленуіне мысал:
Бұрандама 2М12х60 МЕСТ 7798-70. Бұрандама қалыпты дәлдікпен берілген, орындалуы – 2, метрикалық бұранда, бұранда диаметрі 12 мм, бұрандама ұзындығы 60 мм.
Бұрамасұқпа – бекіту бұйымы, екі жақ ұшында бұрандалары бар цилиндрлік сырық (37-ші суретте). Бұрамасұқпаның бір жақ ұшы b1 бөлшектің тесігіне бұрап кіргізіледі де, екінші ұшына b сомын бұрап кигізіледі. b өлшемі МЕСТ-дан алынады. Бұрамасұқпаның b1 ұшының ұзындығы, оның бұрап енгізілетін бөлшек материалына байланысты.
Жаттығу сызуларында бұрамасұқпаны белгілеу, оның диаметрін, бұрамасұқпаның жұмыс ұзындығын және МЕСТ реттік санын көрсетумен шектеледі. Мысалы: Бұрамасұқпа М20х100 МЕСТ 22032-76.
Сурет 37
Бұрамасұқпаны машина жасауда кең қолданады. Оны бөлшектер қосылуы бұрандама арқылы мүмкін болмаған жағдайда қолданады. Мысалы, қосылатын бөлшектердің бірінің қалыңдығы едәуір үлкен болғанда.
Бұрамасұқпа арқылы қосылыс: бұрамасұқпадан, сомыннан, шығырықтан және қосылатын бөлшектерден тұрады.
Бұрамасұқпамен қосылған бөлшектер қосылысын, бөлшектердің бірін құрылғылық ерекшеліктеріне байланысты тесіп өтетін саңылау жасауға болмайтын жағдайда қолданады. Анықтаушы параметрі бұрамасұқпа бұрандасының номинал диаметрі болып табылады.
Сомын – тесік жасалған бұрандалы бұйым. Ол бұрандама сырығына, шұрыпқа, Бұрамасұқпаға басқа да бұрандалы бөлшектерге бұрандалады. Қолдануына және жұмыс жағдайына байланысты бұрандама алты қырлы (көп таралған түрі), шаршылы, дөңгелек, құлақты, тәжді, қалпақшалы деп бөледі. Сомын өлшемдерін бұранда диаметрімен анықтайды (37-ші суретте).
Сурет 37
Алты қырлы сомынның шартты белгіленулеріне мысал:
Қалыпты дәлдіктегі сомынның орындалуы-1, метрикалық бұранда, бұранда диаметрі 12 мм. Сомын М12 МЕСТ 5915-70
Егер қалыпты дәлдіктегі сомынның орындалуы-2, метрикалық бұранда, бұранда диаметрі 12 мм болса. Сомын 2.М12 МЕСТ 5915-70.
Шығырық – бүтін немесе дөңгелек тесігі бар қиық пластина. Оны бұрандабекіткіш немесе бұрандаманың қалпақшасының астына орналастырады. Шығырықты бекітілген бөлшектердің бетін талқандаудан сақтау немесе бекіту бөлшектерінің өздігінен бұрандалуына жол бермеу үшін қолданады. Шығырықтар дөңгелек, серіппелі т.б. түрлі болады.
Дөңгелек шығырық жүзсіз (орындалу-1) және жүзді (орындалу-2) болады (38-шы сурет). Серіппелі шығырық қиылған және екі ұшы екі жаққа қараған болат сақина болып табылады.
Шығырықтың шартты белгіленуіне мысал:
Шығырық 12 МЕСТ 11371-78 – орындалуы 1, диаметрі 12мм.
Сурет 38
Бұрандама арқылы қосылыс – аса көп тараған бөлшектер қосылысы. Мұндай қосылыс бұрандама, сомын, шығырық көмегі арқылы болады. Қосылатын бөлшектер бұрандама қалпақшасы мен астына шығырық салынған сомын арасында қысылады.
Бұйымды жөндеу, бөліктерін ауыстыру кезінде бөлшектер бүлінбей ажыратылады. Сондықтан мұндай қосылыстар ажыратылатын деп аталады. Диаметрлер өлшемдері кестеден нұсқа бойынша алынады. Бұрандамалы қосылыстың жеңілдетілген бейнесіне шартты байланыс өлшемдерін салу қажет. Ол бұрандабекіткіштің берілген диаметріне тәуелді. Бұрандама, сомын және шығырықты бойлық қимасында қиылмаған түрінде көрсетеді. Бұрандама қалпақшасы мен сомынның негізгі көріністе үш қыры көрініп тұратындай етіп салады (39-шы суретте).
Сурет 39
Достарыңызбен бөлісу: |