Бұрандалы қосылыстар


Бұрандалардың профильдері және олардың негізгі параметрлері



бет2/5
Дата18.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#118958
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 5 Бұрандалы қосылыстар

3.1 Бұрандалардың профильдері және олардың негізгі параметрлері

Метрикалық бұранда ұштары қиылған, бөлшектерінің ойыстары бар үшбұрышты кескін тәрізді бұранда. Метрикалық бұранда кескіні тең бүйірлі үшбұрыш болып табылады және бұранданың адымына тең. Үшбұрышты бұранданың анық кескінінің ұштары қиылған. Ол миллиметрмен өлшенеді. Метрикалық бұранда цилиндрлік және конустық болады.


Метрикалық бұранда ірі немесе ұсақ адыммен орындалуы мүмкін. Ірі адымды метрикалық ойма 0,25-тен 68мм аралығындағы диаметрлерде қолданылады, ал уақ адымды 1-ден 600мм-ге дейінгі диаметрлерде.
Ірі адымды бұранда жоғары беріктік қажет болғанда пайдаланылады. Ұсақ адымды бұранда жұмыс процессі кезінде дірілдеу, қозғалуы болмайтын бөлшектерде қолданылады. Уақ адымды бұранда өздігінен бұрандалуға төзімді және герметикалық болып келеді. Жұқа қабырғалы бөлшектерге уақ адымды бұранда жасау тиімді.
Құбырлық бұрандасы цилиндрлік және конус тәріздес бөлшектерде ойылады. Мұндай бұрандалар құбырларды жалғастыруға пайдаланылады.
Құбырлық бұрандасының кескіні, төбесі 55° бұрышпен берілген тең бүйірлі үшбұрыш болып келеді.
Егер қосылыстарға үлкен герметика талап етілмесе, онда оның ұштары жазық қиық болады, ал жоғарғы герметика керек болса, оларды жұмырлап қояды. Құбырлық бұранда дюйммен өлшенеді (бір дюйм жуық шамамен 25,4мм-ге тең). Бұл бұранда адыммен емес, бір дюймге келетін орам санымен сипатталады.
Трапециялық бұрандасының кескіні бүйір қабырғаларының арасы 30° бұрыш болатын тең бүірлі трапеция түрінде болады. Ол кинематикалық оймаларға жатады және жалқы жүрісті, көп жүрісті сол сияқты оң, сол бола алады. Бұл бұрандалар түрлі құрылғылардың жүріс бұрандаларында, штурвалда т.б. бұрандаларда қолданылады.
Тіреуішті бұранда кескіні тең бүйірлі емес трапеция болады. Оның бір бүйірі 3°-пен, екіншісі 30°-пен көлбейді. Бұл бұрандалар кинематикалық бұрандаларға жатады және көп күшпен бір бағытқа түсірілген Шұрыптың ілгерлемелі қозғалысы кезінде пайдаланылады. Мысалы: жоғарғы жүккөтергіш домкраттарда, көтергіш машиналардың жүк крандарында, қақтау стандарында, бұрандалы пресстерде т.б. қолданылады.
Тікбұрышты бұрандалар стандартты бұрандаларға жатпайды. Ол біркірісті, көпкірісті сондай-ақ оң, сол болады. Мұндай бұранда қол прессінің жүріс бұрандаларында, бұрандалы орындықтарда т.б. қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет