Бұрандалы қосылыстар


Бұрандалардың сызуларда бейнеленуі



бет3/5
Дата18.10.2023
өлшемі1,08 Mb.
#118958
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 5 Бұрандалы қосылыстар

3.2 Бұрандалардың сызуларда бейнеленуі

Бұранда сызуда пішіні мен кескініне тәуелсіз, шартты бейнеленеді. Сырықта бұранданы сыртқы диаметр (d) бойынша тұтас негізгі сызықпен, ішкі диаметр (d1) бойынша тұтас жіңішке сызықпен көрсетеді. Оны негізгі сызықтардан 0,8мм қашықтықта салады (35-ші суретте).



Сурет 35

Сырық өсіне перпендикуляр жазықтықтарға салынған кескінге бұранданың ішкі диаметрі бойынша тұтас жіңішке сызықпен доға салынады. Ол шеңбер ұзындығының жуық шамамен 3/4 бөлігімен сызылады және бұл сызық кез-келген жерде үзіледі. Сырық бейнесіндегі бұранда шекарасын, бұранданың сыртқы диаметріне дейінгі тұтас негізгі сызықпен көрсетеді. Сырықтағы бұранданың жіңішке сызығы, жүзінің сызығымен қиылысу керек.
Бұранданы сызуларда белгілеу, оның әр типін шартты әріпті белгілеуі болып табылады. Метрикалық бұранда М әрпімен, трапециялық – Tr, тіреуішті – З, құбырлы-цилиндрлік G әріптерімен белгіленеді. Метрикалық цилиндрлік ірі адымды бұранданы М әрпімен және номиналды диаметр өлшемімен (диаметр белгісі қойылмайды) белгілейді. Адымды бұранда М әрпімен және диаметр, адым өлшемдерімен белгіленеді. Сырықта бұранданы тұтас негізгі сызықпен, ал тесікте тұтас жіңішке сызықпен бейнелейді және екі жағдайда да үлкен диаметрмен беріледі.
Оң бұрандада қосымша белгілеулер жоқ, ал сол бұрандада шартты белгілерден кейін LH әріптері жазылады. Құбырлы-цилиндрлік бұранданы G әрпімен және бұранда өлшемімен (мысалы, G1/2) белгілейді. Сол бұранданы белгілеуде LH әріптерін қосады (мысалы, G1 ½ LH). Басқа бұрандалар түріне қарағанда құбыр бұранданың номинал өлшемі, оның сыртқы диаметрімен емес, құбырдың бұранда салынған диаметрімен сипатталады. Мысалы, құбырлы-цилиндрлік шұрып G1/2 белгілеуі тұрса, онда бұл өлшем =12,7мм құбыр тесігінің диаметріне байланысты. Шығару-сызығының нұсқамасы бұранданың тұтас негізгі сызығына тіреледі.

Кесте 6 – Стандарт бұрандалардың белгілегуі



Метрикалық бұранда МЕСТ 6042-83




Құбырлы-цилиндрлік бұранда МЕСТ 6042-83


Трапециялық бұранда СТ ЭКК 146-75


Тіреуішті бұранда МЕСТ 25096-82


Стандарт емес бұранданың белгіленуі

Тікбұрышты бұранда




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет